3.Миграция.
Миграция (лат. Migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың бір аймақтан (штаттан) екінші аймаққа, кейбір жағдайларда үлкен топтармен және алыс қашықтыққа қоныс аударуы.
Орыс ғалымы О.Д.Воробьева өз еңбектерінде халықтың көші-қоны «бұл әкімшілік-аумақтық құрылымдардың сыртқы және ішкі шекараларын кесіп өтуімен байланысты олардың кез-келген аумақтық орын ауыстыруы, олардың тұрақты тұрғылықты жерін өзгертуі.
Миграциялық процесс – бұл барлық мемлекеттердің арасында болатын құбылыс болғандықтан, халықтар жер ауыстырғанда өзге мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына ауысады. Демек, өзі келген мемлекеттің ұлттық заңнамасына тиесілі болады. Әр адам өзі тиесілі мемлекеттің азаматы болғандақтан, оның құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып, өзінің мемлекеті танылады. Миграциялық процестерге тікелей қатысатын азаматтардың құқықтарын негізінен сол азамат шыққан мемлекет қорғайды. Халықаралық миграция құбылысы күрделі және ауқымды болғандықтан, мигрант болып келген адамдардың құқықтық статусы анықталады. Мысалы, егер адам бір мемлекетке оқуға, демалуға, еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге және т.б жағдайлармен келсе, онда бұл процестер құқықтық жағынын заңды деп есептелінеді. Олар көбіне мемлекеттен бөлінеген квотамен немесе шетелдіктерге арналған рұқсаттамамен мемлекетте жүріп – тұрады. Егер келген азамат тіркеуге тұрмай, не заңсыз кәсіппен айналысатын болса, онда кез келген мемлекет ол азаматты өз территориясынан шығаруға толық құқығы бар. Ол біздің «Әкімшілік құқықтық» кодекс бойынша «депортация» деп аталады.
Көші-қон дегеніміз адамдардың тұрғылықты жерінен түрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы. Көші-қон адамдардың белгілі-бір аумақтың шекарасынан асып, тұрақты немесе уақытша тұрғылықты мекенге қоныс аударуы арқылы жүзеге асады.
Көші-қон көшіп келушілерді қабылдайтын жергілікті халықтың да, көшіп кетушілердің де мәдени-тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, мемлекеттің этнографиялық құрамының өзгеруіне айтарлықтай ықпал етеді.
Көші-қон түрлері:
қайтымсыз көші-қон;
ұзақ мерзімді уақытша көші-қон;
маусымдық көші-қон;
қатынамалы көші-қон (басқа жердегі жұмыс, оқу орындарына ұдайы барып-келу);
сыртқы көші-қон (елден сырт жерге көшіп кету, елге көшіп келу түріндегі);
ішкі көші-қон (мемлекет тұрғындарының ел ішінде қоныс аударуы).
Ішкі көші-қон дегеніміз мемлекет тұрғындарының ел ішінде көшіп қонуы. Бұл үдеріс негізінен ауылдан қалаға, қаладан қалаға қарай бағытталады.
Елімізде ішкі көші-қонның негізгі түрлері:
аймақтық (бір аймақ ішінде);
аймақаралық (бір аймақтан екінші аймаққа кету)
тұрақты;
уақытша;
ұйымдасқан (мемлекеттік және басқа да қоғамдық орындардың араласуымен);
ұйымдаспаған (көшіп келушілердің өз қалауымен, өз күшімен).
Қазіргі кезде Қазақстанда тұрғындардың бір жерден екінші жерге көшіп-қонуының негізгі себептері:
әлеуметтік;
экономикалық;
экологиялық;
саяси.
Отандық ғалымдар көші-қон тақырыбы аясында тыңғылықты зерттеулер жүргізуде. Оның ішінде сыртқы көші-қон мен ішкі көші-қон тақырыптары жан-жақты зерделенген. Алайда, елімізде ішкі көші-қонның көп таралған түрі – ауылдан қалаға қарай бағытталған ішкі көші-қон мәселелеріне қалам тартқан ғалымдар кемде-кем.
Өкінішке орай елімізде аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен дамудың біртекті болмауы тұрғындар арасында ішкі көші-қонның артуына әсер етіп отыр. Еліміздегі ішкі көші-қонның негізгі бағыты – халықтың ауылдан қалаларға қарай көшіп қону үдерісі. Қала мен ауылдағы халықтың табысы мен әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерінің әр алуан екендігі белгілі. Бұған қоса ауылдағы жұмыссыздық мәселесі, әлеуметтік инфрақұрылымның сапасының төмендігі тұрғындардың, оның ішінде жастардың ауылдан қалаларға кетуіне басты себеп болып отыр. Бұл көшіп қонудың әлеуметтік, экономикалық, демографиялық салдарлары ауыл мен қалаға қатысты әр түрлі болып келеді.
Ауылдан қалаға қарай көшіп-қонушылардың негізгі бағыты – Алматы қаласы. Алматы – экономикалық мүмкіндіктері жоғары, еліміздегі ең ірі қала. Бірқатар зерттеушілер еңбектерінде Алматы қаласына жұмыс іздеп келгендердің заңды түрде жұмысқа орналасуына және баспана алуға мүмкіндіктері шектеулі екендіктерін және осы жағдайдың салдарын көрсеткен. Алматыға іргелес аудандарда заңсыз салынған тұрғын үйлердің пайда болып, нәтижесінде өз жері мен тұрғын үйіне меншік құқығы жоқ тұрғындар мекендейтін шағын аудандардың пайда болғанын және мұндағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мемлекет тарапынан жан-жақты зерделенген, тыңғылықты саясатты қажет ететіндігін жазады.
Зерттеушілердің барлығы да ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеу саясатының қажеттігіне және ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеу саласындағы жеткен жетістіктерге тоқталады. Аймақтық еңбек нарығының жағдайы және елдегі жалпы демографиялық ахуал еліміздегі ішкі көші-қон бойынша мемлекеттік саясаттың іске асу тиімділігімен тығыз байланысты. Ішкі көші-қон бойынша мемлекеттік саясат, сонымен қатар, ел ішіндегі қоғамдық-саяси, этносаралық, діни жағдайларды реттеу құралы. Ішкі көші-қон үдерісі мемлекет тарапынан арнайы мамандандырылған нормативті-құқықтық институтты қажет етеді. Институционалды деңгейде ішкі саясат жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын орган – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті. Сондай-ақ ішкі саясатты реттеу мәселелерімен Ішкі істер Министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті және ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті айналысады.
Қоғамдық қозғалыс әлеуметтік өзгеріске алып келеді. Қоғамдық қозғалыс дегеніміз әлеуметтік институттарды, қарым қатынасты және өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен адамдардың, ұйымдардың, топтар. Реформалық қозғалыс – белгілі бір әлеуметтік топтың жағдайын өзгерту арқылы қоғамды өзгерту (феминистер қозғалысы, жануарларды қорғаушылар, грин-пис, желтые жилеты, т.б.). Қоғамдық қозғалыстар теңсіздіктен, қоғамның ыдырауынан пайда болады деген дейді кейбір зерттеушілер. Әлеуметтік қозғалыстар арқылы адамдар қоғамды өзгертуге тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |