Теріс іскерлік репутация
Жоғарыдағы «Асыл» компаниясы «Дәуір» компаниясын 3 430 000
теңге төлеп сатып алды делік. Теріс іскерлік репутация 570 000
теңгені құрайды. Бірігу операциясы орындалғаннан кейінгі «Асыл»
компаниясының балансы төмендегідей болады:
«Асыл» компаниясының балансы (бірігуден кейінгі) мың.теңгемен
Активтер
сомасы
Капитал
және
міндеттемелер
сомасы
Теріс іскерлік репутация
(5 7 0)
Негізгі құралдар
3 6 00
Акционерлік капитал
3 5 0 0
ТМБ
2 2 00
Бөлінбеген табыс
2 5 0 0
Дебиторлық борыштар
2 7 00
Міндеттемелер
3 0 0 0
Ақша қаражаттары
1 0 70
Жиынтығы
9000
Жиынтығы
90 0 0
12
Мүдделік бірігудің есебі
Мүдделік бірігу бухгалтерлік есепте мүдделік бірігу әдісінің
көмегімен көрсетілуге тиісті.
Бұл әдісті қолдану кезінде бірігуші кәсіпорындарды
қаржылық қорытынды есебінің баптары бірігу жүзеге асырылған
кезең ішінде және ашылып көрсетілген кез келген кезең ішінде
біріккен кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебіне
енгізілуге тиісті. Егер мүдделік бірігу қаржылық қорытынды
есепке енгізілген соңғы есептік мерзімге дейін жүзеге асырылған
болса, кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебіне кәсіпорын
қатысатын мүдделік бірігуді енгізуге болмайды.
Мүдделік бірігудің мәні мынада, яғни ешқандай сатып алу
жүзеге асырылмайды және де кәсіпорындардың бірігуіне дейін
орын алған тәуекелдік пен пайданы өзара бөлісу сақталады.
Мүдделік бірігу әдісі бірлескен кәсіпорындардың есебін енді олар
біріккен иелікте және басқаруда болатындығына қарамастан,
өздерінің
шаруашылық
қызметін
жеке
ұйым
ретінде
жалғастырушы кәсіпорындардың есебі ретінде қарастырады.
Тиісінше қаржылық қорытынды есептің жекелеген нысандарын
құрған кезде елеусіз өзгеріс болады. Мүдделік бірігу бірлескен
бір ұйымның туындауына (пайда болуына) алып келетіндіктен,
бірегей есеп саясаты бекітіледі. Сөйтіп, бірлескен кәсіпорын
бірігуші кәсіпорындардың активтерін, міндеттемелері мен
меншікті капиталын тек бірігуші кәсіпорындардың есеп саясатын
келісім және ол есеп саясатын барлық кезеңге қолдану
нәтижесінде
түзетілетін
(корректировкаланатын)
олардың
ағымдағы баланстық құны бойынша есепке алады. Жаңа оң
немесе теріс іскерлік репутацияны есепке алу болмайды.
Мүдделік бірігуге байлансты шығарылған шығындар қай
кезеңде шығарылса сол есепті кезеңнің шығысы ретінде танылуға
тиісті.
Кәсіпорындардың бірлестігінің есебі – мүдделік әдіс
бойынша мысал арқылы қарастырайық.
Мысалы: «А» компаниясы әрқайсысының құны 3$ АҚШ
доллары тұратын 250 акцияны шығарып оны «Б» компаниясының
800 акциясына айырбастау жолымен «Б» компаниясының барлық
акционерлік капиталын сатып алды.
Әрбір компанияның мүдделік бірігуіне дейінгі баланстары
төмендігідей болды.
«А» компаниясының балансы
Активтер Міндеттемелер және капитал
13
Таза активтер 1600 Қарапайым акциялар 1000
Бөлінбеген таза табыс 600
Барлығы 1600 Барлығы 1600
«Б» компаниясының балансы
Активтер Міндеттемелер мен капитал
Таза активтері 1200 Қарапайым акциялар 800
Бөлінбеген таза табыс 400
Барлығы 1200 Барлығы 1200
«А» компаниясында орындалатын бухгалтерлік жазу
Дт Кт
2210 «Үлестік қатысу әдісімен 1200
есепке алынатын инвестициялар
5
020 «Қарапайым акциялар» 750
5510 «Бөлінбеген таза табыс» 400
5310 «Эмиссиялық табыс» 50
Акцияны шығарғаннан кейінгі «А» компаниясының балансы
Активтер Міндеттемелер мен капитал
Таза активтер 1600 Қарапайым акция 1750
Инвестиция 1200 Бөлінбеген таза табыс 1000
Қосымша төленген капитал 50
Барлығы 2800 Барлығы 2800
Топтың біріктірілген (консалидацияланған) балансы
Активтер Міндеттемелер мен капитал
Таза активтер 2800 Қарапайым акция 1750
Бөлінбеген таза табыс 1000
Қосымша төленген капитал 50
Барлығы 2800 Барлығы 2800
14
|