(топтастыру стратегиясы: жеке, жұппен, топта)
Оқушы әр жыл мезгілге байланысты сөз тіркестерін немесе сөйлем жазады, келесі оқушы қай мезгілге жататынын сызықпен топтастырады
(топтастыру стратегиясы: жеке, жұппен, топта)
(ұқсастық пен даралық стратегиясы)
Жыл мезгіліне байланысты «Қ» дыбысынан басталатын сөздерді топтастыру. (әріпті басқа әріппен немесе буынмен алмастыруға болады)
|
Көктем зат есім
____ ____ сын есім
_____ _____ ____ етістік
___ ___ ____ _____ сөз тіркесі
_____ синоним
(бес жолды өлең стратегиясы) Қыс, көктем, жаз, күз сөздерін жыл мезгіліне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады
Жаз зат есім
____ ____ сын есім
_____ _____ ____ етістік
___ ___ ____ _____ сөз тіркесі
_____ синоним
(бес жолды өлең стратегиясы) Қыс, көктем, жаз, күз сөздерін жыл мезгіліне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады
Күз зат есім
____ ____ сын есім
_____ _____ ____ етістік
___ ___ ____ _____ сөз тіркесі
_____ синоним
(бес жолды өлең стратегиясы) Қыс, көктем, жаз, күз сөздерін жыл мезгіліне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады
Қыс зат есім
____ ____ сын есім
_____ _____ ____ етістік
___ ___ ____ _____ сөз тіркесі
_____ синоним
(бес жолды өлең стратегиясы) Қыс, көктем, жаз, күз сөздерін жыл мезгіліне байланысты басқа сөздермен алмастыруға болады
-
ЖИГСО-1 стратегиясы Жыл мезгілдеріне арналған төмендегі мәтіндермен жұмыс жүргізуге болады
Сынып үш немесе төрт топқа бөлінеді, әр топта 3 немесе 4 оқушыдан болады
Әр топтағы оқушылар 1,2,3,4 белгіленеді
Әр топтың 1- номерлі оқушылары бір топ құрады, 2-номерлі оқушылары екінші топты құрады. т.с.с
Жаңадан құрылған топтарға мәтін төртке бөлініп таратылады, топта талқылап мазмұнын айтуға дайындалады.
Әр топ мүшесі мазмұнын айтуға дайындалғаннан кейін бастапқы топтарына оралады.
Дайындап келген мәтіннің мазмұнын басқа топ мүшелеріне айтып, мазмұндауға дайындайды
Әр топтан бір оқушы мәтіннің толық мазмұнын айтып береді.
|
Қыс
Биыл қыс өте салқын да емес, тым жылы да емес, өте жақсы болып тұр. Қар қалың, ауа таза. Демалыс күні далада бірнеше сағат жүріп келсең, қандай тамаша! Балалар да қыстың жақсы күндерін көңілді өткізеді. Олар ақ қала жасап, бір-біріне қар лақтырып, ойнайды, үсті –бастары ақ қар. Бірақ балалар оған көңіл бөліп жатқан жоқ. Қыста Кәрім екеуміз аңға шығатынбыз. Оның жасы менен үлкен. Ол мені аңшылыққа үйретті. Бір күні бізге үлкен қасқыр кездесті, біз оны соғып алдық.
Қыс
Желтоқсан- қыстың басы. Қыста күн қысқарып, түн ұзарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ мамыққа оранады. Өзен мен көлдер қатады. Терең үйшіктерде жатқан жан жануарларға аяз әсер ете алмайды. Олардың орны-жылы. Қырдан суық өтпейді. Тіпті қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.
Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау қандай жақсы! Аққала соғып, қар лақтырысасыңдар! Шанамен таудан сырғанап, шаңғы тебесіңдер. Биіктен төмен сырғанағанда, өзіңе қанат біткендей сезінесің! Көк мұздың үстінде коньки тебу қызық-ақ!
Қыс бірден түсе қоймайды. Өзен қатқан мезгілден бастап қыс түсті деп айтуға болады. Ал қыста күн суық болады. Сондықтан жоғары көтерілген бу бірден майда мұз түйірлеріне айналады. Онда мұз түйірі нәзік және үшкір болады. Олар бір-біріне жабысып, пішіні жұлдыз тәрізденеді. Сөйтіп қар болып жерге түседі.
Жылы күні жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қарды домалатып ойнайды. Ал аязды күні түскен қар құрғақ болып жауады. Сондықтан бір-біріне жабыспай, қиыршықтанып тұрады.
Қыс хабаршысы
Қараша-қыстың хабаршысы. Бұл айда қара суық күшейеді. Су бетіне қабыршық мұз тұра бастайды. Күн қысқарады. Қою қараңғы түн ұзарады бастайды. Тау басын қар басады. Қыстың ызғары күшеюге айналады. Қою бұлт қанатын жаяды. Ағаштардың жапырақтары солып, сарғайып жерге түседі. Тек қарағай ғана жап-жасыл. Гүлдер мен шөптер солып жатыр. Оқушылар алғашқы тоқсан қорытындысына әзірленеді. Олар сабақты жақсы үлгеріммен аяқтауға тырысады. Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс сезіліп тұрады.
Қараша- алтын күздің соңғы айы. Адамдар енді қысқа дайындала бастады. Азық-түлік даярлап, жылы киімдерін киеді. Біз қысты да, күзді де жақсы көреміз. Табиғаттың әр мезгілі өзінше көркем және қызық.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері: көктем, жаз, күз, қыс. Көктемде күн жылынады. Қар ериді, ағаштар көгереді. Жер көктейді.
Жазғытұрым егін егеді. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар қайтып келеді. Жазда күн ыстық болады. Жұрт көйлекшең жүреді. Жаздыгүні жаңбыр жауады, жеміс піседі.
Күзде егін піседі, жұрт егін бастырады, көкөністерін жинайды. Күзде күн салқын болады. Бірінші қыркүйекте оқу басталады.
Қыста күн суық аязды болады. өзендер, көлдер қатады. Адамдар жылы киім киеді. Балалар сабақтан соң сырғанақта коньки тебеді, шанамен сырғанайды. Төменгі сынып оқушылары жаңа жылға дайындық жасайды. Жаңа жыл кәрілер үшін де, балалар үшін де өте көңілді.
Жаңа жыл
Ағылшындар жаңа жылды әр түрлі жағдайда қарсы алады. Адамдар өз отбасында жиналып, кешкі сағат сегізден таңертеңге дейін тойлайды, немесе би залдарына барып, түні бойы билейді демалады. әдетте үстелге жеңіл тамақтар қойылады: суытылған ет, самса, торттар және сусындар. Түннің ортасында Биг Бен парламентінің үйінен берілетін қоңырауды радиодан тыңдайды және жаңа жыл үшін тостар көтереді.
Жаңа жылды қарсы алу үшін көп адам Пикадилли алаңына жиналып, өлең айтады. Жаңа жылға адамдар бір-біріне мерекелік құттықтау хат және сыйлықтар жібереді. Дәстүр бойынша адамдар бір-біріне жаңа жылда шылым тартпауға, жыл бойы ерте тұруға уәде береді. Бірақ уәделердің бәрі орындалады деп айтуға болмайды.
Қаңтар
Жыл мезгілдерінің ішіндегі ең суық мезгіл-қыс. Көптеген ақындар, жазушылар қыстың қандай болатынын әсем түрде суреттеген. Мысалы: абай қысты қартпен салыстырады. Қыстың ең суық айы қаңтар.
Қаңтарда қазақстанның көп жерлерінде көбінесе аяз болады. Семейде кей жылдары қаңтар айында суық 40-45 градусқа жетеді. Мұндай суықтарда бет, қол, аяқ үсу өте жиі кездеседі. Терезенің әйнектері, ағаштар, өзен бетіндегі мұздар жарылып кетеді. Мұндай қатты аязда мектептерде оқу болмайды. Балалар, кәрі адамдар жылы үйде отырады.
Фермадағы малшылар малды қорады күтеді. Олар малды суарады, малға жем береді, малдың тұрған жерін тазартады.
Мерекелер
Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды.
Біріншісінде жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, парктерге, спорт кешендеріне шыршалар орнатылады. Оларға түрлі-түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылда адамдар бір-біріне жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді.
Екіншісі-көктем айының басы, күн мен түннің теңелген күні, наурыздың жиырма екісінде тойланады. Бұл күні дүние жүзіндегі мұсылмандар: «Жыл басы жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні» деп айтады. Наурыз тойында жақсы киініп, салт атқа мініп, жақын адамдар бірін-бірі жақын ауылдарға барып құттықтайды. Мейрамның ең басты тағамы- наурыз көже пісіріледі.
Наурыз- жыл басы. Бұл салт-дәстүрімізді еске алатын күн.
Наурыз
Наурыз-қазақша жыл басы. Наурыз күні-қазақ халқы наурыз көже,наурызнама беретін кун.
Бірақ жыл басын наурыздан бастап санау жалғыз қазақтарда ғана,өзбектерде ғана емес,жер – жүзілік халықтың бәріне де бар десек бекер болмас.
Наурызда күн мен түн теңеледі де,жылынады.Күздігүні суықтың ызғарынан өліп қалған табиғат аспаннан
құйылған жылудың әсерімен қайтадан тіріледі. Қар ериді, көл бұзылады, өзен, сай тасиды, көк шығады.
Қазақ халқы – мал баққан шаруа халық.Қазақтың мал бағу шаруасы табиғаттың түрлі өзгеріс қалпына байланысты.
Наурыз айында қазақтың малы төлдейді.Бір малы шаруаның екеу болып,кіріс кіретін ай.Соның үшін қазақта
наурыздың қадірі тағы да артығырақ.
«Наурыз» сөзі – парсы сөзі: – «нау» - жаңа, «руз» - жыл деген сөзден алынған.
Көктем
Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді. Балалардың қуанышы қойнына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді. Ауылды жерде егін салу басталды. Мен соқаға отырып жер жырттым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн ашылды, жұмыс қыза түсті. Күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Көмекке басқа адамдар келді. «бірлік бар жерде, тірлік бар»- дейді халық. Бірігіп үлкен жұмыс істедік.
Жаз
Биыл жаз өте ыстық емес, жаңбыр жиі жауып тұр. Егін де, көкөніс те, жеміс те мол. Мен атаммен, әжеммен бақшада көп еңбек етемін. Атама жеміс ағаштарының бұтақтарын көтерісіп, қияр, қызанның жапырақтарын байлаймын. өсіп келе жатқан жемістерді суарысамын. Әжеме де арам шөптерді жұлуға көмектесемін. Шілде-тамыз айында қарақат, бүлдірген, құлпынай піседі. Алма мен сары, қара өріктерді де осы айларда жинаймыз. Осындай еңбектен кейін суға түсіп, ыстық суға аунап жатқан да рахат қой! Кешке жақын барып өзеннен балық ұстаймыз. Кейде кішкентай шабақтар қармаққа ілінеді. Оны мысығыма әкеліп беремін.
Алтын күз
Сабырлы күз де келді. Қыркүйек- барлықтың байлықтың айы. Қиырына көз жеткісіз алтын толқынды теңіздерді мыңдаған «дала кемелері» жүзіп жүр. Қырманын астыққа толтырған диқанның қуанышы қойнына симайды.
Бұл айда құс атаулының көші басталады. Ұзақ сапарға шығатын достарына жол-жоралғысын жасап, суық торғай мазасыз күйде. Оларды шығарып салып, шыр-пыр болып жүр.
Қыркүйектегі екі күннің орны бөлекше. Бірі-айдың алғашқы күні. Гүл құшақтап, өздері де гүлдей жайнап, мың сан бала мектепке барады.
Ерекше күннің енді бірі-23 қыркүйек. Бұл күні табиғаттың ең таңғажайып құбылыстарының бірі болады: күн мен түн теңеледі.
Айдың алғашқы күндерінде кәдімгідей суық түсе бастайды.
Күнбағыс бастарын көтере алмай, еңкіш тұр.
Көк жеміс, картоп пісіп, жетілді. Дарқан күздің жемісін жинаудың қарбалас кезі.
Алтын масақ егіннің ішінде комбайн даусы бір тынбайды. Қарсы алдына мол жарық қондырып алып, айлы түнде егін шауып жүргендер бар.
Оңтүстіктегі егінжайда ақ мақта төбешіктері пайда бола бастады. Малдағы ауылдар шапқан пішендерін маялап, қораларына тынбай шөп тасиды. Мал қораларын жөндейді.
Бау – бақшалардағы жұмыс қандай қарбалас! Тәтті қауын, қызыл шырынды қарбыз анадайдан иісі аңқып, жақындасаң, көздің жауын алады. Қауын, қарбыз, помидор тиелген машиналар қала мен екі арада дамыл таппайды.
Егін орылып алынған аңыздарда қоңыр қаз, саңырау құр топ – тобымен жүр. Семіздіктен маңғазсып, маң – маң басады. Оқта – текте кезіккен дәнді шоқиды.
Құмырсқа қысқа азық жинап, илеуін өсімдік дәндеріне толтырады. Олар жұмыс істеуден жалықпайды. Жем алар жеріне ерсілі – қарсылы жол салып алған.
Ағаштар қыс ызғарын сезгендей. Жапырақтарын сарғайтты. Өсімдіктер сарғайып, алтын түстес болған соң, халық бұл мезгілді «Алтын күз» деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |