3.1
Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар
Инвестициядан
алынған
табыстардың
уақыттық
факторы
инвестицияның (активтiң) құндылығына маңызды әсерiн тигiзедi, ал қарызды
қайтару (төлеу) уақыты қарыздық мiндеттемелердiң құнына да соншалық
әсер етедi. Бухгалтер кез келген қаржылық операцияға қатысты ақшаның
келтiрiлген және болашақ құнын анықтай бiлуге және оның мәнiн түсiнуге
тиiстi. Сондықтан бұл дәрістің негiзгi мақсаты - ақшаның кiруi мен
шығуының келтiрiлген құнын анықтауға мүмкiндiк беретiн әдiстердi
қарастыру болып табылады.
Бухгалтерлiк есепте ақшаның уақыттық құны терминi уақыт пен ақшаның
өзара байланысын көрсету үшiн пайдаланылады: бүгiн алынған теңге қашан
да бiр келешекте уәде етiлген теңгеден құндырақ. Себебi бүгiнгi
теңгенi инвестициялау және одан табыс алу мүмкiндiгi бар. Сөйтiп
қаржылық салымдардың бағдарламасын бағалау кезiнде олардың
салынатын уақыттарының әр түрлiлiгiн есепке ала отырып жеткiлiктi
мөлшерде табыс әкеле алатындығын айқындау қажет.
Бухгалтерлiк есепте қаржылық операцияларды бағалау кезiнде (мысалы:
жалдау операциялары, ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: