Болат Ғасыр Топ: II емдеу ісі


Жауабы:Егер науқас бірден жансақтау бөлімшесіне (қабылдау бөлімінен тыс) түссе, қажет құжаттарды бекеттегі мейірбике толтырып, соңынан қабылдау бөлімшесіне тіркейді



бет31/65
Дата07.02.2022
өлшемі103,66 Kb.
#92149
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
Күнделік

Жауабы:Егер науқас бірден жансақтау бөлімшесіне (қабылдау бөлімінен тыс) түссе, қажет құжаттарды бекеттегі мейірбике толтырып, соңынан қабылдау бөлімшесіне тіркейді
Іс- әрекеттер :
1) Ауруханаға жатуға қажетті құжаттардың түгелдігін тексеріңіз.
2) «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналы құжатына, дәрігер қарап болған соң, тіркестіріп жазыңыз.
3) «Науқасты қабылдау және қабылдамау есебі» журналына енгізіледі:
- түсу күні, уақыты;
- аты-жөні, тегі;
- туған күні, айы, жылы;
- жолдама берген мекеменің диагнозы;
- науқасты қайда жатқызғаны;
4) Ауруханадағы науқастың медициналық картасының паспорт бөлімін толтырыңыз.
- Алынған мәліметті (дене қызуы, антропометрия өлшемдерін) ауру тарихына жазыңыз.
- Шпательмен жұтқыншақты тексеріп, науқастың түкті жерлерін қараңыз.
- Егер бит шықса, оған қарсы шаралар жүргізіңіз. Ф-058 хабарлама қағазын толтырыңыз.
5) Науқастың жағдайының ауыр-жеңілдігіне байланысты санитарлық тазалауды (дәрігердің тағайындауымен) жүргізіңіз.








30.05.2020

Мен бүгін 14:00- де порталға кіріп қашықтықтан оқу барысында кәсіптік тәжірибиемді жалғастырдым.Бүгін біз Емдеу бөлмесінде жұмыс туралы өттік және тәжірибе жетекшісі Отынбаева Г.К. салған тапсырмаларды шешуге кірістім. 
Тапсырма.№1
1.Егу бөлмесінің аймақтарын атаңыз.Ол аймақтарда нелер орналасады.
Жауабы:Емдеу бөлмесінде асептикалық, жұмыс және шаруашылық аймақ бөлініп, олар таза және «лас» ағындардың қиылысын болдырмауға мүмкіндік береді.


Асептикалық аймақта дәрі салынған шкаф пен қаптамадағыстерильденген материалдар және манипуляциялық үстел орналасады


Жұмыс аймағында(рабочая зона)науқасқа барлық манипуляциялар жасалады, құжаттар толтырылады. Бұл аймақта диван, тоңазытқыш (дәрілік заттарды +4 ºС температурада сақтау үшін, термометрді тоңазытқышта сақтау керек), жұмыс үстелі (оның үстінде журналдар мен басқа да медициналық құжаттар толтырылады және екінші манипуляциялық үстел (бар онда қанға арналған түтікшелері бар триподтар, турникеттер, валик,қан тобын анықтауға арналған жинақ бар).


Тапсырма.№2
Егу бөлмесінің күнделікті және қортынды дезинфекциясы қалай жүргізіледі. .
Жауабы:Емшара бөлмесінде ауаны зарарсыздандыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.
Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет