Бөж тақырыбы


Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының принциптері



бет7/12
Дата20.05.2024
өлшемі122 Kb.
#202649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
MKJVXJLBPMPA15052024010913

4.Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының принциптері

Қазақстан Республикасының Конституциясында, басқа да нормативтік актілерде, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілген адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;


Нәсілі, тілі, діні, жынысы, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері, мүліктік жағдайы немесе кез келген басқа да себептер бойынша кемсітушілікке жол бермеу;


Көшіп-қонушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы;





    • тұлға мен мемлекет мүдделерін ұштастыру, барлық билік тармақтарының, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіру;




    • көші-қон процестерін басқару және реттеу саласындағы халықаралық танылған стандарттарды сақтау контексінде әлеуметтік, экономикалық, саяси тұрақтылықты, этникааралық және конфессияаралық тұрақтылық пен төзімділікті қамтамасыз ету және сақтау бөлігінде ұлттық мүдделердің басымдығы;




    • ең алдымен шетелде тұратын отандастарымыздың қайтып оралуын ынталандыруға бағдарланған саясаттың жүйелі де дәйекті жүргізілуін көздейтін елдің ұлттық бірдейлілігін сақтау және дамыту;




    • басым салаларда жұмыс істеу үшін шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуды ынталандыруға және білікті өз кадрларымызды даярлауға негізделген Қазақстанның бәсекелестік артықшылығын дамыту;білімін, кәсібін, инвестициялық және қаржылық әлеуетін ескере отырып, көшіп келушілерді таңдау тәсіліне негізделген сұрыптау;

Қазақстанға көшіп келушілердің елде болуының ашықтығы мен заңдастырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың елде болуын құқықтық қамтамасыз етудің түрлі шараларын ұйымдастыру жөніндегі техникалық, ұйымдық, экономикалық шараларды қамтитын үздіксіз мониторингтің жүргізілуін көздейтін айқындық және заңдылық; баспана беру туралы өтініш сұраған адамдарға немесе босқындарға қатысты мәжбүрлеп қайтаруды (non refonlment) болдырмау принципін сақтау.


«Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының маңызды құраушысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес болып табылады. Бұл бағытта елдің шекарасы жаңадан техникалық және ұйымдық нығайтылатын әрі қайтадан жабдықталатын, техникалық рәсімдеу және виза беру жүйесі жетілдірілетін болады. Транспаренттілік пен заңдылық принциптерін сақтау мақсатында көшіп-қонушылардың елге заңды түрде жіберілуі және адал ниетпен болуы бөлігінде оларға тұрақты негізде мониторинг жүзеге асырылады. Елде болудың қандай да бір талаптарын бұзған жағдайда заңсыз көшіп-қонушыға оны ұстаудың, қайтарудың және/немесе депортациялаудың, не олардың елге келуін заңдастырудың ұлттық және халықаралық танылған ережелері қолданылатын болады» [2].

«Заңсыз көшiп келу – шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртiбiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi жол жүрудi бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасында болуы. Заңсыз көшiп келушi – Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам»


«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдіктердің негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды. Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады» [3]. Шетелдіктердің өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына бюелгiленгенмiндеттерiнорындауынанбөлiпалуға болмайды. Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция мәселесі уақыт өткен сайын өзекті болып келеді. Бүкіләлемдік банк баяндамасы бойынша ҚР әлемдегі еңбек мигранттарын қабылдау бойынша 9-шы орында тұр. Қазақстанның әлемдегі территориялық орналасуының өзі әлемдік және аймақтық миграциялық процестерден шет қалуға мүмкіндік бермейді. Халықаралық және Қазақстандық сарапшылардың талдауы бойынша Қазақстан арзан жұмыс күшіне қарағанда, сапалы, жоғары квалификациялы мамандарға мұқтаж болып отыр.

Статистика бойынша шетел мамандарының саны жылдан-жылға өсіп келе жатқанын байқаймыз. Шетелдік жұмыс күшінің Қазақстандағы үлесі бойынша Түркия, Қытай, Ұлыбритания, Индия, Италия және Ресей мемлекеттері көшбасшы болып табылады. Бұл мемлекеттердің үлесіне бүгінгі күндері жалпы ресми шақырылған жұмыс күшінің 60%-70% пайызын құрайды. Қазақстанға шетелден жұмыс күші ағылып жатқанда мемлекет азаматтары әлеуметтік жағдайларын дұрыстау мақсатында ішкі миграциялық ағымдарға белсене қатысуда. Яғни халықаралық миграция қатысушылары бір дамымаған аймақтан екінші дамыған аймаққа қоныстанса, мемлекетішілік миграция село секілді экономикалық әлсіз аймақтан экономикалық қуатты аймаққа көшуді білдіреді. Мемлекет егемендігін жариялағаннан бергі уақытта ішкі миграциялық ағымдар белсенді жүріп жатыр. Орта есеппен мемлекет ішкі миграцияға жылына 350,000 адам қатысса, жалпы ел азамматтарының 5-6 миллионға жуығы миграциялық үрдістердің қатысушылары болған. Ішкі миграцияның басты және негізгі бағыты ауыл-қала, қала-қала бағыты болып отыр.


Елімізде заңсыз миграция шешімін таппай отырған мәселе болғалы қанша уақыт. Қазақстанда заңсыз жүрген мигранттардың саны бейресми ақпараттар бойынша 1 миллионнан асып жығылады. Қазақстан Республикасының «Ұлттық Қауіпсіздік туралы» Заңында: Миграция ағымының бақылудан, реттеуден шығып кетуі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін екендігі туралы жазылған. Әлем тарихында миграция әсерінен тұтастай ұлттарды қыспаққа алып, жаңа мемлекеттердің құрылғанын, белгілі бір титулды ұлттардың өз мемлекетінде үлес салмағы азайып, орнына өзге ұлттар басып алғаны факт болып табылады. Ал біздің мемлекеттің адамдық ресурсы мен көрші мемлекеттердің адамдық ресурсын салыстырып қарағанда, біздің мемлекет үшін миграциялық саясатты мықтап қолға алу керек екендігі түсінікті. Мемлекет үшін ондай қауіп болмаған өзінде заңсыз мигранттар саяси тұрақтылықты бұзуға қылмыстың өсуіне, жергілікті халық пен мигранттар қайшылығын туғызуға әкеп соқтырады.


«Еңбек көшіп-қонушылары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы» халықаралық Конвенция 1990 жылғы 18 желтоқсанда қол қою үшін ашылып, 2003 жылғы 1 шілдеде күшіне енді, алайда, әлі күнге дейін оған Алжир, Белиз, Бенин, Мексика, Шри-Ланка сынды еңбек ресурстары донор-елдер қатысушы мемлекет болып табылады. ТМД елдерінен Конвенцияға Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан қол қойып, ратификациялаған. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы да бар.


Көшіп-қонушылар мәселесі бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының ұстанымы айқын: көшіпқонушыларды толық және жалпы көлемді қолдау деп көрсетілген. Алайда, тіпті БҰҰ көшіпқонуға байланысты проблемалардың көп екенін мойындайды. БҰҰ Бас хатшысының нақты айтуы бойынша иммиграция екі жақты қозғалысы бар көшенді білдіреді. Жаңа жағдайларға тек көшіп-қонушылар ғана емес, қоғам да көшіпқонушыларға үйренуге тиіс.
Еңбек етуші көшіп-қонушылардың құқығын қамтамасыз ету саласындағы негізгі қақтығыс, мемлекеттік саясаттың мынадай екі тұжырымдамасынан тұрады: жалпы адам құқықтары туралы қамқорлық және «құқық қорғау протекционизмі». Қазақстан қозғалыс еркіндігі қағидатын басшылыққа ала отырып, ашық шекара саясатын жүргізіп, одан кейін азаматтарға және азаматтығы жоқтарды бөлмей барлығының еңбек құқықтарының сақталуы туралы қамқорлық жасауға тиіс немесе халқы жай да аса тығыз оңтүстік өңірлерде дағдарыс жағдайлар жасамай қазақстандық жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін заңсыз көшіп-қонушылардың келуін шектеу бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі анықталады. Дегенмен, біздің мемлекетіміздегі шекаралық аудандарда әлі де болса, заңсыз миграция процесі жалғасуда.
«Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының маңызды құраушысы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес болып табылады. Бұл бағытта елдің шекарасы жаңадан техникалық және ұйымдық нығайтылатын әрі қайтадан жабдықталатын, техникалық рәсімдеу және виза беру жүйесі жетілдірілген болды. Транспаренттілік пен заңдылық принциптерін сақтау мақсатында көшіпқонушылардың елге заңды түрде жіберілуі және адал ниетпен болуы бөлігінде оларға тұрақты негізде мониторинг жүзеге асырылады. Елде болудың қандай да бір талаптарын бұзған жағдайда заңсыз көшіп-қонушыға оны ұстаудың, қайтарудың немесе депортациялаудың, не олардың елге келуін заңдастырудың ұлттық және халықаралық танылған ережелері қолданылатын болады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет