2.Жаңғыру (модернизация) және урбанизация. Жаһандық урбанизация.
Өркениет және модернизация - қазіргі жаһанданушы әлемде әлемдік және жалпы планеталық дамудың басым үрдістері.
Модернизация ретінде әлеуметтік- экономикалық және саяси тұрғыда дамыған, “ілгері кеткен” елдер мен аймақтардың ассимиляциялануы негізінде қоғамның жаңару процесін түсіну қалыптасқан. Кең тарихи тұрғыда Батыста бес ғасыр бұрын басталып, біздің дәуірімізге қарай “Модерн жобасы” аталған өзгерістер мен қайта құрулар процесі аталады. XX ғ. Модернизация процесі көптеген елдерді, аймақтарды, тіпті, тұтас құрлықтарды қамтыды, әртүрлі ұрандармен, идеялық “белгілермен” (либерализмнің, социализмнің, национализмнің) жүргізілді, бірақ түпкі мәні индустриялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тұрғыда артта қалушылықты жеңуге талпынысты білдіреді. Бүгінгі танда “вестернизация”, “қуып жетуші модернизация” аталатын түсінік тарихи тұрғыда тек жеке жағдайлар, елдер мен халықтардың бүгінгі талабына сай болуға, нақтырақ айтсақ, - “постқазіргі” қоғамға енуге талпынысының көрінісі болып табылады. Модернизацияның классикалық тұжырымдамасы әлеуметтің торапты дамуына дәстүрлі қоғамнан – әмбебап мән мен құндылыққа айналудан дәмелі батыстық жаңалықтар мен жетістіктерге сүйенген қазіргі қоғамға өтуге негізделді. Қазіргі модернизация жағдайындағы басты процестердің бірі – урбанизация және миграция.
Урбанизация (лат. Urbs – қала, urbanus – қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы “қалалық” деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
“Урбанизация” ұғымын “урбанизациялану” ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі – процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші – елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны (“урбанизация қарқыны”)
Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол – күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады.
Ауылдық елді мекендердегі халықтың инфрақұрылымы дамыған, мәдениет пен руханият және басқа да өркениет ошақтары шоғырланған қалаға көшуі заңды құбылыс. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан тенденция.
Қазақстанда урбанизация қазір 57%, яғни халықтың осынша пайызы қалада тұрады және жыл өткен сайын арта түсуде. Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбеде жаңа шағын аудандардың, кейде аудандардың ашылуы – соған дәлел. Негізі өзге елдермен салыстырсақ, жоғары көрсеткіш емес. Мәселен, АҚШ-та – 82%, Оңтүстік Кореяда – 83%, Голландияда – 90%, Жапонияда – 94%. Алайда, урбанизацияның сапасы да маңызды. Мәселен, Қазақстанда ресми түрде 87 қала бар, бірақ оның 70%-ы ұсақ қала, 20-сының ғана халқы 100 мың-нан асады. Яғни, барлығын «мегаполис» деп айта алмаймыз. Шағын қалаларда, әсіресе жалғыз өндіріс орнына қараған моноқалаларда инфрақұрылым (мектеп, балабақша, инженерлік коммуникация, жол) толық шешілмегені мәлім.
Осы және өзге де әлеуметтік мәселелер (жұмыс тапшылығы, жалақының аздығы) аймақтағы жұртты ірі шаһарларға жетелейді. Былтыр тек қаңтар-мамыр айларында Астанаға 35 мың адам көшкен. Негізінен Ақмола, Түркістан және Қарағанды облысынан. Ұлттық құрамына келсек, жайлы өмірді қиялдап келгендердің 89%-ы қазақ. Басқаша айтсақ, ішкі миграцияда ең белсенді ұлт қазақтар болып тұр. Жалпы, ішкі миграция жыл өткен сайын артып барады, 2012 жылы 337 мың болса, 4 жылда 610 мыңға жеткен.
Егер бұл процесс ретсіз жүре берсе, нәтижесі не болмақ? Әлемдік тәжірибеде ауылдан қалаға ауа көшкен халық шеткі аудандарда орын теуіп, сонда өзіндік қауымдастыққа айналады. Рио-де-Жанейродағы фавеллалар, Киншасадағы лашықтар, Париждегі мигранттар мекені, Нью-Йорктегі геттолар осыған ұқсас қала бөлігі. Әдетте қылмыс, антисанитария, жұмыссыздық, қараңғы көшелер сондай мекендерді сипаттайтын сөздер. Әрине еліміздің үш миллионер қаласы әлі мұндай деңгейге жеткен жоқ. Бірақ урбанизация процесі реттелмесе, қос астананың өз фавеллалары пайда болуы әбден мүмкін.
Урбандалу көрсеткіші - Көрсетілген аумақтағы қалаларда өмір сүретін адамдардың аталған аумақтағы жалпы халыққа шаққандағы пайыздық қатынасы. Бұл көрсеткіш пайыздық қатынаспен беріледі. Әдетте, урбандалуды сипаттау үшін салыстырмалы көрсеткіштер (халықтың жалпы санындағы қала тұрғындарының үлесі) алынады. Мысалы, Германияда қала халқының үлесі 73%-ды, ал Үндістанда бар болғаны 28%-ды құрайды. Соған қарамастан абсолютті көрсеткіштер, қала халқының жалпы саны мүлде басқаша жағдайды: Германияда қалалықтардың жалпы саны 60 млн адам болса, Үндістанда 321 млн адам. Сонымен салыстырмалы көрсеткіштер ауқымын нақты көрсетеді.
Урбандалу кезеңдері – Урбандалудың алғашқы кезеңінде қала халқының үлесі онша жоғары болмайды; қалалар арасынан ең ірісі (әдетте, ел астанасы) басқаларын барлық көрсеткіштер бойынша басып озады. Дамыған урбандалу кезеңінде қала халқының үлесі арта түседі. Миллионер қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуынан қала агломерациялары, ал жақын орналасқан агломерациялардың бірігуінен мегаполистер қалыптасады.
Кемелденген урбандалу тән елдерде қала маңына қалалық өмір салты қарқынды түрде ене бастаған, яғни субурбандалу (латын. Sub – маңында және urbanus – қалалық) жүруде. Біртіндеп осы процесс агломерация аумағынан тыс жерлердегі елді мекендерді де қамти бастайды; урбандалудың бұл түрін рурбандалу (ағыл.rural – ауылдық және урбанизация) дейді. Субурбандалу барысында экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауқатты адамдар қала орталығынан қала маңына қоныс аудара бастайды. АҚШ-та агломерация халқының 60%-ы қала маңында тұрады. Әлемдегі аса ірі 10 агломерация қатарына Солтүстік Америка қатарына Солтүстік Америкадан Нью-Йорк пен Лос Анджелес қана енсе, бұл тізімде Еуропаның бірде-бір өкілі жоқ. АҚШ-пен Канадада контрурбандалу, яғни қалада жұмыс істейтіндердің қалада жұмыс істейтіндердің қала агломерациясынан тыс елді мекендерге қоныс аударуы жүруде, бұл ауыл халқы санының артуына әсер етеді.
Негізгі әлеуметтік-территориялық бірлестіктерге қала, ауыл, аймақ және оларда орналасқан халықтар жатады. Екінші жағынан қаланың, ауылдың тұрғындары ауданның, облыстың аймақтық-әкімшіліктерін құрайды. Сөйтіп олар өздерінің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін қалыптастырады
Урбанизацияның негізгі екі түрі бар. Бірі – индустриялық не табиғи. Елдің бір аймағында ірі құрылыс, өндіріс басталғанда, жұрт сол жаққа қоныс аударады. Екіншісі – амалсыз немесе тұрмыстық. Өкінішке қарай, Қазақстанда екінші түрі жүріп жатыр. Жоғарыда айтылған ауыл-аймақтағы жұмыссыздық. Соның салдары. Неге? Өңірлер әлі экономиканың локомотиві деуден аулақпыз, тіпті қолдаушы компонентіне айналмады. Республикалық бюджеттің көмегімен өмір сүреді. Әсіресе оңтүстік өңір. Мысалы, сол облыстың қазіргі өндіріс өнімі 1991 жылғы көрсеткіштен 22 есе кем екен, Ақмола облысы 15 есе, Жамбыл облысы 10 есе аз. Ал 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының атауы әлі өзгермей тұрғанда бюджеттің 80%-ы республиканың берген дотация-сы еді. Басқаша айтсақ, өндіріс орындарымен «екі қолға бір күрек» болатын жұмыс аз. Соның нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар деп аталатын үлкен тап шықты (саудагер, құрылысшы, шаштараз). Бүгінде Қазақстандағы барлық 2 млн 700 мыңдай өзін-өзі жұмыспен қамтушының 45-50%-ы Түркістан, Жамбыл, Алматы облысына тиесілі. Яғни, бұл санаттағы азаматтарда тұрақты жұмыс болмағандықтан, оларды ішкі миграцияға дайын ең мобильді топ деп атасақ, қателеспейміз. Олардың бүгін Шымкентте болып, ертең Таразда істеп, 2 айдан соң Алматыда жұмыс табуы әбден мүмкін.
Қазақстанда өңірлерді дамытудың түрлі амал-әдістері қарастырылды. Оны жоққа шығаруға болмайды. Ғұмыры қысқа болған Өңірлерді дамыту министр-лігі де құрылды. Моноқалалар, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламалары қабылданды. Ауыл жылы жарияланды. Олардың тиімділігін, нәтижесін оқырман өзі бағалар. Алайда, облыстарда жаңа өндіріс орындарын ашып, ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар енгізбейінше, Үкімет ретсіз урбаниза-цияның салдарымен күресе беретін секілді. Себебі жыл сайын 100 мыңнан аса азамат Астанаға, Алматыға ағылып жатқанын естен шығармаған жөн. Аймақ пен қала қатынасын тиімді қолданған елдің бірі – Нидерланд. Халқының 90%-ы қала тұрғындары, 10%-ы ауылда. Алайда, Нидерланд әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша АҚШ-тан кейін 2 орында, Еуропада көшбасшы, ал территориясы – 41 мың шаршы шақырым. Еліміздегі жер көлемі ең аз Солтүстік Қазақстан облысына екі Нидерланд сыйып кетеді.
Бұл сөздің барлығы урбанизация зиян деген сөз емес. Қайта әдетте қала халқы өскен сайын көптеген елдің ІЖӨ-сі де артады, экономикасы түрленеді. Себебі қалада білімді мамандар, технология, қаражат, коммуникация, жұмыс орны мол. Олар табысты арттырады. Тіпті, қала халқы 1,5-2 млн-ға жетсе, ол өзін-өзі асырай алатын деңгейге шығады деген ұғым бар. Алайда, тек Үкімет урбанизацияны басқара алса, қалаға көшіп келіп жатқан азаматтарға жағдай жасай алатын мүмкіндікке ие болса. Ал біздің миллионер қалалар ше? Былтыр республика бойынша 473 мың азамат баспана алуға кезекке тұрған. Оның 47 мыңы Астанада, 21 мыңы Алматыда. Ал қала әкімдіктері жақын 5 жылда осынша тұрғынды үймен қамтамасыз етуге қауқары жете ме?
Урбанизация – тоқтамайтын процесс. Мамандар 2029-2030 жылдарға қарай Қазақстан халқының 63 пайызы қалада тұрады дейді. Бірақ қазіргі ішкі миграцияны ескерсек, бұл сан 10-11 жылда тағы өсуі әбден мүмкін. Қолында Қазақстанның төлқұжаты бар азамат елдің қай жерінде тұрамын десе де құқылы. Дегенмен, Үкімет бұл процесті бақыламаса, қаладағы әлеуметтік жарылыс не қақтығыстың болу мүмкіндігін ешкім жоққа шығармайды.
Достарыңызбен бөлісу: |