3)
дебиторлық борыштарды алынуға тиісті сомалардың таза құны
бойынша есепке алу керек. Бұл құн тиісті ағымдағы проценттік
ставкалардан күмәнді борыштар бойынша резервтерді және
инкассалау шығындарын алып тастау (шегеру) арқылы
анықталады;
4)
тауарлы материалдық босалқылар:
-
дайын өнім және тауарлар – сатып өткізу бойынша
шығындар сомасын алып тастағаннан кейінгі сатып- өткізу
бағасы бойынша бағаланады;
-
аяқталмаған өндіріс - өндірісті аяқтауға шығарылған
шығындарды, сатып - өткізуге байланысты шығындарды
алып тастағандағы дайын өнімнің сатып өткізу құны
бойынша көрсетілуге тиісті;
-
шикізаттар мен материалдар – ағымдағы жаңғырту құны
бойынша бағаланады;
5)
жер және ғимараттар:
-
пайдалану мақсатындағы – активтің нарықтық бағасы
бойынша;
-
сатып өткізу мақсатындағы кейінірек сатып өткізу үшін
сақтау мақсатындағы - сатып өткізудің таза құны бойынша
бағаланады;
6)
машиналар мен жабдықтар:
-
пайдалану мақсатындағы – бағалау жолымен белгіленген
олардың нарықтық құны бойынша немесе есептелген
амортизация сомасын алып тастағаннан кейінгі олардың
бастапқы құнымен бағаланады;
-
уақытша пайдалану мақсатындағы – бір типті өндірістік
қуаттылық бойынша есептелген амортизация сомасын алып
тастағандағы бастапқы құнның ең төменгі шамасы
бойынша немесе сатып өткізудің таза құны бойынша
бағаланады;
-
сатып өткізу мақсатындағы кейінірек сатып өткізу үшін
сақтау мақсатындағы оларды сатып өткізудің таза құны
бойынша бағаланады;
7)
патенттер, лицензиялар сияқты материалдық емес активтер –
белгіленген құны бойынша бағаланады;
8)
төленуге тиісті шоттар мен вексельдер, ұзақ мерзімді қарыздар,
міндеттемелер, есептеулер мен басқадай төлем талаптары –
тиісті ағымдағы пайыздық ставкалар бойынша анықталған
міндеттемелерді жою кезінде төленетін сомалардың ағымдағы
құны бойынша бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: