3.Саяси жүйелердің құрылымдары, типтері, даму заңдылықтарына талдау жасаңыз.
Саяси жүйесі – ол саяси институттар, нормалар, құндылықтар, идеялар, қатынастар жиынтығын қамтиды, оның көмегі арқылы саяси билік іске асырылады. Қоғамның саяси жүйесінің басты институттарының бірі мемлекет болып табылады. Саясаттану кешенді түрде оның типтерін, қызметін зерттеп біледі. Ол басқа жүйелерден жоғары тұрады және барлығы саяси жүйеге бағынады, қабылдаған заңдарына бағынады. Оның негізгі қызметі қоғамның даму бағдарламасын жасау, алға қойылған мақсаттарға нақты бағдар жасау, ресурстарды собилизациялау, инживидтердің әлеуметтенуін дұрыс жолға қою, мемлекет дамуын басты мақсатқа айландыру.
Саяси жүйенің құрылымы мыналардан тұрады:
барлық саяси жүйенің қаңқасын, материалдық негізін, оның биліктік басқару құрылымын түзетін саяси институттардан;
қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін саяси нормалардан;
саяси жүйенің элементтерінің арасындағы тік жəне көлденең байланыстардың негізі болатын саяси қатынастардан;
саяси жүйенің қалған бөліктерін жасау мен өндіру процесін орталықтандыратын саяси санаға;
жүйенің дамуындағы құндылықты басымдықтарды анықтайтын жəне жүзеге асыратын саяси мəдениеттен;
сəйкес ақпаратты тарататын саяси коммуникациядан;
саяси жүйені қолдау немесе оппозицияның белгілі бір дəрежесін көрсететін саясатқа қатысу.
1) саяси институттар;
2) саяси катынастар;
3) саяси ережелер:
4) саяси мәдениет
Саяси жүйелердің жіктелуіжөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл мәселеге әр жақтан карайды, әр түрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады. Мысалы, марксизм форма-
циялык көзқарасты басшылыкқд алып (өндіріс тәсілінің және
қоғамның таптық күрылымының өзгешеліктеріне кдрай) оны
құлдық, феодалдық, капиталиспк және коммунистік саяси жүйе
деп бөледі. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:
1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;