Болашақ домбырашы ұстаз даярлау «Аспапта орындау»


Домбырада ойнауды үйрету әдісі пәні



бет3/4
Дата18.02.2017
өлшемі1,03 Mb.
#10414
1   2   3   4

8 Домбырада ойнауды үйрету әдісі пәні
Домбыра үйрету әдісі пәні болашақ ұстаздарды домбыра аспабында ойнауды үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге жұмылдырады. Ұстаздардың озық тәжірибесін көріп, сезіне жүріп, орындаушылықты, теориялық бағытта алған білімін өз бетінше тұжырым жасауға үйретеді. Пән түйінді, дәстүрлі күйшілік мектептердің бапты бағамдарынан, алдыңғы қатарлы орындаушылар мен ұстаздардың тәжірибелерінен, ғылыми зерттеушілік нұсқаларынан, жалпы педагогика, музыкалық педагогика, психология ғылымдарының негізінен алады.

Домбыра үйрету әдісі – сындарлы үрдіс. Заңдылықтардың, үлгілердің, әдістердің, түбегейлі зерттеулерлің, бір арнаға құяр саласы, жиынтығы. Теориялық түйін және болжамдардың іске асар тұсы. Домбыра үйрету әдістері дәрістерінен үйренген бар білімін болашақ ұстаздар ұстаздық машықтану сабақтарын өткізу барысында шәкіртпен етене тікелей жүздесу кезінде іс жүзінде қанығып домбырашы ұстаз, домбыра маманының бейнесін қалыптастырады. Репертуар орындаушылық қырынан тексеріліп, құжаттармен жұмыс жасалынып, оқу әдістемелік бағытқа сын көзқарасы, ұстаздық абайы қалыптасады, пікір алысып, өз бетімен жұмыс ұйымдастырылады. Педагогика ғылымдарының ойшылдары М. Жұмабаев «Ұстаздықтың тұңғиығы Абайдан басталады», – десе, Н. Крупская: «Өз бетімен жұмыс қай салада да биікке апарар жол», – деген екен. Домбыраға үйрету әдісі– кәсіби өнер саласында ұдайы дамып, ізденісте, дамуда келе жатқан үрдіс. Домбыра үйрету мектебін Л. Хамиди, Х. Тастанов, Б. Ғизатов, М. Әубәкіров, А. Жайымов, Б. Ысқақов, С. Бүркітовтер жазған оқулықтары қолданылып келеді. Біздің де ұстанған бағытымыз:

Есте сақтау, есту, ырғақ, музыкалық қабілеттер қалыптастыру, зейін, абай, творчестволық ойлау дағдысын жетілдіру, дамылсыз үйретудің прогрестік жолдары жиынтығындағы мектепті қалыптастыру өз бетімен жұмыс, шығармашылық құлшыныс, орындалған шығармаға сын көзқарас, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Басты мақсат: мінез– құлықты, домбыра өнерін жіті білетін, ұлттық рухтағы тәрбиелі орындаушы, ұйымдастырушы, ыждағатты, қағілез, инабатты ұстаз дайындау.

Домбыра үйрету әдісі пәні – басты сабақтарын тұжырымды саралар болсақ:

I. Алғашқы кездесу жоспары:

1) танысу;

2) аты–жөнін құжатқа жазу;


  1. бағыты;

  2. бұрын домбырамен таныс па соны білу;

  3. музыкалық қабілеттерін тексеру;

  4. отбасында домбыра таныстығы;

  5. өз еркі, ата–анасының көзқарасы;

  6. жалпы білім беретін мектептегі үлгерімі, уақыты т.т;

  7. керекті оқу құралдары.

II. Алғашқы сабақ негіздері:

1) оңтайлы аспап;

2) дұрыс отырыс;


  1. домбыраны дұрыс ұстау.

Домбыра шәкірттің жас шамасына, дене құрылымына сай болу керек. Кейбір домбырашылардың саусағы қысқа болса да, өте салалы келеді. Кейде салалы саусақтардың созылу қасиеті жоқ, дене бітімі қатаңдары да кездеседі. Аспаптың қолайсыздығынан отырыста көптеген қате кетеді, дыбыс сапасы да бұзылады. Бұған орындықтан келер залал да көп. Аяғы еденге орнықты қойылмаса, сол аяғының өкшесін көтереді де, еңкейіп отырады. Көпшілік жағдайда аяқ астына көтергіш қояды, әрине орындық аяғын кесіп тастап жатпайды. Егер көтергіш кішілеу болған жағдайда да орындықсыз пайда болады. Сондықтан ең тиімдісі шақ орындық, сиымды шанақ, лайық –сапты домбыр. Осы орайда маңызы зор бес қағиданы үйретуші ұстаз білгені жөн:

  1. анатомиялық;

  2. физиологиялық;

  3. жан танымдық;

  4. механикалық;

  5. акустикалық.

Анатомия – шәкірттің, ұстаздың дене мүшелері аттарын толық білу. Иық, қол, шынтақ, білек, білезік, алақан, саусақ, кеуде, мойын, бас, тізе, тобық, табан т.т. Тәжірибеде қол, саусақ, бастан басқаны білмейтін шәкірттер жиі кездеседі.

Физиология – организмнің, өсімдіктердің тіршілік барысын, дамуын және зат алмасуы заңдылығын зерттейтін ғылым. Олай болса алдыңдағы шәкірт организмнің (ой жүйесі, дене бітімі қатаң ба, боспа аңғару) домбыраға бейімділігінің дамуын байқау.

Жан таным - ұстазды адам жанының инженері деп қате айтпаған. Тәжірибелі ұстаздар шәкірт мінезін бірден таниды. Кейбір шәкірттер бірден ашыла қоймайды. Селқос тыңдаған тәрізді болғанмен, өз бетімен тындырымды келеді. Қайсыбірі сондай ыждағаттылық танытқанмен, алары аз болады. Қанша шәкірт сонша жан таным бар, әрқайсысына жеке дара келуге тура келеді.

Механикалық.. Механика– (механизм) ішкі құрылысты жүргізу, қозғалту – қозғалыс және күш заңдылықтары туралы ілім болса, екі орайда да толық білім болуы қажеттілік. Қолдары, қозғалысқа қалай келеді, дыбыс шығару үшін қандай күшті қалай жұмсау керек.

Аккустика – артикуляция, агогика, әшекей, өрнек, қағыс табиғаты т/б тақырыптар. Бұл тақырыптардың қысқаша мазмұны – бәрін бір жинаққа сыйғызу мүмкіндігі жоқ екені түсінікті болса керек. Бірақ:

- дене мүше атаулары;

- құжаттар үлгісі;

- орындыққа отырыс;

- домбыра ұстау қалпы.

Кейбір кемшіліктер көрнекі түрде берілген. Қай мәселені алсаңыз да, 1-ші кезекте тұру керек сыңайлы, сондықтан жалпы заңдылықпен реттеуге тырыстық. Атап айтсақ:



1) домбыраны үйрету сабағын жоспарлау, алғашқы сабақ өткізу әдістері, алғашқы домбыра үйрету кезіне тән қателер, оны болдырмау жолдары, оқу орнына, бағдарына байланысты ерекшеліктері, керекті құжаттар, оның жүргізілу мазмұны, сатылап орындалуы, шәкіртпен творчестволық қатынас, кемшіліктерді талдау, талпынысын қолдау, орындалу сапасын дұрыс бағалай білу. Домбыра үйрету әдістерінің жалпыға бірдей негіздері. Аспап күтімі, отырыс, екі қол қойылымы, оны қозғалысқа келтіру. Екі қол қозғалыс жүйесі, домбырашының орындаушылық дағдысының қалыптасу негізі, екі қол үндестігі, техникалық шеберлік. Маңызды – анатомиялық, механикалық, физиологиялық, жан танымдық, акустикалық бес факторды білу;

  1. музыкалық және орындаушылық қабілеттер, есту, есте сақтау, ырғақ оларды анықтау, дамыту жолдары. Қабілет және дарындылық. Талант және еңбек. Елес-қиял. Сезім және ерік. Әуездік ырғақтық, дыбыс бояулық, буындық, екпіндік, есту қасиеттері, домбыра дыбыс әуезінің қалыптасу табиғаты. Есту және байқау. Ерік және мақсат;

  2. саусақ кестесі (аппликатура), орналасу реті, қалпы (позиция). Саусақтардың халықтық атаулары. Белгіленуі, орналасуы. Позиция ауыстыру, дәстүрлі қалыптасқан перне басу реті. Дәстүрлі қағыстық атаулар. Графикалық белгіленуі. Қағыстық, дайындық жаттығулары. Оң қол шеберлігі, техникалық жетілдіру жолдары;

  3. орындаушылық шеберліктің негіздері. Домбыра орындаушылық өнерінде түрлену (вариант), көбеюі, мәнерлілік. Дыбыс бояуы жолдары, әшекей өрнектің дыбысқа әсері, орынды қолданылуы. Шығарманың екпініне байланысты ізденістер. Артикуляция, агогика ұғымдары, шығармамен жұмыс. Шебер (виртуоз), орындаушы, жеке орындаушы, сахна мәдениеті, оған дайындық. Репертуар. Репертуар таңдау, көмекші оқу құралдары. Әдістемелік талдау. Бұл қысқаша ғана тақырыптар. Шәкірттің жеке басының мүмкіндігіне, жаратылысына байланысты туындайтын жайттар жиі кездеседі. Қанша домбырашы, сонша жеке тұлға бар.

Музыка маманын дайындау қызықты да өте күрделі еңбек. Мұнда бір-бірімен жалғасып жатқан екі мәселені қараған жөн. Ұстаз өз шәкіртіне өнерге деген көз-қарасын, сүйіспеншілігін, өз білімін, іскерлігін, орындаушылық шеберлігін бере білуі. Оқушы бойындағы талантты ашу, жақсы жақтарын көрсету, кемшіліктерін ұдайы түзете дамыту. Ұстаздық шеберлік тәрбиенің осы екі қырын қатарластыра жүргізгенде ғана нәтижеге жетеді. Бірақ ұстаздық ұлағаттылықтың мәні, оның ішінде, музыкант ұстаздың шеберлігінің кейбір қалтарыстары әлде де зерттеліп болған жоқ. Дейтұрғанмен де орындаушылық шеберлік, көркемөнер, музыкант ұстаз, халық мектебі, әр түрлі аспаптарда ойнауды үйрету, халық таланттары, музыкалық сан-салалы шығармалар, олардың орындау жолы, шығармашылық қақында көптеген тұжырымдар, ғылыми зерттеушілік жұмыстар, түбірлі түйіндер, очерктер, повестер, монографиялар бар. Музыкалық педагогиканың сүйенері де осы еңбектер. Қазіргі кезде домбыра ойнауды үйрету бағытында бірнеше бағыттар, ойлар туындап жүр. Бірақ бәріне ортақ бір қағида – негіз, ол дұрыс отырғызу, қолдарын дұрыс қою, оңтайлы аспап, әп дегеннен ойлы, ізденісті домбырашы қалыптастыру, әр оқушының жеке қабілетіне байланысты сабақ ұйымдастыру. Алғашқы сабаққа ұстаз өте тыңғылықты дайындалуы керек. Оқушымен бірінші кездесудің кейінгі еңбек жемісі үшін маңызы өте зор екендігін әсте естен шығармаған дұрыс. Оқушы психологиясына әсері мол боларлықтай жағдай жасау, оқушыны өнерге ынтықтыра, қызықтыра білу. Бір сөзбен оқушыны жалықтырмай, тиянақты сабақ ұйымдастыру. Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқушы қай бағытта музыканы үйренсе де, болашақ түпкілікті осы жолда қаласа да, қаламаса да, барлық домбырашы үшін ортақ мүлде дұрыс отырыс, дұрыс қол қойылымы, әр шәкірттің табиғи жаратылысына байланысты жеке бағдарлама құру, дұрыс ойлау жүйесін қалыптастыру.

Оқу-әдістемелік құрал «Домбыра үйрету әдістеріне» арналғандықтан – басты мақсат жалпы үйрету үрдісіне бөлініп отыр. Үйретуші – ол тәрбиеші, ол ұстаз. Домбырашыларымыз оқу орнының қай деңгейінде де орындаушылық бағытта дайындалады. Әдістемелік оқу құралдарының саусақпен санағандай екенін шамамызша жоғарыда айтып өттік. Қысқаша болса да домбыра үйретуге септігін тигізетін пәндер, әдіс-амалдарды қамтуға тырыстық.


9 Музыкалық жоғарғы оқу орны домбырашы студенттерінің ұстаздық тәжірибесі ой жүйесінің дамуы мәселелері
Қазіргі таңда бұрыннан да бар музыкант – ұстаздар дайындау проблемасына өте жіті көңіл бөлінуде. Оның ішінде «Аспапта орындаушы» мамандығы ұстаздықтың, музыканы үйретуде неше қырлы, жалпы әдістері, мақсат мүдделері қарастырылуда. Мұнан орындаушылықты екінші қатарға ысырды деген мағына тумауы керек. Ол өзінен өзі күнделікті мамандық сабағымен, сынақтардағы орындалған түрлі күйлермен, шығармалармен, басқа орындаушыларды тыңдаумен келіп жатқаны айдан анық, бірақ бұл да үйретумен келетін, өркендейтін қиын да қасиетті іс. Біздің көңіл бөліп қарастыратынымыз – осы үйренген, үйрететін өнердің сындарлы саласы музыканы орындай жүріп, оны оқушыға (мектепте, колледжде, кім болса да - үйренуші) жете үйретудің әдістерімен қаруландыру үшін қандай білім жүйесі, қандай ой жүйесі керек. Сол бағытта іздену, баршаға көмек беру.

Болашақ ұстаздардың ой жүйесі, қай бағытта жетілуі керек. Осы орайда олардың студенттік кезеңдерінде өтетін кейбір курстары, пәндері мәселені шешіп бере ала ма? Әрине жоқ. Сондықтан студенттердің ұстаздық дағдыларының айқын бағыттағы қалыптасуының маңызы зор. 1-ші мамандық сабақтарында (мамандық, ұстаздық машықтану, методика) жетіледі. Бұл пәндер кәсіби орындаушы тәрбиеленудің тірегі десе де болады.

Алайда, ұстаздың ой-жүйесі ұғымының тікелей алынған анықтамасы жоқ. Көбіне көп әңгіме – қызметінің түгелдей дерлік талдау, құрамалау, даму жүйесінің көріністері туралы. Музыкант – орындаушы тәрбиесінің ұстаздардан ойшылдық, ақылдылық, әр уақыт талдау, құрамдау, қорытындылау, ойлаушылық икемділік, бейімділік талап ететініне және оның бірінші мақсат екеніне еш шүбә келтіруге болмайды. Қайталап айтсақ, осы қасиеттерді ұстаз өз оқушысында дамытуы керек. Мұнымен бірге аталған ізденістер музыкант ұстаз дайындау кезінде өзіндік мағынаға, түрге ие болады. Бұл өнер сахналарында жүрген көркем шығарма орындаушыларының айрықша жан танымдық мақсаттарынан бөлек. Ұстаз өз оқушысының берілген шығарманы орындауын тыңдай отырып, оны оймен ішкі жан дүниесінің тынысымен салыстырады (бұл әр уақытта естен шықпауы керек). Ол өз оқушысының сезімі, ойы арқылы сол музыканы бірге іштей орындайды.

Осылайша ұстаздың ой, жүйе, жан танымдық құбылыстардың аса кеңірек аймағына (орындаушылықпен салыстырғанда) бағытталады, бұл ұстаздың көз алдында тек қана оқушысының бұрыннан қалған орындаушылықтың үлгісін қалай жеткізетіндігі ғана жалаң тұрса, істің жан-жақты мәмілеге келмегені.

Сонымен ұстаздық ойдың басты негізі дегеніміз – басқа ой жүйелерінен ерекшеленетін ұстаздың оқушы түсінігі мен болжамына кіре, жақындай білуі, оның орындау ішкі жан дүниесін түйсінуі, сезуі және ұстаздық әсердің, көмектің мазмұнын, болмысын анықтауы. Бұл қасиетсіз музыкант ұстазды тәрбиелеу, творчестволыққа үйрету және кәсіптік ұстаздыққа қызығушылығын арттыру мүмкін емес.

Мұнымен бірге музыканы оқушы құлағымен естуі, кездескен техникалық қиындықтарды оның қолымен сезінуі, іштей түсінуі, үйретуі оқу процесі үшін ғана қолайлы жағдай жасайды. Дей тұрғанмен, бұл жас орындаушыға белгілі бір білім жиынтығын, шығарманың орындаушылық қиындықтарын, әдістерін үйретудегі басты қасиетті ауыстыра алмайды. Біздің кейбір жас ұстаздардың және студенттердің ұстаздық машық сабағын байқап қарағанымызда – оқушылар шектен тыс тапсырма, сұраныс алады. Мұндай кідіріссіз шектен тыс берілген тапсырма қиындық келтіреді (бағдарлама берген де шектен тыс қиын тапсырмалар береді). Әрине молынан қамтыған дұрыс болғанмен оның ішіндегі ең бастысын айқындау керек.

Сабақтың қай қайсысында да алға айқын мақсат, міндет, түп-тамырлы талдау, қоя білуге үйрету, қисынды, жүйелі ойлау қасиетін сіңіру ләзім (Сабаққа дайындықты қараңыз).

Сонымен қисынды, жүйелі ой қасиетін анықтаймыз. Ол кезек күттірмей қолға алған мақсат пен осы құбылыс аясында іске асатын шара. Осы мақсаттардың реті, біріншіден ұстаздың ұлағаты терең, жан-жақты болған сайын оның оқушымен жұмысы асқан бай, мазмұнды келеді. Әрине бұл қасиеттер студенттерде бірден қалыптаспайды, ұстаздық машықтану, тәжірибелі маман, жетекші дәріскердің арқасында біртіндеп қалыптасады, екіншіден – «Домбыра үйрету әдісі» пәні көмекке келеді. Мұнда теориялық бастамалар қолға алынады.

Ұстаздық ой жүйесінің жаңаша бір қыры: ол алған дағды білімнің практика жүзінде, тәжірибеде сапалы іске асуы. Бұл:

- ұстаздық машықтану.

- бітіргеннен кейінгі өндіріс орны.

Домбырашылардың өмірінде бұл алғаш бастаманы, екінші қырыннан қолдану, іске асырудың үлкен мәні бар, тіпті болмаса дамудың негізгі шарты десе де болады. Мұны қалай түсінуге болады. Бір әдісті жаңадан алып қалайда дамыту керек (оң қолдың қағысы) сағаттың тілімен салыстырып болса да үйрету керек – қол қозғалысын таптық дейік – ал бізге тек қана қозғалыс дағдысы емес, зерде және ой керек. Оқушымен өткен әр шығармада осы уақытқа дейін оқып үйренген, оның орындаушылық пен жинақталып біліммен іске асатын тұстары баршылық. Бірақ мұндай шешім – егер практикант студент ойынын талдай байқай отырып аспап пен музыкалық отырысты, тұлғаны бір тұтас нәрсе ретінде зеоттеп, үйреніп, онан ұқсастық пен тепе-теңдікті іздегенде тапқанда ғана мүмкін болады. Әрине ол-тек қана техникалық жетістіктерге ғана байланысты емес. Бұл орындаушылық дамудың барлық деңгейінде, әдістер оларды жетілдіру (оң қолда қағыс, сол қолда қозғалыс) тек қана қозғалыс емес, жұмыс шарттарын да тағы басқа жағдайларында көрініс болады. әдіс оймен, жүйемен іске асқанда, неғұрлым бұрынғы тәжірибемен кіріккенде, бұл байланыстарды пысықтар және тәптіштегенде ғана соғұрлым қорытындылауға, тасымалдауға көнеді.

Дәлелдей айтқанда: жеке басына алған әсері, жинаған тәжірибесі танып білгелі отырған жаңа көрініске қазір алдында сабақ болмаса (баяндама) теңгеріліп, іске қосылуы керек. Осы айтылғандардан орындаушы студенттердің ұстаздық ой жүйесінің қалыптасуы турасында негізгі мынадай бағыттарды белгілеуге мүмкіндік береді:

- оқушыға шығарма үйретуде сол оқушыға байланысты мақсат-мүдделерді бір арнаға біріктіру;

- зерделі орындаушылық, ұстаздық талдау. Оның ретімен іске асуы, өткен тәжірибеге сүйену, кейбір жұмыс әдістерімен ұқсастықтарын табу. Ұстаздардың жинақы құрамдастырылған, байланыстырылған қимыл, іс-әрекеті мұнда ең маңызды шарт, негізгі жұмыс мамндық ұстаздарына түседі;

- «домбыра үйрету әдісі» пәнінен ұстаздық машықтанудан, тәжірибелі сабақтар, тағы басқалар. Мысал келтірсек:

- жалпыға бірдей мақсат, шығармамен, мазмұнымен композитор заманымен, тілімен, стилімен, бағытымен т.с. жұмыстар;

- динамикалық белгілер, қиындықты жерлері жалпы мазмұнға жақындату – осы жерде оқушының қабылдауы (Екі қолдағы ептілікті ой жүйесімен қосу байланысып жеткізу). Әуеннің бір тұтастығы 1,2 – жағынан оның шығарма мазмұнына сай келуі, оң қол қағыстың, сол қол басуына (керісінше) күйде ал шығармада сүйемелмен жымдасуы.

Бұрынғы жинақталған дағдылардың салыстырмалы ой елегінен өткізген тасымалданып қолдану, жұмыстың маңызды кезеңі болып есептеледі. Әрбір студенттің зерделі ой жүйесінің қалыптасуын, дамуын ұстаз қадағалауының ролі зор. Жұмыс жоспарлы түрде ұйымдастырылып күнделікті дағдыға айналдыруына тек қана осы жағдайда ғана ұстаздық ойлау қалыптасады.

Домбыра үйрету әдістері - сабағында студенттермен күйлер – шығармалардың әр түрлі қиындықтарын, оның шешім нүктесін табу сияқты жарыстар өткізсе – сапасы жоғары болады. Мұндай жарыстар қызу пікір алысуға жағдайжасайды – осы орайда өз көзқарастарын қорғап үйренеді. Әрине, бұл ізденушіліктен туған мінез-құлық.

Қорытындылай келіп айтарымыз – ұстаздың ойлау дамуы проблемасын шешуде ең басты міндет – шығарманы музыкалық орындаушылық зердемен қорытындылауға үйрету – жалпы және жеке қажеттілікке айналуы керек. Музыкалық орындаушылықтың кезектей келген тізбегінен олардың іштей біріктіретін заңдылықтарды көрудің маңызы зор. Әрине бұл қасиеттерді оқушы алдына қою үшін ең алдымен ұстаз өзі ие болуы керек. Сонда ғана студент бір жақты орындаушылық емес – жүйелі, нәтижелі ой жұмысына дағдыланады.

Ұстаздың жүйелі ой қасиеті үшін студенттердің орындаушылық пен ғылыми жұмыстарының маңызы зор. Әрине бұл жұмысқа тек қана аздаған бөлігі тартылады, болмаса консерватория бітірерде ғана бір дипломдық жұмыс жазып жүреді. Қазіргі уақытта ол да кейінге ысырылды. Бірақ домбыра үйрету әдістемесі сабағында біз беріп жүрген баяндамалар, рефераттар осының бір ұшқыны, бастамасы. Мақсатымыз еңбек майданында студенттердің ғылыми зерттеушілік және тәжірибелік жұмысын – олардың өз бетімен кәсіби бағытының қалыптасуына, машықтық міндет, мақсаттарын творчестволықпен шешуге бейім болуы үшін ой жүйесін қолайластыру.

Негізгі ерекшелігі:

- біріншіден, оқу мақсаты мен міндетінің бағынуы керектігі;

- екіншіден, бұл жұмыстың танымдық бағыттармен шартты түрде сәйкес келуі;

- үшіншіден, жиі кездесетін кәсіби, ұйымдастырушылық мүмкіншіліктерінің жаңа мәліметтерімен толықтырылып отыруы;

- төртіншіден, сөз саптауға, ұстаздың сөз шеберлігіне, ізденіске үйрену.

Жалпы мұндай дағдылар ерте қалыптасуы керек. Ғылыми ұстаздық ой жүйесіне керекті қасиет ойлағыштық, үздіктігі, сөз саптау шеберлігі, нотамен, үн, бейне таспамен, кітаппен мәністі жұмыс, сындарлы сын, танымдық қызығушылық және өсуге қажеттілік, құмарлық, ізденгіштік. Міне, мұның бәрі мектепте тіпті бала жастан қалыптасып, орта буында жетіледі, ал жоғары оқу орнында зор мәнге, түйінге ие болады.

Алғашқы домбыра үйрету кезіндегі басты назарға ұстайтын қағидалар:

1) ер және қыз балалардың отырысындағы айырмашылықтар;

2) оқушымен танысу, ол туралы бар деректі жазба түрде алу;

3) аты, жөні, ата-анасы, мекен-жайы;

4) музыкалық танымы, бұрын аспаппен таныстығы, әлде басқаша талпынысы бар ма. керекті оқу құралдары: оңтайлы аспап, орындық, оқу құжаттары – мұның бәрінің де болашақ жұмыс үшін мәні зор;

5) оқушының денесін отырған кезде тіке, табиғи қалыпта ұстауы, қол саусақтарының шагырамауы;

6) адам дене буындарының атаулары;

7) аспап құралымен, күтімімен таныстыру;

8) оқушыны үйрету бағытын анықтау – нота сауаты, қолдан алу. Себебі есте сақтау, есту, таза дыбыс мәдениетін қалыптастыру, байқағыштығы жақсы балаларға қолдан үйренген тиімді, өзіне, аспапқа, нотаға қарап назары басқаға бөлінбейді, әрі байқағыштығы, ой жүйесі өседі, мұны көпжылдық тәжірибе көрсетіп келе жатыр. Ал бүгін үйренгенін келесіде ұмытып отырған шәкіртке сан жүйесінен, нота сауатынан қолайлысы жоқ. Бірақ қысқа, қысқа әуендерді, қарапайым қимыл, қағыстардан бұлармен де жеміске жетуге болады.

Бастапқы сабақтарда үйге көп тапсырма берілмейді, сыныптағы сабақты да бірнеше бөліммен өткізген дұрыс. Бұрын дағдысы жоқ бала шаршайды, қолдары талады, сонан соң қатая бастайды, ұстаған кезде қысқаңдық сезіміне жол беріледі кейін мұндай кемшілікті жөндеу қиынға соғады. Сондықтан арасында ән айтқызып, тақпақ жаттатқызып, аспап құралымен сұрап, нота жазғызып, әр алуан бағытта, шәкіртті демалғызып өзі күй орындап ойластырған ұстазға шексіз амалдар баршылық. Бір сабақты бірнеше бөлікке бөлген дұрыс. Сабақ аптасына 3-4 рет болса, тіпті жақсы.

Осындай шараларды іске асырғаннан кейін, отырып, аспапты ұстап үйренгеннен кейін, оң қолға төмен қағыс үйретуден басталады. Ілкі әзірде тиекті алып тастаған дұрыс, себебі қағыстың бағытын, қолының салмағын сезінуі үшін бала қолына кедергі болмағаны жөн. Бұл тұста еске сала кететн жай, жоғары қағысқа қарағанда төмен бағытқа қол өз салмағымен оңай түседі. Жоғары қағысқа кейде жұлқи күш салады, болмаса қолды түскен бағытынан бұра тартады.

Қолдың ішекке жанасуы, сонан кейін қай буын арқылы бағыт берген дұрыс, міне бұл әр домбырашының күнделікті жадында сақтар қағидасы. Жоғары қағыстың дыбыс бояуы, әлді, әлсіз үлес, өлшем түрлері оқушы үлгеріміне қарай өзгертіліп отырады. Оң қол қойылымы керекті дағдыға жақындағаннан соң, қатар басталған соң қол қойылымын біріктіру қарастырылады (әрбір әдіс үйренуші қабілетіне, ұғуына қарай уақыт алады).

Үйретушінің сол қол саусақтарының пернеге орналасу қалпы бірден домбыраға емес, жай кеңістікке және қолының табиғатына байланысты сол қол, орта буыннан болмаса онан да жоғары пернелерден қойылады. Қай саусақтан, қай тұстан бастау – ол үйренуші дене құрылымына байланысты жеке бағдарлама негізінде үйлестіріледі. Ля-пернесінен бастап қоған кезде, көпшілігі қолдары жетпеуіне қарай, домбыраны кейін тартып, иықтарын көтереді, алақандары жазыңқы тұрады, мұнан саусақ алыс кетеді, басын төмен салып пернені алдынан қарайды, онан соң оң иық төмен түседі, шынтақ домбыраның бетін жабады, оң қолдың басы жоғары көтеріліп, сапасыз орындаушы, сәнсіз отырысқа жол беріледі (суреттерде көрсетілген). Жалпы тек қана осы келеңсіздіктен әзірге 45 жайт, оның ішінде, дене құрылысының бұзылуына, омыртқа желісінің қисаюына себеп болады.

Сондықтан орта пернелердің біріне 4 саусақтан бастап қойылса, алақан жинақы, сынықты болады, білек буын, шынтақ көтерілмейді. Бармақ, 3-ші саусақ соңын ала қойылады. Бұл жағдайлардың бәрі ұстаз шеберлігіне байланысты өзгертіліп отырады. Жаттығу мезгілі ұзақ болмағаны абзал. Арасында теориялық материалдар тапсырмасы беріледі. Алғашқы кезден-ақ қара қағыстармен үйрете тұрсақ та оқушыны дыбыс сапасына құнықты қылып тәрбиелеген дұрыс.

Көп жылғы тәжірибеден байқағанымыздай сол қол 1 саусақтан басталып қойылады. Себебі ең салмағы бар, ыңғайлы, қозғалысқа оңай, жалпы табиғи үйлесімі мол, тірек нүктесі мықты саусақ. Алдымен әуелі оқушының саусақтарын оң қолды қоспай, бірнеше рет пернеге қойып, дыбыссыз тек бір перне және ашып қозғалысқа келтіреді. Пернеден пернеге жылжыту кейін қолға алынатын басты шара. Саусақтар үлгідегі көрсетілген нұсқадан ауытқымауы керек, 1-саусақты қалыпқа келтіргеннен кейін оң қолды төмен қағыспен қосып, жай екпінде жаттығулар беріледі. Сол қол 1-саусағының төмен қағыспен қойылымы кезінде, музыкалық дыбыстың ұзақ болуы, болмаса паузамен келуі, оқушының келесі ұяға көшкенше саусақтарын бағдарлап үлгеруіне көмектеседі. Бұл жерде «1-саусақ неге тек қана ля пернесіне қойылуы керек» - деген сұрақ қойылмауы тиіс. Оқушы дене құрылымына байланысты тіпті басқаша да болуы мүмкін. Кейде сол қол 4-ші саусақтан да бастап қойылады. Сол қол иық, шынтақ буындарының табиғи қалыпта тұруының, кеудемен арадағы бұрыш қатысының үлкен маңызы бар. Алғашқы сабақтарда бас бармақты қозғамаған абзал. Бас бармақпен 1-ші саусақты қатар пернеге қойған кезде, табиғи қозғалыс дағдысын білмегендіктен оқушыда домбыра мойынын қатты ұстау дағдысы пайда болады. Бұл жөндеуге өте қиын әдет. Сондықтан да жан-жақты талмай ізденіс, жіті бағам, терең тұжырымды тәрбиемен, тәжірибе ғана өз жемісін бермек.

Ішектерге саусақ жанасу шеберлігін жіті қадалған абзал.

Отырыс, қол қойылып болғаннан соң оқушылардың басым көпшілігін сан жүйесімен үйрету жақсы жеміс беріп келеді. Келетін оқушының бәрі санай біледі, оны білмейтіні өте сирек. Мұның тиімділігі нотаға және басқа жағдайаттарға алаңдамайды, көңіл бөлінбейді. Бұл көптен қолданылып келе жатқан әдіс, бірақ қол қойылымына біраз көңіл бөлуге тура келеді. Алғыр бала 3 күнде домбыраны ұстап, 12 жолдық күйді үйреніп болады (бірақ отырыс, қол қойылымында кемшілік болады). Кейін нота жаттауға да үлкен септігін тигізеді. Домбыра мойнын белгілеу былай жүзеге асады. Қазақтың ән-күйлерінің ішінде (аты жоқ, ре# - соль#) пернесіне баратындары сирек. Халық арасында аты жоқ немесе Түрікпен перне деп те атайды. Сол себептен оны есепке алмаймыз. Екі ашық ішек 0/0-ден басталып белгіленгеннен (ми-ля) 2-пернені 1-1 белгілеп; Әрі қарай жалғаса бероеді. Бастапқы әзірде сол қолда жиі қолданатын саусақ кестесі б/1; б/2;/б/4 және үсті ашық. Әбден дағдыланған соң ¾; 2/4; 4/1, ¼ саусақтары арнайы жаттығулармен қойылады. Тұспалдау баспалдақ үстіңгі ішегі төменге, астыңғы ішегі – белгісі үстіне жазылады. Екі бөлек жаттатқызып, ішегін жаттатқызып, кейін екеуі біріктіріледі.

Үй тапсырмасы қиындық түсіретін шәкірттер үшін өте тиімді. Бұл әдісті А. Жайымов, Б. Ысқақов, Ш. Асқаров, А. Райымбергенов, Ж. Нәжімеденов, Б. Қабыланов т.б. көптеген ұстаздар қолданып жүр. С. Андарбаев, Х. Тастанов, М. Әубәкіров, Б. Рзаханов, Т. Бәділов, Ғ. Әдепқалиевтар кезінде көркем-өнерпаздар үйірмесінде қолданған. Әрине, мұны оқу жүйесіне қолдану, нота сауатына жеңіл ойысатынын тәжірибеде көз жеткіздік.

Бір сөзбен айтқанда ұстаздықтың шежіресін жан-жақты, жіт көзбен бағдарлаған үйренушіден ғана, асқар білімді, терең танымды өнер мектебінің мағым маманы шығады.

Педагогика деген грек сөзінің түсінігіндегі «пайдос-бүлдіршін», «агос-алып бару» немесе жеткізу деген іліммен сабақтасады. Біз таныған адам тәрбиелеу ғылымынан хабардар ете отырып, тәжірибе тұғырына саятын іздену, тәрбиелеу, үйрену, білім алу, дамыту, сіңіру ұғымдарының аясында сұхбаттасу.

Педагогика – қоғамдағы адам тәрбиесі, білімі турасында ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибеге, өмір ағымымен бекітілген, халықтың тұрмыс-салтымен кірген әдет-ғұрыптар, философия, психология, халықтық педагогика, қоғамдық көзқарастағы ғылым. Ал музыка педагогикасы негізін осы үрдістен алып, астарлар бағытта өрбиді. Бірақ консерватория студенттері үшін оқу орны қабырғасынан алған теориялық, болмаса мамандықтан үйренген орындаушылық шеберліктері – жалаң түрде ұстаздық тәлімінің тереңіне бойлауы, шәкіртке ой салуы үшін көмекші бола алмайды. Ол тек қана өз бетімен мектепте, колледждерде, өнер ұжымдарында еңбек еткен, барлық ойына түйген іс-тәжірибесін жіті бағдармен күнделікті қолданғанда ғана жемісін береді. Себебі, қайталана тұрсақ та, олар бірнеше оқушыға сабақ береді, әр түрлі жан-дүние, әр түрлі қабілет, әр жастағы оқушымен жұмыс жасайды. Жеке жұмысы, класы болып, іс-тәжірибеден өткен студенттердің оқушыларының деңгейі жан-жақты, ой өрісі мығым келеді. Ал тек қана «Ұстаздық машықтану» пәнінен сабақ алған студенттің оқушысында жетіспестіктер кездесіңкіреп қалады. Мұнан ұстазы үйрете алмады деген ой тумайды. Оның себебі ол оқушының мектепте өз мұғалімі, әрі тәрбиешісі бар, студенттің жетекшісі, нұсқаушысы бар, сонда студентке өте аз ауқымдағы жұмыс қалады. Ол оқуын бітіріп еңбек жолын бастаған кезде қиыншылықтарға кездеспесі үшін, «Ұстаздық машықтану» пәнін өту кезеңдерінде алғашқы сабақтардан бастап, ең соңғы баспалдақтарына дейінгі көлемнен, кезеңдерден өтсе, сәнсіз отырыс, сапасыз орындаушыға кездеспеген болар едік.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет