К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымының бір жағы болып табылатын таптық құрылымды, XX ғасырдағы екі антагонистік таптың өзара әрекетін (буржуазия мен пролетариат) зерттеді. Қоғамды дұшпандық таптарға бөлудің негізгі белгісі ретінде жеке меншікті таныды (меншік иесі, меншікке ие еместер). Макс Вебер де Карл Маркс сияқты меншіктік рөлін және капитализмдегі теңсіздікті талдады. Бірақ, оның пікірінше теңсіздік негізінде одан басқа белгілер де бар: байлық, бедел және билік. Бұл негізгілерден басқа ол этникалық және діни, лингвистикалық белгілерді де атайды. Р.Дарендорф, пен В.Парето анықтаушы белгі — билікті басты ұғым деп санады. Олар осыған байланысты қоғамды таптарға бөлудің марксистік бөлінісін билікке ие (басқарушы) және билікке ие емес (бағынушы) деп бөлумен алмастыруды ұсынады.
Әлеуметтік стратификация- қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Страта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: -касталар; -сословиелер; -таптар.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Соның нәтижесінде ол әлеуметтік стратияикация теориясына өз үлесін қосты. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін ашып көрсетті.бұл себептерге К. Маркс қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншіктің шығуын жатқызады. Сонымен қатар К. Маркс қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың болатынын атап көрсеткен. Негізгі таптар қоғамдағы өмір сүріп тұрған негізгі меншік қатынастарының түрінен туындайды. Сонда: құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның негізі таптары - құл иеленушілер мен құлдар; феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар; капиталистік қоғамда – буржуазия мен жұмысшы табы негізгі таптар болып есептеледі. Негізгі емес таптар өткен дуәірден қалған немесе жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық-экономикалық формацияның таптары.