Дәріс №7 Ағзадағы энергия мен заталмасуы туралы жалпы түсінік Зат алмасу энергетикасы Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата11.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#174248
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
TOTAZHILTJZR11032023185007



Дәріс № 7 Ағзадағы энергия мен заталмасуы туралы жалпы түсінік 
Зат алмасу энергетикасы 
Дәріс жоспары 
 
1.
Тіршілік мәні туралы қазіргі көзқарас 
2.
Зат пен энергия алмасуы тірінің бөлінбес қасиеті. Зат алмасуы 
3.
Зат алмасу энергетикасы. Макроэргиялық 
қосылыстар мен макроэргиялық байланыстар. 
Дәріс мақсаты мен міндеттері:
Биохимия – тірі материяны құрайтын 
қосылыстардың сапалық құрамы және тіршілік процесіндегі маңызды органикалық 
қосылыстардың ролі мен маңызы туралы білім қалыптастыру. Биохимия пәнінің 
міндеттері мен әдістерін, даму перспективаларын, организмдегі зат алмасудың өзара 
байланысы туралы жалпы жағдаймен таныстыру. 
Дәріс мазмұны 
Барлық тірі ағзаға тән белгі – зат алмасуы. Себебі, заттар алмасуынсыз тіршіліктің 
болуы мүмкін емес. Сондықтан, заттар алмасуы дегеніміз не екенін айтпай тұрып, тірі 
ағзаның тірі емес заттардан қандай айырмашылығы бар? 
Ең негізгі бірінші айырмашылығы тірі ағзаның сапалық, сандық құрамы мен 
құрылымының өте күрделі болуы. Мысалы, кез келген машинаны немесе тірі емес затты 
жеке бөлшектерге даралауға болса, ең қарапайым тірі ағзаны жеке бөлшектерге бөлсе, ол 
тіршілік ету қасиетін жояды. Бір түрге жататын тірі ағзаның әрқайсысының сапалық 
құрамы (әсіресе белоктар) әртүрлі болады және тірі ағзаның құрамындағы заттар өздігінен 
жаңарып отырады. Заттар алмасуы дегеніміз – айналадағы ортадан келетін немесе 
ағзаның өзіндегі органикалық және органикалық емес заттардың химиялық өзгерістерінің 
жиынтығы. Басқаша айтқанда зат алмасуы - өздігінен жүретін және реттелетін процесс 
арқылы тірі ағзаның химиялық құрамының жаңалануы. Зат алмасуы тоқтаса тіршілікте 
тоқтайды. 
Зат алмасуы физиологиялық, физикалық және химиялық процестерден тұрады. 
Физиологиялық процесс кезінде сыртқы ортадан тірі ағзаға оған қажетті қоректік 
заттар: белок, көмірсу, майлар су мен минералды заттар және т.б. енеді, ал ағзаға қажетсіз 
қайта пайдалануға келмейтін заттар СО

, Н
2
О, NH
3
сыртқа шығарылады. 
Физикалық процесс кезінде қорытылған заттардың ыдырауы және ағзаға қажетті 
заттардың синтезделуі. Химиялық процесті жасушадан тыс сыртқы алмасу және аралық 
(жасуша ішіндегі) алмасу деп бөледі. 
Аралық алмасуды басқаша метаболизм деп атайды. Метаболизм процестерін 
динамикалық биохимия зерттейді. 
Метаболизм бір-біріне қарама-қарсы және өзара тығыз байланыстағы екі 
құбылыстан: анаболизм және катаболизмнен тұрады. Анаболизм (ассимиляция) дегеніміз 
қарапайым заттардан сол ағзаға қажетті күрделі заттардың құрылуы немесе жаңа 
жасушалардың пайда болуы. Бұл құбылыста әрқашан қуат жұмсалады, сондықтан 
анаболизм құбылысының негізіне эндоэргиялық реакциялар жатады (бос энергияны 
арттыра отырып жүретін реакциялар). 
Катаболизм (диссимиляция) – тірі ағзадағы күрделі заттардың ыдырауы. Мысалы, 
көмірсулардың ыдырауы арқылы зат алмасуының соңғы өнімдері: көмірқышқыл газы, су 
және қуат бөлінеді. Катаболизм құбылыстарының негізіне экзоэргиялық реакциялар 
жатады (бос энергияны кеміте отырып жүретін реакциялар). Алайда, бұл екі құбылыс өте 
тығыз байланысты. Себебі, анаболизм құбылысына қажет қуат катаболизм құбылысында 
бөлінсе, соңғы құбылыс үшін ыдырайтын күрделі заттар анаболизм кезінде түзіледі. 
Сондықтан бұл екі құбылыс тірі ағзада бір-бірінсіз жеке жүре алмайды. 
Бұл екі құбылыстың арақатынасы ағзаның өмір сүру жолында өзгеріп отырады. Егер 
де жас баланың ағзасында анаболизм құбылысы басым қосылыстар, әсіресе құрылыс 
белоктары, ферменттер пайда болса, ал қартайған шақта ол заттардың мөлшері азаяды. 


Қалыпты жағдайда ересек адамдардың ағзасында бұл екі құбылыс тепе-тең жағдайда 
болады. Алайда олардың арақатынасының өзгеруіне дене еңбегі, сыртқы ортаның 
температурасы, ағзаның хал-күйі, тамақтану ерекшеліктері т.б. жағдайлар әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет