Алдын алу шаралары
Алдын алу шаралары жұқпа көздерін активті анықтауға, таралудың табиғи және жасанды жолдарының үзілуіне, қауіп топтарында вакцинацияны жүргізуге бағытталған.
В гепатитімен залалдану қаупі жоғары топқа жататын адамдар вакцинацияланады:медицина қызметкерлері , медициналық мекемелердің студенттері,науқастар,В гепатитімен ауырған науқастың туыстары,нашақорлар.Ересек адамдар иммунизациясының кестесі 3 егуден тұрады; екі егу 1 ай аралықпен енгізіледі, үшінші 6-айдан соң жасалынады.Ревакцинация 7 жылдан кейін өтеді.
Қандағы антиденелер 10 ХБ (халықаралық бірліктен) жоғары деңгейі иммунизацияның толық курсын өткен адамдардың 85-95%- де дамиды.Екі егуден кейін антиденелер 50-60%-те пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |