Оқушылар тақырып бойынша «Джигсо» ұжымдық оқыту әдісі арқылы бірінші жұпта сосын топпен тақырыпты талқылайды.
«Миға шабуыл» әдісі бойынша топтық жұмыс Топ: Программа деген не?
Программалық жасақтама деген не?
Топ: Программалық жасақтама неше түрге бөлінеді?
Операциялық жүйе деген не?
Топ: Операциялық жүйе қандай қызмет атқарады?
Windows 10 ОЖ қандай обьектілер бар?
Бағалау критерийі: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары
Саралау тапсырмалары.
Талқылау сұрақтары «Идеялар тасқыны» әдісі (жұптық жұмыс)
Себебін анықтайық
1.Компьютердің операциялық жүйесіз жұмыс жасай алмауының себебі неде?
2. Неліктен алғашқы операциялық жүйелер командалық деп аталған?
3. Не себепті Windows операциялық жүйесінде бір мезгілде бірнеше тапсырманы орындауға болады?
Сергіту сәті «Сұрақ парақшалары» Компьютерде тәжірибелік жұмыс. Практикалық жұмыс.
Жұмыс үстелінің фонын ауыстырыңдар.
«Менің компьютерім» обьектісіне тінтуірдің оң жағын басып, жанама мәзірден қандай Windows операциялық жүйесінің аты мен компьютерді қолданушы атын анықтаңдар.
Жұмыс үстеліне бума құрыңдар, буманы «6 сынып» деп атаңдар.
М әтіндік құжатқа қолданып отырған компьютердің аты мен операциялық жүйенің атын жазыңдар.
Операциялық жүйелер туралы не білесің 4-5 сөйлеммен ойларыңды жазыңдар.
Дескриптор:
Жұмыс үстелінің фонын ауыстырады.
Жұмыс үстеліне бума құрады.
Мәтіндік құжатты жасайды.
Online Test Pad программасында жасалған тест жұмысын ұялы телефоннан орындау.
Оқушылар топ болып сұрақтарға жауап береді
Ауызша мадақтау, ынталандыру
Карточкалар
Сабақтың соңы
30-45
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.
Рефлексия (жеке, жұптық, топтық, ұжымдық)
«Бес саусақ» әдісі.
Оқушыларға сабақ басында кері байланыс парақтары таратылады. Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады. Бұл сөздер оқытудың мақсаттарымен сәйкес келуін ескерту және қадағалау керек.
Үйге тапсырма Оқулықта берілген үй тапсырмасын орындау