Бөж пән: Басқару және ұйымдастыру Тақырыбы



бет1/9
Дата11.03.2023
өлшемі75,62 Kb.
#171868
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Малик Актоты Баскару (1) (1)
TOTAZHILTJZR11032023185007



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


БӨЖ
Пән: Басқару және ұйымдастыру
Тақырыбы: «Кәсіпорын дербестігінің түсінігі және шекарасы».

Қабылдаған:Болганбаев Артур Орындаған: Мәлік Ақтоты
Тобы: ЭЭМ-111

Кіріспе .................................................................................................................. 3


1. Кәсіпорын: түсінігі, түрлері ............................................................................. 4
1.1. ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар .................................................7
2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту ............................................................................8
2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі ..................................................9
3. Шағын кәсіпорындарды несиелеу ...................................................................12
3.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы несиелендірудің рөлі .............................12
3.2. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар .......................14
4. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау .......................................................15
4.1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры ..............................................................18
Қорытынды .........................................................................................................21
Пайдаланылған әдебиет .....................................................................................22
Кіріспе
Қазақстан экономикалық жүйесінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде шаруашылық түрлерінің әртүрлi меншікке негізделген формаларын ұйымдастыруда шағын кәсiпкерлiк рөлі ерекше болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты жүйелі қалыптастыруда, ірі өнім өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын және орта бизнестің әлеуметтік – экономикалық мәні зор екені белгілі. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.Шағын кәсіпкерлік субьектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлік үлесіне ЖІӨ 40% дан 60% келеді. Қазақстанда бұл көрсеткіштер айтарлықтай төмен, сол себепті еліміздің басшылары шағын бизнес дамуына, республикадағы бизнес ортаның жетілуіне үлкен назар аударуда. Мемлекет және бизнестің тығыз қарым қатынасының негізінде әлеуметті-кәсіпкерліктер одағымен (ӘКО) құрылған, Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемелекеттік бағдарламасы жүзеге асуда.
Қазақстанда 2022 жылдың 20 қаңтар айының көрсеткіштері бойынша, нарықта белсенді түрде жұмыс жасап жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны - 631263. Оның – 84245 заңды тұлғалар, 372848– дара кәсіпкерлер (ДК) және 174170- шаруа қожалықтары. Осы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны - 2 574 549, оның ішінде заңды тұлға қызметкерлері – 1 419 106, дара кәсіпкер қызметкерлері – 726 501, шаруа қожалықтары қызметкерлері – 428 942 адам. Шағын және орта кәсіпкерліктердің өнім шығарылымы бойынша - 6 755 114, оның ішінде заңды тұлғалар – 5 768 774, дара кәсіпкерлер - 474 599, шаруа қожалықтары - 511 741 млн.тенге.
(new.stat.gov.kz)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет