Бөлім тақырыбы: 5.3. Үйсіндер мен қаңлылар Сабақ тақырыбы: Үйсіндер туралы жазба деректер 1-сабақ
Қазақстан тарихы 5-сынып Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Оқу мақсаты: 5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру;
«Аққу әнінің» тарихы Үйсіндер туралы алғашқы мәліметтер б.з.д. ІІ ғасырдың соңында қытай елшіліктері арқылы таралған. Үйсін билеушісі – гуньмо (күнби) қытайдың билеушісі әулетімен туыс болуды ниет етті. Сөйтіп б.з.д. 107 жылы билеушіге 1000 жылқы беріп, қытай ханшасына үйленеді. Ханша өз еліне сағыныш сезімін білдіретін «Аққу әні» деп аталатын жыр шығарады.
Аспан елі
«Усунь» деген этноним ең алғашқы қытай тарихшысы Сыма Цяньның «Шицзи» («Тарихи жазбалар») атты еңбегінде жазылған. Усунь-го қытай тіліннен «асман», яғни «аспан» деген аударылады.
«Усунь» деген этноним ең алғашқы қытай тарихшысы Сыма Цяньның «Шицзи» («Тарихи жазбалар») атты еңбегінде жазылған. Усунь-го қытай тіліннен «асман», яғни «аспан» деген аударылады.
Көне қытай жазбаларындағы «усун» тайпасы мен Ұлы жүздегі «үйсін» тайпасы арасында байланыстың болуы ықтимал. Үйсіндер кейінгі қазақтар сияқты киіз үйде тұрған, негізгі асы – ет пен сүт, қымыз болған.
Қытай елшісі Чжань Цяньның хабарлауы бойынша, үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың әскері болған. Үйсін мемлекетіндегі басқару жүйесінің өзіндік ерекшелігі бар. Б.з.д. 73 жылғы дерек бойынша, ол өз ішінде оң қанат, сол қанат, орталық деп үш әкімшілік-әскери аймаққа бөлінді.
Б.з.д. ІІІ ғ.-б.з. V ғ. Аралығында өмір сүрген үйсіндер қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Олар Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл және Қытайдың солтүстік-батыс аумағында тұрды. Астанасы Қызыл Аңғар (Чигучен, Чигу) қаласы болған.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Қытай жазбаларында үйсін қоғамының қандай ерекшеліктері көрсетілген?
2-тапсырма.
Бұл жыр үйсіндердің өмірі, тұрмысы туралы қандай мәлімет береді?