Бөж тақырыбы: Популяциядағы генетикалық процестер



бет6/6
Дата17.10.2023
өлшемі72,39 Kb.
#185981
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бөж эволюция

Табиғи сұрыпталу

  • Жоғарыда қарастырылған популяциялар динамикасының факторлары-панмиксияның шектелуі,гендер дрейфі,миграция,мутациялық үдеріс,популяция гендерінің жиілігін өзгертіп,популяцияларға кездейсоқ және бағытсыз әсер етеді.Ал,табиғи сұрыптау-популяция гендерінің жиілігін мақсатқа сай өзгертетін бірден-бір фактор болып табылады.
  • Сұрыптаудың түйінді тұжырымдамасы болып дарвиндік бейімделушілік саналады.Дарвиндік бейімделушілік (W) дегеніміз белгілі бір генотиптер мен фенотиптердің тіршілік ету және ұрпақ қалдыру мүмкіншілігінің салыстырмалы ықтималдығы болып табылады.
  • Адам популяцияларында сұрыптау кейде гомозиготалыларға қарсы,кейде гетерозиготалыларға қарсы бағытталған болады.

Қорытынды

  • Гомозиготалыларға қарсы сұрыптауға мысал ретінде кейбір гемоглобинопатияларды-орақ жасушалы анемия(HbS),гемоглобин E (HbE) және альфа-талассемияларды келтіруге болады.
  • Гетерозиготалыларға қарсы бағытталған сұрыптауға мысал ретінде Ph антигенінің синтезделуін келтіруге болады.Еуропа тұрғындарының 85%-ның эритроциттерінде Rh антигені болып оң резус тобын құрайды,ал популяцияның қалған мүшелерінің эритроциттерінде Rh антигені болмағандықтан теріс резусты болып келеді.
  • Гетерозиготалылар пайдасына сұрыптау популяцияларда аллельдер жиілігінің тұрақты және теңдігіне және баланысты полиморфизмнің түзілуіне алып келеді.Бұған мысал ретінде орақ пішінді анемияның НвАНВS кейбір Азия және Африка елдерінде жиі кездесуін келтіруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. 2008ж.
  • Қуандықов Е.Ө, Әбилаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006ж.
  • Генетика, оқу құралы. Берсімбаев Р.І,Мухаметжанов Қ.Қ. Алматы. Қазақ ұлттық университеті, 2002ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет