(Т) 3- тапсырма Қолдану «Kаhoot» ойыны
Балалар, естеріңде ме? Туынды зат есім басқа сөз таптарынан да жасалатын еді.
Мына кестеге қарайық.
Зат есімнен зат есім
|
Етістіктен зат есім
|
Сын есімнен зат есім
|
биші
|
ұшқыш
|
әсемдік
|
Енді ойын арқылы пысықтайық.
Сергіту сәтінде «Жұбыңды тап» ойыны. Қолғаптың сыңарын табуды сұраймын.
(Жұп.ж.) 4- тапсырма Талдау
«Тез ойла, тез ойна» әдісі. 1 минутта тақтадағы сөздер арасынан тәуелденген зат есімді тауып жазыңдар. Қай жұп көп, әрі дұрыс сөз жазса, сол жеңімпаз болады. Оқушылардың көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Қаламым, тоқымаң, өрен, көркемім, ауылы, тікті, суреттейді, сексен бір, жақсы, тігіншіміз, көлігі, Алмас, көгілдір, алтыншы, дәптерің, келді, екі, маржаны, жомарт, суретші, ақ, қырық сегіз, жүзді, бесінші, тігеді, шебер, мың бес жүз, Елбасы, отызыншы, ермексазыңыз, шаршы, құрылысшылар, шиыршық, жіңішке .
5-тапсырма Жинақтау «Қызық тапсырма»
Аудио бойынша тақырыпқа байланысты тәуелденген туынды зат есімі бар сөйлем құрау.
(Құрманғазының «Адай» күйі)
6-тапсырма. Бағалау. Қатесін тап, түзетіп жаз.
Бекзат анасының қолынан шелекін алып үйге кірді. Өркен атаға қолғабыс тигізді. Үшбұрыштың төбесі латын әріпімен белгіленеді.
(Ж) 7-тапсырма. Өздік жұмыс
Мәтінді оқы. Тапсырмаларын орында.
Асыл мұраларамыз ата – бабаларымыздың өнерімен, өнегесімен бағалы. Бүгінгі күні Қазақстанда Қорқыт атаның ізбасарлары аз емес. Бабалар мұрасын жалғастырушылар Қорқыттың күйлерін бізге жеткізіп отыр. Қорқыттың «Қобызым» әні әнші Жанар Айжанованың орындалуында өз тыңдаушыларын тапқан.
№
|
Тапсырмалар
|
Жауабы
|
Ұпай
|
1
|
Үй тапсырмасы /3/
|
|
|
2
|
Мәтіннің негізгі ойын жаз.
|
|
|
3
|
Негізгі зат есімді тап.
|
|
|
4
|
Туынды зат есімді тап.
|
|
|
5
|
1-жақтағы сөзді тап.
|
|
|
6
|
Оны екінші жаққа өзгерт.
|
|
|
7
|
3-жақтағы сөзді тап.
|
|
|
8
|
«Халық» сөзіне І жақ жекеше жалғауын жалға.
|
|
|
-Үйге берілген тапсырманы қалай орындағанын түсіндіреді.
Сұраққа жауап береді.
Әркім бір-бір мысал келтіреді.
-Көркем етіп көшіріп жазады.
-Бүгінгі сабақ тақырыбын анықтап, мақсат қояды.
-«wordwall.» ойыны арқылы тақырып бойынша ережені еске түсіреді.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |