БөЖ тапсырмалары( 1-ші аралық білімгердің өзіндік жұмысы): Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғалымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз



бет5/5
Дата07.11.2022
өлшемі92,67 Kb.
#156865
1   2   3   4   5
Байланысты:
Худайназарова С саясат

Демократиялық режим - демократиялық құқық пен бостандықтың болуымен, демократиялық сайлау жүйесі жүруімен, билікті үш салаға бөлумен (заң шығарушы, атқарушы, сот билігі), қоғамның барлық саласында заңның басшылық етуімен, көппартиялық жүйеге рұқсат етілуімен, жеке меншіктің түрлі формаларда болуы және дамыған азаматтық қоғаммен ерекшеленеді. Демократиялық елдердегі азаматтар өздерін еркіндігін әр салада сезінеді, өз құқықтарын талап ете алады, өз міндеттерін ұғынады.
Демократиядағы ең негізгі фундамент ретінде сайлауды айтуға болады. Адал, шынайы сайыс арқылы, жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулықсыз жүргізілсе және оны шынайы жүргізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынай сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалардың болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, онда сайлау жарыс арқылы өтпегендігі.
Қорыта айтқанда, демократиялық режим мынадай белгілермен сипатталады:
1.Билік көзі халықта;
2.Сөз бостандығы;
3.Сайлаудың ашық жүргізілуі;
4.Азаматтардың тең құқықты болуы;
5.Азшылықтың көпшілікке бағынуы


Автолитарлық режим

Тоталитарлық режим

Авторитарлық режим демократиялық және тоталитарлық режим арасында аралық орынды иеленеді. Ол «Саясаттан басқаның бәрі шешілген» деген ережемен сипатталады.

Тоталитарлық режим – бұл зорлық көрсетуші саяси үстемдік етудің жүйесі, қоғамның басқарушы билікке толық бағынуы.

. Авторитарлық режимнің негізгі белгілері:

  1. сайланған органдар болады;

  2. саяси құқық пен бостандық шектелген;

  3. ашық оппозиция болады, бірақ ол қоғамда белгілі бір рөлді ойнамайды;

  4. көппартиялық жүйе болады;

  5. БАҚ цензураның бақылауында болады;

  6. жазалаушы шаралар өткізілмейді.




Тоталитарлық режимнің негізгі белгілері:

  1. қоғамды жалпыға ортақ саясаттандыру және идеологияға айналдыру (мемлекеттің қоғамға толық бақылау жасауы);

  2. азаматтардың саяси құқы мен бостандығы қағаз жүзінде болады, іс жүзінде жоқ; – бірпартиялық жүйе болады;

  3. БАҚ деген қатаң цензура;

  4. полиция, армия, түрлі арнайы қызметтер тек тәртіпті қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар қоғамда жазалаушы қызметті атқарады;

  5. билік көбінесе басқарудың зорлық көрсету әдісін қолданады;

  6. экономика толығымен мемлекетке бағынады;

  7. ұлттық мәселе қағаз жүзінде шешілген, ұлттық азшылықтың құқы негізінен болмайды





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет