БөЖ тапсырмалары( 1-ші аралық білімгердің өзіндік жұмысы): Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғалымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз


Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара жігін ашып талдаңыз



бет2/5
Дата07.11.2022
өлшемі92,67 Kb.
#156865
1   2   3   4   5
Байланысты:
Худайназарова С саясат
А.Ж.Программа август секц раб-ы на 19 -23.08.2022, 14 неделя презентация, СРС В2 № 14, 1турецкий
2.Саяси билік пен мемлекеттік биліктің ара жігін ашып талдаңыз.

Саяси билiк өктемдiк сипатына ие (ол басқа билiктерден жоғары тұрады, оның шешiмдерiн қалғандары орындайды), оның бүкiл қоғамның атынан билiк жүргiзетін, оның көпшiлiк адамдардың мүддесiн қорғайтын, басқа мекемелерге қарағанда билiк органдарының тəуелсiздiгi, қоғам өмiрiнiң жұмыс тəртiбiн белгiлеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберiнде ашық күш қолдана алатын, басқарумен кəсiби айналысатын адамдардың ерекше тобы.
Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлек күштеріне арқа сүйейді. Ол қызметіне қарай

  1. заң шығарушы;

  2. атқарушы;

  3. сот билігі болып бөлінеді.

Саяси биліктiң негiзгi түрi мемлекеттік билік болып табылады. Бұл биліктің басқа биліктерден айырмашылығы - оның басқару органдары бар және заң шығару мәселесiнде бiр өзі шексiз түрдегi құқыққа ие. Мемлекеттік билік өзiнiң мақсат-міндеттемелерiн орындату үшін қоғам мүшелерiн мәжбур ету амалына бір өзі ғана ие. Саяси биліктін мемлекеттiк билiктен айырмашылығы - ол бұл билік өзінің мақсаттарына жету ушін зорлауды мiндеттi түрде қолданбайды. Оның есесіне ыкпал етудiң идеология лық- экономикалык және басқа әдiстерiн қолданады. Ал мемлекеттік болса билiк өзiнiң мақсаттарын орындату үшін қоғам мүшелерiн мәжбүр етуге бiр өзi ғана қожа. Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.


Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Саяси биліктің негізгі мақсаты – мемлекеттік билікті қалыптастыру. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы сатысы болып табылады. Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның мүддесінен туындайды.Саяси билік негізінен қоғамның,халықтың қалауына байланысты қалыптасатын тарихи үрдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет