4. Таблеткалардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы. Рецептпен жазу ережесі.
Таблеткалар (Tabulettae) - дозаланған, дәрілік немесе көмекші заттардан құралған қоспаны престеу арқылы алынатын, ішке, сыртқа, сублингвальді, имплантациялық, парентералды енгізуге арналған дәрілік қалып түрі.
Қолданылуы мен дозасына байланысты таблеткаларды дозаланған
қалыпты қолдану үшін және дозаланбаған қалыпты сақтау үшін болып бөледі.
Дәрілік форма ретінде таблеткалар бірқатар оңды қасиеттерге ие: технологиясының қарапайымдылығы; дисперсиялану деңгейін реттеп отыру мүмкіндігі; кейбір жағдайларда заттардың кристалды құрылымының биологиялық қол жетерлікке оң әсерін тигізуі; мөлшерлеу дәлдігі; ауру балалар мен егде тартқан ауралар үшін ерекше маңызды болып табылатын қолдану ыңғайлылығы; құрамының әмбебаптығы; сақтау және тасымалдау ыңғайлылығы – осылардың бәрі дәрілік заттардың терапиялық белсенділігін барынша қолдануға мүмкіндік береді.
Таблеткалардың басқа дәрілік қалыптар алдындағы артықшылықтары:
Жоғары деңгейде гигиена мен өндіріске септігін тигізетін өндіріс операциялары мен негізгі сатылар механизациясының тиісті деңгейі;
Таблеткаларға дозаланған дәрілік заттардың нақты мөлшері;
Сақтауға, тасымалдауға және шығаруға ыңғайлы болатын олардың портативтілігі;
Дәрілік заттардың престелген жағдайда ұзақ сақталуы;
Төтеп бере алмайтын заттар үшін – қорғаныш қабығын жабуға мүмкіндік;
Қабықшамен қаптау арқылы жағымсыз органолептикалық қасиеттерін (дәм, иіс, боялу қасиеті) жасыру;
Бір- бірімен физика-химиялық қасиеттері бойынша сәйкес келмейтін заттарды бір дәрілік қалыпқа жинақтау;
Қышқыл орталарда еритін қабықшамен қаптау арқылы дәрілік заттың АІЖ-да локализациясы;
Белгілі уақыт аралығында таблеткадан организмге бірнеше дәрілік заттардың сіңірілуінің реттелуі;
Дәрілерді қабылдау, беру кезіндегі қателіктердің алдын алу – таблетка сыртына қажетті нұсқауды жазу .
Бірақ таблеткалар бірқатар кемшіліктерге де ие:
Таблеткалардағы дәрілік заттардың әсері инъекциялық препараттарға қарағанда салыстырмалы баяу;
Таблеткаларды организмге құсу мен естен тану жағдайында енгізе алмайды;
Сақтау барысында таблеткалар цементтелуі мүмкін;
Таблеткалар құрамына ешқандай емдік мәні жоқ тіпті кейде жанама әсер көрсететін (мысалы, тальк асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді) қосымша заттар болады;
Көптеген науқастар, әсіресе балалар таблетканы еркін жұта алмайды