БөЖ-2 Тақырыбы «Оқушыларда тарихи білім мен дағдылардың қалыптасуы»


Тарихи түсінік түрлері және оның қалыптасу әдістемесі



бет2/5
Дата16.01.2022
өлшемі32,14 Kb.
#112272
1   2   3   4   5
Байланысты:
Рахматулла Б МПИ СРО2

Тарихи түсінік түрлері және оның қалыптасу әдістемесі

Материалдық әлемнің тұтастығын, оның құбылыстарының бірлігі мен қарама-қайшылығын оқушылар мектеп пәндерімен танысқан кезде бірте-бірте сезіне бастайды. Алайда, бұл білімдерді синтез жасамаған жағдайда бөлек-бөлек болып қала береді. Жүйелі бьілімдерді қалыптастыру, дүниетаныдық идеялоарды түсіну үшін пәнаралық байланыстарды орнату маңызды.  Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды пайдалану жалпы тарих курсының біртұтастығын және маңызды түсініктер мен дүниетанымдық идеяларды меңгеруді қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыстар пәндерге ортақ фактілер, түсініктер, идеялар, іскерліктер мен дағдыларға орай қалыптастырылуы қажет.  Сондай-ақ, пәнаралық байланыстар әмбебаптық сипатта болады. Өйткені олардың қызметі мен ықпалы барлық пәндерге жалпы, ортақ болып келеді.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырмайынша дүниетанымдық көқарастың  біртұтастығын сақтау мүмкін емес. Пәнаралық байланыстарты жүзеге асыру күрделі, өйткені, бұл мұғалімнің тек өзінің ғана пәнін білуді ғана емес, сондай-ақ жалпы мәдениетінің тереңдігін, пәнаралық байланыстар орнатылатын пәндерден  хабардар болуды талоап етедлі.

Түсініктер бойынша пәнаралық байланыс құру үшін, біріншіден, мазмұны мен құрылымын білу және осы түсініктің жалпы білім қатарында алатын орны қандай екендігін білу керек.  Екіншіден, осы түсініктің қандай белгілері басқа пәндерге қарастырылатынын білу маңызды.

Байланыс бағыттары тек қана мазмұн мағынасы ғана емес, сондай-ақ, оқушылардың осы түсінікпен немесе оның белгілермен әрбір пәнде таныстыру кезегімен де анықталады. Сондықтан, пәнаралық және пәнішілік байланыстар ретроспективалық, мерзім жағынан сәйкес және перспективалық болып бөлінеді және пәнаралық байланыс орнатылып жатқан тарих сабағының үстінде оқушыларға осы түсінік туралы білім аяқтаймыз, жаңғыртамыз немесе алғашқы білім бөлшектерін беруді бастаймыз.

Перспективалық байланыстарды туыстас пәндерде қайталауды болдырмас үшін ескерген жөн.

Тарихтың көптеген маңызды түсініктерімен заңдылықтарын қоғамтану пәні де оқып-таныстырады. Сондықтан, бұрыннан оқушыларға белгілі материалды жаңа қырынан көрсету түсінікті неғұрлым толық, әрі барлық қырынан ашуды мүмкін етеді.

Оқу үдерісінде көптеген байланыстар сабақ мазмұнына байланысты саналуан бағытта дамуы мүмкін. Бұл байланыстардың ретсіз шашылып кетпеуі үшін пәнішгілік байланыстарды орнату маңызды. Сондықтан, тарих курстарында  көркем әдебиеттің  дамуының бағыттарын, қалыптастыруын, дамуын біле отырып, тарихпен байланыстырып отыру керек.

