Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивация- қозғаушы
|
Педагогпен төмендегі тапсырмаларды орындатады:
«Көктем келді». Музыка ырғағына сәйкес жай жүру. Бір-бірінің соңынан музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес жеңіл жүгіру; «Құстар ұшты» қолдарын шетке еркін созып, «қанат қағып», «көбелектер ұшып келеді», «көбелектер гүлге қонады»(тоқтап, еденге сәл отыра, орындыққа отыру) қолды жоғары-төмен түсіре, бір-бірінің соңынан, музыка ырғағының өзгеруіне сәйкес қатарды бұзбай жүгіру; бытырап жүгіру.
|
Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.
|
Іздену- ұйымдастыру
|
Жалпы дамыту жаттығулары
1. «Алма ағашы». Б.қ.: аяқ сәл алшақ қойып, қол төмен ұстап, еденге отыру.
Алма ағашы кішкентай,
Өс-өс-өс! (тұрып, қолды жоғары көтеріп созылу)
Алма ағашы кішкентай,
Гүлден,гүлден,гүлден(қолды еркін,қолды жоғары көтеру, төмен түсіру, шетке созу).
Көктемгі күн, шуағыңмен қыздар! Шуағыңмен қыздар!(қолды
шетке сзу арқылы жоғары көтере созылу).
Алмалар тез пісіңдер,пісіңдер!(қолды шетке созу арқылы жоғары көтеру, қолдың басын айналдыру).
2. «Аяқтың ұшына». Б.қ.:н.қ, аяқтың ұшына көтерілейік, сәл отырып,тік тұрайық.
3. «Аяқтар» . Б.қ.: н.қ, қол белде. Аяқты шетке қою.
Аяқты айқастырып қою.
Аяқты бірге қою .
4. «Қоңыздар». Б.қ.: Шалқадан жату. «Қоңыздар оянды» аяқты бүгу, қол мен аяқты көтере қимыл жасап, «ж-ж-ж-ж-ж» деу; бастапқы қалыпқа оралу.
5. «Көбелектер». Б.қ.:аяқ сәл алшақ, қол төмен. Қолды шетке созып, көбелектің ұшуын бейнелеу; «Көбелектер қанаттарын жинады» деген белгі бойынша қолдарын арқаға апарып, сәл отырып: « орырдық» деу.
6. «Торғайларды сипайық». Музыка ырғағына сәйкес «торғайлар-балалар» ұшып жүреді, музыка өзгерген кезде «торғайлар» жүреле отыра қалады. Педагог тағайындаған бір бала торғайлардың арасында жүріп, мейіріммен: «Жақсы көремін торғайды, торғай ағашты қорғайды», -деп, торғайларды бастарынан сипайы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |