1.3
Кәсіпорындарды біріктіру құны. Сәйкестендірілген
активтер мен міндеттемелерді тану (есепке алу)
Сатылып алынған жекелеген активтер мен міндеттемелер,
егер олармен байланысты келешек экономикалық пайда алу
немесе сатып алушының оны жоғалту ықтималдығы болса және де
сатып алушы үшін оларды бастапқы немесе әділетті құнының
сенімді өлшемі болса, онда олар сатып алу мерзіміндегі күйі
бойынша бөлек есепке алынуға тиісті.
Сатып алынған активтер мен міндеттемелердің есепке
алудың жоғарыдағы критерийлеріне сай келмейтін бөлігі сатып
алу кезінде туындайтын оң немесе теріс іскерлік репутацияның
шамасына әсер етуші болып табылады. Себебі іскерлік репутация
сәйкестендірілген активтер мен міндеттемелерді есепке алғаннан
кейін сатып алудың қалдық құны ретінде анықталады.
Сәйкестендірілген активтер мен міндеттемелерге (бақылау
жасауды сатып алушы кәсіпорын сатып алатын) сатылып алынған
кәсіпорынның қаржылық қорытынды есебінде бұрын есепке
алынбаған активтер мен міндеттемелер енгізілуі мүмкін. Бұл
негізінен олардың сатып алу кезінде есепке алу критерийлеріне
сәйкес келмеуіне байланысты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: