Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 6- сынып қазақ тілі Бөлім:«Қуат көзін үнемдей білеміз бе?» Оқу мақсаттары:6.1.5.1.- тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау. 6.5.1.4.- өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану; Ойлау дағдысының деңгейлері:білу және түсіну. Қолдану Орындау уақыты: 20 минут
Электр қуатын үнемдеу басты қажеттілік.
Электр қуатын көп пайдалану – оны өндіруге жұмсалатын шикізат көздерін көп тұтыну ғана емес, жаһандық экологияға да зиян келтіруде. Сондықтан болашағы үшін алаңдайтын әрбір азамат күнделікті тұрмыста электр қуатын үнемдеп жұмсағаны дұрыс. Бүгінде электр үнемдейтін шамдар көп кездеседі. Қарапайым шамдардың орнына энергияны аз тұтынатын шамдарды қолданған жөн. Энергия үнемдеуші шамдардың пайдалану мерзімі қарапайым шамдармен салыстырғанда сегіз есеге артық. Үйде қолданатын тұрмыстық техникаларды қуаттағыш токтан ажыратып отырған дұрыс. Өйткені ток көзіне қосулы тұрған құрылғы энергия пайдаланады. Ғалымдардың болжамы бойынша 2030 жылға дейін энергияны тұтыну қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өсетіндігін айтты.