Таблетканы рецептпен жазу ережесі.
Таблеткаларды тағайындаудың төрт түрі бар.
түр:
Рецепт жазу Rp сөздерінен басталады.: Tabulettae (Ілік с., жекеше ),
Препараың атауын және дозасын лаын тілінде көрсетеді.
D. t. d. № X (осындай дозаларды X санымен жібер) сөздерімен рецепт жазуы аяқталады.
S. (Signa - Белгілеу)
Мысал:
10 анаприлин таблеткасын (Anaprilinum) 0.01-ден жазу. Күніне 1 таблеткадан 4 рет тағайындау.
Rp.: Tabulettaе Anaprilini 0.01
D. t. d. №10
S. Күніне 1 таблеткадан 4 рет.
түр:
Дәрілік препараттың атауы және оның дозасы латын тілінде.
D. t.d. № Х in tabulettis (осындай дозаларды таблеткадағы x санымен жібер).
• S. (Signa - Белгілеу).
Мысал:
0.0005 (Atropini sulfas) атропин сульфатын 10 таблеткадан жазу. ½ таблеткадан тамақтанар алдында күніне 3 рет қабылдау.
Rp.: Atropini sulfatis 0.0005
D.t.d. № 10 in tabulettis
S. ½ таблеткадан күніне 3 рет тамақтанар алдында.
түр:
Рецепт жазу Rp сөзінен басталады.: Tabulettas (табыс с., көпше) әрі қарай дәрілік заттың атауы ілік септігінде, оның бір реттік дозасы граммен және олардың саны көрсетіледі.
• D. S. (Бер. Белгіле.)
Мысал: Нитроглицериннің (Nitroglycerinum) 40 таблеткасын 0,0005-тен жазу. 1 таблеткадан тіл астына тағайындалсын
Rp.: Tabulettae Nitroglycerini 0,0005 № 40
D. S. тіл астына 1 таблеткадан.
түр:
Ресми таблеткаларға рецепт жазу Rp сөзінен басталады.: әрі қарай дәрілік форманы табыс септігінде көпше түрде көрсетіледі.(Tabulettas)
Таблеткалардың атауы бас әріппен атау септігінде тырнақша ішінде көрсетіледі
• D. S. (Бер. Белгіле).
Мысал:
"Папазол" ("Papazolum") 20 таблеткасын жазу. Күніне 3 рет 1 таблеткадан тағайындау.
Rp.: Tabulettas «Papazolum» №. 20
D. S. 1 таблеткадан күніне 3 рет.
Рецепт жазу:
1.10 г стрептоцид құймасы (Streptocidum).
Rp.: Streptocidi 10
D. S.: жағу үшін
2. 50 Дигоксин таблеткасы (Digoxinum) 0,00025-тен. Ішке 1 таблеткадан күніне 1 рет.
Rp.: Digoxini 0,00025 №50
D. S.: Ішке 1 таблеткадан күніне 1 рет.
Достарыңызбен бөлісу: |