Болашақ дәрігерлер Сайыс сабақ. Сабақтың мақсаты
Дата 26.08.2017 өлшемі 8,45 Kb. #27921
Сабақтың мақсаты: Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру. 2. Оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, тереңдетіп отыру , дағдыларын ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Оқушылардың пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып өз денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салты негіздеріне , алған білімі мен дағдыларын өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Сабатың түрі: сайыс сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар , слаидтар. Көңілді тапқыштар , білімділер, Көңілді тапқыштар, білімділер, Бар өнерін алдарыңа салады. Кім білімді, көп оқыған болса егер, Бүгінгі күн жеңімпазы болады. І. “Таныстыру” ІІ. “Ғажайып ондық” ІІІ. “Ситуатциядан шығу” ІV. “Мәлімет беру” V. “Ой толғау” V І. Үй тапсырмасы “Ғажайып ондық” Жүрек пішіні қандай формада? Жүрек қабырғасы неше қабаттан тұрады? Жүрек автоматизмі дегеніміз не? Электрокардиограмма деген не? Жүрек жұмысында неше кезең бар? Жүрекшелердің жиырылуы қанша уақытқа созылады? Жүрек жұмысына не әсер етеді? Жүрек инфаркті дегеніміз не? “Ғажайып ондық” Тері қандай қабаттардан тұрады? Қандай тері ауруларын білесіңдер және олардың себебі неде? Терінің атқаратын қызметін атаңдар. Дермада нелердің негізі бар? Зардап шеккен адамға қандай алғашқы жедел көмек қажет? Тері рецепторларының қандай түрлерін білесіңдер? Адам өмірінде тері рецепторларының маңызы қандай? Қышыма қотыр ауруы жайлы айт? Саңырауқұлақтар тудыратын ауруы жайлы айт? Терінің қандай гигиеналары бар? Шаш күтімі. “Ғажайып ондық” Адам сыртқы ортада болып жатқан құбылыстарды қанша пайызын көзбен қабылдайды? Көздің қосымша мүшелерін ата? Көз алмасы қанша қабықтан тұрады?Атап бер? Көз алмасының пішіні қандай? Тамырлы қабық көздің ұлпасын немен қамтамасыз етеді? . Көзбұршақ өз қисықтығын ұлғайту өзгерісін не деп атаймыз? Жарық пен түсті қабылдайтын рецепторлар ? Қас қарайғандағы жарық рецепторлары? Көздің тор қабығындағы көру жүйкесі шығатын жерді не деп айтамыз? Көрудің бұзылу себептері қандай? Баланың тізесі жарақаттанған. Қан тамшылап ағуда. Зақымданған жері ластанған. Қан кету түрін анықтап, алғашқы көмек шараларын жаса. Химия сабағында қышқылға күйіп қалғанда алғашқы жәрдем қалай көрсетіңдер. Жарақаттанған адамның оң жақ иығынан қатты қан кетіп жатыр, қанның түсі алқызыл. Қан кету түрін анықтап оны тоқтату жолын көрсетіңдер. Достарыңызбен бөлісу: