Бөлім тақырыбы: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін Сабақ тақырыбы: Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?
Дүниежүзі тарихы 5-сынып Оқу мақсаты: 5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;
5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
Бағалау критерийлері: – ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдаланады;
– тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді біледі.
Тірек сөздер
Алғашқы қауымдық өнер- кейінгі палеолит дәуірінде қалыптасқан «жабайы», немесе дәстүрлі өнер деп аталатын өнер.
Homo erectus Тік жүретін адам (питекантроп, синантроп) 1,5млн – 200 мың жыл бұрын Homo neanderthalensis Ежелгі қазба адам (неандертальдық) 100 – 35 мың жыл бұрын Homo sapiens Саналы адам (краманьондық) 40 – 35 мың жыл бұрын