Пәнаралық және пәнішілік байланыстарға сүйеніп отыру көптеген  жалпы қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Алайда, көркемшығарма туындыларын  оқушылардың теориялық білімімен ғана қамтамасыз етіп қана тоқталатын деңгейде емес, олардың ішкі жандүниелік тұрақты позициясына айналатындай жеткілікті көлемде таныстыру қажет. Пәнаралық байланыстар іскерліктер мен дағдыларды қалыптасту да ескеріліп, орнатылады. Пәнаралық байланыстың бұл түрі оқушыны дамыту ісі үшін маңызды. Оқу жылы барысында оқушы тек білімінің белгілі-бір мөлшерін ғана алып қоймай, сондай-ақ олармен оқып танысу барысында оқу еңбегінің бірқатар іскерліктерін меңгереді. Оқу жылы барысында меңгеретін іскерлік пән бағдарламаларында көрсетіледі. Ал, тарих бағдарламаларында, көптеген іскерліктер пәнаралық сипатта болады. Мысалы, ІХ сынып тарихы бағдарламасында басқаіскеріктермен қоса,оқушылардың реферат жазуды үйренуі көрсетілген. Бұл іскерліктің ретроспективалық та, перспективалық та байланысы бар. Оны қалыптастырудың бастапқы кезеңі 8 сыныпта қазақ тілі және әдебиет пәнінде басталады. Осыдан соң бұл іскерліктің қажеттілігі тарих пәнінің бағдарламасында көрсетілген (9 сынып). Бұл іскерлікті қалыптастыру Х-ХІ сыныптарда әдебиет пәні бойынша шығарма жазу кезінде аяқталадв.

Тарих сабақтарында арнайы жұмыстар жүргізбейінше тарихи-саяси тақырыптарға реферат жазып, оны қорғау сол бетінде қалыптаспай қалатындығын тәжірибе көрсетті.

Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың мынадай тәсілдері бар: мұғалімнің бұрын оқып, таныстырылған фактіні, түсініктерді, заңдылықтарды, идеяларды оқушы есіне түсіру; алдыңғы білімдерді қолдануды талап ететін  сұрақтарды қоюы; қорытынды кестелер құру; оқушылардың басқа пәндердің деректерінің негізінде мәлімдемелер мен баяндамалар жасауы; тарих пәні сабағы үстінде басқа пәндерден жазған дәптерлерін пайдалануы және осыған ұқсас басқа да тәсілдерді қолдау жақсы нәтиже береді.

Пәнаралық немесе пәнішілік байланысты оқушылардың мұғалім сауалына жауап бере отырып өздері орнатқаны маңызды екендігі түсінікті.

Бұл тәсіл оқушыға тәрбие беруші және дамытушы ықпалын жасайды, сонымен қатар оның есте сақтау қабілетінің қаншалықты дамығандығын,логикалық тұрғыдан ойлай алуының, білім жүйесін құрастыра алуын көрсетеді. Сондықтан, еске түсіру мен білім синтездеуді немесе басқа пәндерден үйренген іскерліктерін жаңа жағдайға пайдалануды қажет ететін репродуктивті және проблемалық сұрақтар мен тапсырмаларды беру – пәнаралық байланыстың басты мақсатын жүзеге асырудың маңызды әдістемелік тәсілі болып табылады. Алайда, бұл тәсіл барлық сыныптардың барлық сабақтарында толық қолданылмайды. Оны пайдаланудың тиімділігі сыныптың білім және іскерлік деңгейінің дамуына тәуелді болады.

Пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыруда оқушыларға басқа пәндерден алынған білім мен іскерліктерді пайдалануды талап ететін тапсырмаларды орындау немесе проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін бұрын алынған білім мен іскерліктерді тез еске түсіруге жәрдем беретін бірқатар дидактикалық құралдар да бар. Олар: оқулықтар мен құждат мәтіндері, оқукинофильмдері фрагменттері, мәтіндік және сандық кестелер, өнер шығармаларының репродукциялары, нұсқаулар, әптердегі әртүрлі жазбалар. Сыныптың көпшілігі пәнаралық байланысты орната алмай жатса, немесе берілген сұраққа жауап бере алмаса, онда мұғалім сондай тапсырманың үлгісін көрсете отырып, оқушылардың тапсырманы орындауына қол жеткізе алады. Оқушылардың пәнаралық сипаттағы білімін пайдалана алуына дағдыландыру үшін, мұндай жаттығуларды бірнеше рет жасату керек, оның өзінде оларды біртіе-бірте күрделелендіріп отыру  маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет