Тарихи елес. Оның қалыптасу жолдары
Тарихи түсінік бұл – ғылыми білім жүйесінің өзегі. Оқыту барысында тарихи елестету мен тарихи түсінікті қалыптастыру бір мерзімде жүреді; түсінік елестету негізінде жасалады. Алайда, бұлардың өзара айырмашылығы да бар. Тарихи елес әр балада әртүрлі болып келеді, оның қалыптасуы балалардың мінезі мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес. Өйткені, баланың санасындағы бейнелердің қалыптасуына тек мектептегі сабақ қана емес, сондай-ақ, теледидар, кино, көркем әдебиет, көпшіліктік-ақпараттық құралдар мен интернет ықпал жасайды. Ал, тарихи түсінік барлық оқушыда бірдей деңгейде, анық қалыптасуы керек. Тарихи түсінікті игеру – көптеген тарихи фактілерді тұжырымдауға қажетті шарт.
Түсініктерді қалыптастыру үдерісіне тиімді жетекшілік жасау үшін, оның классификациясын білу керек. Түсініктер тарихи материалдың мазмұнына орай бөлінеді:
А) экономикалық - әртүрлі тарихи кезеңдердегі шаруашылық өмір мен еңбек құралдары, экономикалық үдерістер туралы;
Б) әлеуметтік-саяси – мемлекеттің әлеуметтік қатынастары мен саяси құрылысын көрсететін түсініктер (монархиялық, демократиялық, деспот, абсолютті монархия және т.с.с.);
В) тарихи-мәдени (қайта өрлеудің гуманистік мәдениеті, материалдық және рухани мәдениет т.б.);
Г) идеологиялық (діни, утопиялық социализм, коммунизм, фашизм т.б.).
Сондай-ақ, тақырып аясының кең немесе, тар екендігіне орай, классификацияның басқа түрі де болуы мүмкін:
жекелеген елдердің белгілі-бір кезеңдеріне ғана тән болып келетін жеке тарихи түсініктер (сфинкс, мушкет, смерд, хан, төре т.с.с.). Бұл тарихи түсініктерді оқушы 1-2 сабақ материалынан меңгере алады.
бір немесе бірнеше елдерге бір дәуір ішінде сипатты, тән болып келетін түсініктер (қарапайым өндірісі, буржуазиялық нарықтық қатынастар, феодализм және т.б.);
әлеуметтік түсініктер – бір немесе бірнеше тарихи дәуірге тән тарихи үдерістің жалпы байланыстары мен заңдылығын көрсетеді. Олар ең жоғарғы тұжырымдау түсініктері. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тарихтың барлық курстаныда ашылады. Бұл түсініктердің толық түрде қалыптасуы бітіруші сыныпта жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |