Жауабы:Өзінің тұрғылықты жеріндегі Амбулаторияға қаралуы тиіс
29.05.2020
Мен бүгін 14:00- де порталға кіріп қашықтықтан оқу барысында кәсіптік тәжірибиемді жалғастырдым. Тәжірибе жетекшісі Отынбаева Г.К. салған ситуациялық есептері шешуге кірістім.
Есеп №1 Қабылдау бөлімінен түскен науқастың медициналық картасында педикулезден өңделді деген белгі бар.
Тапсырма:
1.Бөлімше мейірбикесі не істеу керек?
Жауабы:Педикулезбен қайта зақымдалмау мақсатында қолданылған киімдерді қайнату (көбінесе сүлгілерді, бас киімдерді, төсек-орынды, капюшон мен жағасы бар киімдерді, жұмсақ ойыншықтарды). Биттің бар-жоғын тексеру үшін, басты ақшыл матаның үстіне тарап көру қажет. · Түнде басты сүлгімен орамай, шашты жақсылап фенмен кептіру қажет.
Есеп № 2 Көшеде (ауруханадан алыс емес) іші қатты ауырғандықтан қабылдау бөліміне денесі, киімдері өте лас науқас қаралды. Дәрігер оны қарағаннан кейін қажетті көмек көрсетіліп ,бөлімшеге бағытталды
Тапсырма:
1.Мейіркештің іс – әрекет ізділігі қандай?
ЖауабыА:уруханаға түскенде егер керек болса науқастар гигиеналық тұрғыдан моншада немесе ағын судың астында жуынады. Ол кезде монша алдын ала 1 % хлорамин ерітіндісімен өңделеді, сабынмен және ысқышпен жуылып ыстық сумен шайылуы керек. Судың температурасы шамамен 42 градустай болуы керек. Науқасты жуындыру реті: басы, денесі, колдары, шап аймағы, бел тұсы, іші және аяқтары. Жуындыру ұзақтыш 30 минуттан аспауы керек, Гигиеналық монша мен ағын суда жуындыруды шындығына келгенде барлық науқастарға бірдей қолдана бермейді, онын себептері түрліше. Жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар жеке басының тазалығын үйлерінде реттеп келеді. Аурухананың арнайы киім кешектері қазіргі кезде нашар және көбіне жарамсыз болып жатады, сондықтан науқастар ауруханада үйлерінен әкелген киімдерін киіп жүреді.
2.Бұл науқасқа қандай құжат толтырылады?
Жауабы:Дәрігер науқасты қарап, ауруханаға жатқызу сұрағы шешілгеннен соң қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады. Мейірбике науқастың дене қызуын өлшеп, «Науқастарды қабылдау немесе жатқызбау» журналына тіркейді. Журналға науқастың аты-жөні, туған жылы, мекен жайы, кім жібергені, жіберген мекеменің диагнозы, қабылдау бөлімінің диагнозы жазылады. «Ауруханадағы науқастың медициналық картасының» титулды бетін мейірбике толтырады.
Есеп №3 Қабылдау бөліміне соқпай реанимациялық бөлімге ауыр қалдегі науқас жеткізілді.
Тапсырма:
Мұндай жағдайда науқастың қабылдау құжаттарын қалай толтырады?