Дәріс №7 Ағзадағы энергия мен заталмасуы туралы жалпы түсінік Зат алмасу энергетикасы Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата11.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#174248
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
TOTAZHILTJZR11032023185007
Малик Актоты Баскару (1) (1)
ҮҚЦ-ның қызметі мен ерекшелігі 
Энергия алмасудың екінші сатысы – үш карбон қышқылының циклы, немесе лимон 
қышқылының циклы, немесе Кребстің циклы деп аталады. Циклды алғаш рет 1937 жылы 
неміс ғалымы Ганс Кребс ашқан. Бұл цикл митохондрия матриксінде көптеген 
ферменттердің қатысуымен жүреді. ҮКЦ процесінде ацетил-КоА-ның ацетил тобы 
тотығып, көмір қышқыл газын (СО
2
), тотықсызданған никотинамидадениндинуклеотид 
(НАД∙Н) және тотықсызданған флавинадениндинуклеотид (ФАДН,) түзеді. Процеске 
тотыққан НАД
+
пен ФАД
+
электрондардың акцепторы ретінде қатысады. Барлық цикл 
жалпы мына теңдеу арқылы сипатталады: 
CH

─ COOH + 2H
2
O → 2CO
2
+ 8H

Ал, ҮКЦ-ның жалпы барысын былай көрсетуге болады (аэробты жағдайда). 
АСҚ+3НАД+ФАД → 2СО
2
+ 3НАДН
2
+ФАДН
2
+ГТФ 
ҮКЦ тізбекті емес, айналмалы, реакциялары қайтымсыз, АСҚ–ның тотығуын 
қамтамасыз ететін реакцияларда, көптеген аралық өнімдер ретінде ди-, трикарбон 
қышқылдары түзіледі. АСҚ–ның бір молекуласы толық тотыққанда, екі рет 
декарбоксилдену және төрт дегидрлену реакциялары жүреді. 
ҮКЦ амфиболикалық жол болып табылады. Себебі ҮКЦ–да анаболикалық та, 
катаболикалық та процестер өтеді. 
1.
Көптеген молекулалардың негізін құрушылардың синтезделу 
жолдары – ҮКЦ – дағы анаболикалық процестерден басталады. Мысалы; 
α – кетоглутарат + аланин глутамат + пируват 
оксалоацетат + аланин аспартат + пируват 
сукцинил КоА гем гемоглобин, миоглобин, цитохромдар. 
ҮКЦ-дағы катаболикалық процестер – көмірсулар, бос май қышқылдары мен амин 
қышқылдарының екі көміртекті ацетильді қалдықтарының тотығуын қамтамасыз етеді. 
2. ҮКЦ жасушалық тыныс алуда және аэробты жасушаларда энергияны ұстау мен 
өңдеу жүйелерінде маңызды қызмет атқарады. 
3. ҮКЦ-да энергия көзі ретінде жұмсалатын барлық метаболиттердің толық
тотығуының жалпы жолдары шоғырланған. 
ҮКЦ-ның маңызы зор – ҮКЦ барлық алмасу процестерінің орталығы ретінде, 
оларды бір-бірімен байланыстырады. 
- "Метаболиттік ошақ" ретінде, АСҚ молекуласын "жағып," СО

– ге дейін толық 
тотықтырады. 
- АСҚ-ның тотығуынан түзілген энергияны активті сутегі түрінде (НАД∙Н
2
немесе 
ФП∙Н
2
) сақтайды. 
- Пластикалық қызмет атқарады.
ҮКЦ–да реакциялардың жүруі үшін оттегі тікелей қажет болмайды, бірақ 
тотықсызданған дегидрогеназалардың коферменттері (НАД∙Н
2
немесе ФП∙Н
2

биологиялық тотығу (БТ) тізбегінде, қайта тотығуы үшін оттегін қажет етеді. Оттегі 
болмаған жағдайда, ҮКЦ-да реакциялар бір айналым ғана жүреді және бұл кезде түзілген 
НАД∙Н
2
мен ФП∙Н
2
тотықсызданған күйінде қалып қояр еді. ҮҚЦ – дағы реакциялдардың 


жүруін катализдеу үшін тотықсызданған дегидрогеназалардың коферменттері қайта 
тотығулары қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет