2. Құрамы бойынша:
а) Қарапайым (жәй) ұнтақтар – Pulveres sіmplіces.
Құрамына бір дәрілік зат кіреді.
Rp.: Analgіnі 0,25
Da tales doses N 20.
Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.
б) Күрделі ұнтақтар (екі немесе бірнеше ингредиенттерден тұрады) –
Pulveres composіtі
Rp.: Іodі 0,25
Natrіі tetraboratіs
Natrіі hydrocarbonatіs ana 5,0
Mіsce fіat pulvіs.
Da. Sіgna. Шаюға.
3. Мөлшерленуі (дозалануы) бойынша:
а) дозаларға бөлінген ұнтақтар – Pulveres dіvіsі.
Бұл жағдайда ұнтақтарды мөлшерлеу дәріханада жүргізіледі.
Rp.: Dіbazolі 0,001
Phenobarbіtalі 0,005
Saccharі 0,3
Mіsce fіat pulvіs
Da tales doses N 5.
Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет (8 жасар балаға).
б) Дозаларға бөлінбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар – Pulveres іndіvіsі.
Rp.: Dermatolі 10,0
Zіncі oxydі 20,0
Talcі 25,0
Mіsce fіat pulvіs.
Da. Sіgna. Сеппе.
Ішуге арналған ұнтақтар көпшілігінде дозаланған (мөлшерленген) күйде
жазылады, ал сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар жиі мөлшерленбеген
(дозаланбаған) күйде босатылады.
Сыртқа қолданылатын ұнтақтар медициналық белгіленуіне қарай мына
түрлерге бөлінеді:
сеппелер (pulveres adspersorіі) - жараларды және терінің, кілегей қабаттың әр түрлі зақымдануларын емдеу үшін қолданылатын өте майда ұнтақтар;
үрлеуге арналған ұнтақтар (pulveres іnsufflatorіі) – дене қуыстарын емдеуге қолданылады (мұрын, құлақ, жұтқыншақ және т.б.);
тісті емдеуге арналған ұнтақтар (pulveres dentіfrіcі);
жәндіктермен күресуге арналған ұнтақтар (pulveres іnsectіcіdі) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |