Стационарлық типтегі мекемелер тоқталсақ Ауруханалық мекеме түріне аурухана, клиника, госпиталь, перзентхана, сауықтыру орталығы, хоспис, күндізгі аурухана жатады. Ауруханалық мекеме ауруханалық шартта емдеуге арналған. Ауруханалық көмек (лат. stationaris –тұратын, қозғалмайтын) - квалификациялық, мамандандырылған, жоғары мандандырылыған, тәулік бойына медициналық қадағалаумен, көмек көрсету формасы болып келеді.
Аурухана- емдеу мекемесі, дәрігерлік күтімді, қадағалауды, қарауды қажет ететін науқастар жатқызылған. Бұл жерде кідіріссіз медициналық көмек, сонымен қатар емханалық жағдайда қиындық туғызатын немесе болмайтын үнемі медициналық күтімді және емдеу әдістерін қолдануды қажет ететін науқастар жатқызу қызметтері атқарылады,және Ауруханалар бөлінеді: · бірсалалы, бір ғана аурудың түрін емдеуге арналған мекеме (туберкулездік, психоневрологиялық, жұқпалы және т.б көпсалалы, әр түрлі ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған бөлімшелері бар (терапия, хирургия, неврология, ЛОР және басқа да бөлімдер)
Енді Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібіне тоқталсақ
Емдеу бөлімінің емдік сақтандыру тәртібі бүл емдеу және сактандыру шаралары емделушілердің күші мен саналарына тыныштың беруге арналады, келесі тәртіптен түрады:
1) емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін камтама-сыздандыру;
2) ішкі күн тәртібі ережесін қатаң саңтау;
3) қозгалыс белсенділігініқ тиімді тәртібін қамтамасыз-дандыру
Ауруханада жатқан уақыттағы науқастардың міндеттері:
тамақтарды тоңазытқышта пакетке салып сыртына науқастың тегін, аты-жөнін, палатасының нөмірін және салған күнін белгілеп қояды. Тез бұзылатын заттарды тумбочкада және палатаның терезе алдында сақтауға тиым салынады;
палатада және аурухананың басқада бөлмелерінде тазалықты сақтау, төсекті және төсек жанындағы тумбаны таза ұстау;
жалпы гигиеналық ережелерді сақтау – тамақ ішер алдында қолды жуу, тісті тазалау және т.б.;
аурухана мүлігін күтіп ұстау, қолдану;
ауруханадан шығу уақытын туыстарына уақтылы айту.
Бөлімшедегі емдік-қорғау режимі науқастардың қимыл-қозғалыс белсенділігін қадағалауды қарастырады. Қимыл-қозғалыс режимі – науқасқа аурына және жағдайына байланысты рұқсат етілетін қимыл-қозғалыс мөлшері.
Стационардағы қозғалыс белсенділігінің режимі былайша бөлінеді:
Қатаң төсек режимі- науқас максимальді шектелген, төсекте активті қозғалу қатаң тиім салынады, тіпті бір бүйірінен келесіне бүйіріне орнын ауыстыру да. Бұндай режим реанимацияда және интенсивті терапияның бөлімшесінде, ота жасалғанан кейін, омыртқаның және бас ми жарақатынан кейін тағайындалады.
Төсек- науқас төсектен тұрмайды, отыра алады, бұрыла алады. Барлық жеке басына қатысты гигиеналық шаралар төсекте кіші медбикенің көмегімен жүргізіледі.
Жартылай төсек- науқас барлық уақытын төсекте өткізеді, төсектің шетіне отырады немесе тағам қабылдауға арналған орындықта отырады, таңертеңгілік тазалығын және дәретханаға медбикенің көмегімен бара алады.
Бөлмелік (палаталық)- науқас көп уақытын төсекте өткізеді,бөлменің ішінде еркін жүруге рұқсат етіледі. Барлық жеке басына қатысты шаралар бөлменің (палатаның) ішінде жүргізіледі.
Жалпы (еркін)-науқас бөлімшеде, аурухананың шекарасында және аурухананың территориясында активті қимыл қозғалысының шектелуінсіз бола алады.
Науқастың төсектегі қозғалыс қалпыда 3 түрден тұрады:
1)Белсенді
2)Енжарлы
3)Мәжбүр
Келесі Мейірбикенің медициналық мекемелердегі этикалық қарым-қатынастары және медициналық деонтологияның жалпы мәселелеріне келсек.
Мейірбикенің негізгі мәселесі – адамға, ауруға немесе сау адамға,сауығарда немесе тыныш өлу кезеңінде, қандай жағдайды, оған керекті күшті, еркін өзі таңдап алуына көмек көрсету!Медициналық деонтологияның жалпы мәселелері барлық медициналық мекемелерге жатады:
1.Аурумен күрес және денсаулықты қалыпқа келтіру.
2.Медқызметкерлердің тәртібінің принциптерін оқу, керек жағдайда емдеудің тиімділігін жоғарылатуға бейімделген болу.
3.Медициналық іс әрекетте қолайсыз факторларды алып тастау.
4.Медқызметкерлері мен науқастың арасында қалыптасатын қарым-қатынасты оқып үйрену.
5.Жеткіліксіз медициналық жұмыстың салдарынан болатын қауіпті зардаптарын алып тастау (дөрекі, тәртіпсіздік, профессионалды компенеттіліктің жоқтығы).
6.Емдік мекемелердегі ұжымның қабылдаған моральды-этикалық нормаларын, ережелерін сақтау. Субординация, бұл көлбеу және тік жағдайда бағыну.
Осымен мен бүгін Мейірбикенің медициналық мекемелердегі этикалық қарым-қатынастары және медициналық деонтологияның жалпы мәселелері мен Емдеу алдын алу мекемесінің (ЕАМ)түрлерімен және жұмысының ерекшеліктерімен толық танысып ,түсініп білдім.