Бөж тақырыбы: Мембранозды гломерулонефрит. Қабылдаған: Өмірбаева А. Дайындаған: Валиев Р. Т. Тобы: жм-908 Түркістан 2022ж Ситуациялық есеп



Дата04.04.2023
өлшемі27,03 Kb.
#173711
Байланысты:
XZMZCVTDWMNX01122022143852



Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті.




БӨЖ


Тақырыбы: Мембранозды гломерулонефрит.




Қабылдаған: Өмірбаева А.
Дайындаған: Валиев Р.Т.
Тобы: ЖМ-908



Түркістан 2022ж

Ситуациялық есеп
Науқас 49 жаста, ер адам. Жеңіл суықтап қалғаннан кейін бас ауруы, бүкіл денеде ісінулер байқалған. Біраз кун зәр бөлінбей қиналған, одан кейін ісінулер біршама азайды: жағдайы шамалы жақсарған. Өздігінен зәр айдағыш препараттармен емделген, ем нәтижесіз болған. Анамнезінде вирусты В гепатитпен ауырған. Денесінде ісік қайтпай қойған соң клиникаға көрінуге келген.
Обьективті қарағанда: Терісі бозғылт,құрғақ, эластикалық қасиетінен айырылған. Беті ісіңкі. Анасарка деңгейінде ісіну бар. Тыныс алу және қанайналым жүйесінен тексеру барысында өзгерістер анықталмады. АҚ- 135/80 мм.сын бб. Іш қуысында асцит. Бауыр қабырға доғасында пальпацияланады.
Лабораториялық зерттеу: ЖЗА: белок- 4г/л , лейк- 8-10 к.а, эритроцит- 30-40 к/а, гиал.цилиндр- 25 к.а , тәу.протейнурия- 4,6 г,
БҚА: жалпы белок 57,6г/л, креатинин 0,058 ммол.л, мочевина- 3,38 ммоль/л.
Бүйрек биопсиясы: шумақшалар үлкейген, базальды мембрана қалыңдаған. Базальды мембрана үстінде депозиттер бар. Проксимальды өзекшелердің қуысы кеңейген, эпителий ісінген, түйіршікті дистрофия анықталады.
№1.Диагнозды анықта.
№2. Синдромдарды жазыңыз.
№3. Диагностикалауды қажет ететін зерттеу әдістері.
№4. Емі.

Жауап:
1.Диагнозы: Мембранозды гломерулонефрит.
2. Нефротикалық синдром ,нефритикалық синдром гематуриямен,интоксикациялық синдром, несептік синдром
3.ОАК, ОАМ, ИФА, УДЗ, бүйректік доплеграфия, КТ, биопсия
4.
Патогенездік ем. Глюкокортикоидтермен емдеу
Цитостатиктермен емдеу. Азатиоприн, циклофосфан.
Шумақішілік микроциркуляцияны жақсарту. Гепарин және антиагреганттармен емдеу.
ҚҚСЕП қолдану.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет