Бөж пән: Басқару және ұйымдастыру Тақырыбы


Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар



бет6/9
Дата11.03.2023
өлшемі75,62 Kb.
#171868
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Малик Актоты Баскару (1) (1)
TOTAZHILTJZR11032023185007
3.2. Шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі негізгі проблемалар
Шағын кәсіпорын өзінің іс - әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:
Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материалдық - техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің бос артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.
Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.
Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.
Республикамызда шағын бизнесті дамыту барысында шағын кәсіпорындардың меншік істерін ұлғайту және айналым қаражаттарын толықтыру үшін несие ресурстарын тарту проблемасы жиі кездесіп отырады. Несие алудағы қиыншалықтар несие ресурстарын тарту шарттарында және тағы бір ерекшелік - инфрақұрылымның сапасының төмендігі болып табылады. Несие ресурстарын тарту шарттарында келесі ерекшеліктер байқалады:

  • кепілмен қамтамасыз ету проблемасы;

  • жоғары дәрежедегі ссудалық пайыз;

  • несие ресурстарын иеленудегі мерзімнің қысқалығы;

  • несиелендірудің жарналық кезеңінің артта қалуы.

Сонымен қатар, инфрақұрылымның жетілмеуі біріншіден, банкке құжаттар дайындау кезінде кәсіпкерлердің білім деңгейінің жетіспеушілігі; екіншіден, ақпараттық - консалтингтік қызметтердің жетіспеушілігі; үшіншіден, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендірудің отандық және шетелдік бағдарламалардан тыс қалуына байланысты болып табылады. Осы көрсетілген проблемаларды негізгі екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ банктен несие алудағы жалпы шарттармен байланысты, ал екінші топ - несиені алу және рәсімдеу жүйесіндегі кәсіпкерлердің жеке проблемалары болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметте шағын кәсіпорын бюджеттерін құру келесі этаптардан тұруы тиіс:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет