Бөлімдер: Қазақ тілі Тақырып: Қайталау Мақсаты



Дата23.03.2018
өлшемі54,9 Kb.
#39467
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Қатынас Бөлімдер: Қазақ тілі Тақырып: Қайталау Мақсаты: қыс мезгілі, үй жануарлары, жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Сан мен зат атауын байланыстыра айта алу дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Байланыстыра сөйлеу дағдыларын, салыстыра , ажырата, топтастыра білу іскерліктерін дамыту. Кесте бойынша сұрақтарға жауап беруге үйрету. Сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту. Аңдарға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. жаңа сөздер: мыршай, көжек, қонжық, бөлтірік билингвалді компонент: қыс, қар, сиыр, түйе, жылқы, қой, аю, түлкі, қасқыр, қоян т.б. керекрі құрал-жабдық: проектор, слайдтар, тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ынталандыру-оятушы

Ұйымдастыру кезеңі. –Балалар, қонақтармен сәлемдесейік. –Үлкенге де «Сіз». –Кішіге де «Сіз», -Баршаңызды құрметтеп, сәлем дейміз біз. 1 слайд. Мұғалім балалармен жылы қарым –қатынас орната отырып,олардың оқу іс-әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аударады. Достығымыз берік боп, Бекітейік беріп қол. Қуанышты шеңберге, Қандай жақсы қол берген! Сколько добрых лиц вокруг Эй ребята, шире круг. Приглашаем в хоровод, Шумный радостный народ. Good morning , good morning , Good morning to you, Good morning , good morning , We are glad to see you. 2 слайд. –Балалар осы сендер мейірімді сөздер білесіндер ме? -Таңертен ұйқыдан тұрғанда не деп айтамыз? -Тамақ жер алдында не деп айтамыз? -Ұйықтар алдында не деп айтамыз? -Жарайсындар балалар, сендер көп мейірімді сөздер біледі екенсіңдер.

Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып,үш тілде қоршаған ортаға сәлем береді.

-Қайырлы Таң! -Асыңыз дәмді болсын! -Қайырлы түн!



Ұйымдастырушы

ізденуші

3 слайд. Кестемен жұмыс: -Балалар балалардың өлеңі жылдың қай мезгілі туралы айтылған? -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс айларын кім атап береді? -Қазір қыс мезгілінің қай айы? -Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қандай қысқы ойындарды білесіңдер? -Бір аптада неше күн бар? -Бүгін аптаның қай күні? 4 слайд. Зерттеу жұмысын жүргізу. –Қар қандай болады? -Қар аппақ болады. Қар күміс сияқты болады. Қар жұмсақ болады.



5 слайд. –Балалар, жұмбақтардың шешуін тауып көрейік .

-Жарайсындар балалар-түйе, қой,сиыр, жылқы қандай жануарларға жатады.

Топтық жұмыс. -Мына суреттегі үй жануарларын атандар. Жаңына төлдерін жапсырындар. 6 слайд. -Төлдер қалай дыбыстайды -Бұзау«М»-ны «Ө»-ге қосып «Мө»,-дейді, -Бота«Б»-ны «Ө»-ге қосып «БӨ»,-дейді -Құлын «Е»-ны «Е»-ге қосып «Е-Е-»,-дейді -Қозы «М»-ны «Ә»-ға қосып «МӘ»,-дейді Ойын жаттығу. «Заттарды санмен сәйкестендіру» Сары түсті қағаздағы ойын жаттығуын орындаймыз.Санға қарай жеміс пен көкөністерді сәйкестендіру. 7 слайд. Сергіту сәті. Ұзын құлақ ,сұр қоян, Естіп қалды сыбдырды Ойлы - қырлы жерлерден, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығын салып көзінің. Келе жатқан томпандап. Көжегі екен өзінің. 8 слайд. Слайдтағы суретті көрсету. -Бұлар не? –Дұрыс айтасындар жабайы аңдар. –Балалар жабайы аңдарға нелер жатады? -Неліктен жабайы аңдар дейміз? -Балалар жабайы аң-қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік етеді. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік етеді. Мысалы, төрт түлік мал-үй жануары, ал арыстан жолбарыс, т.б. аңдар жабайы жануарлар. –Мынау қай аң? -Ал мынау? -Мынау қай аң? -Мынау? -Өте жақсы балалар, сендер жабайы аңдар туралы көп біледі екенсіндер! Топтық жұмыс. -Аңдарды атаңдар, суреттерін жабыстырындар. 9 слайд. Дидактикалық ойын. «Не қайда тұрады?» -Қызыл түсті қағаздағы тапрысманы орындайық .Үй жануарлары мен жабайы аңдарды топтастырамыз. -Жақсы балалар . 10 слайд. -Қасқыр, түлкі, қоян, аюдың балаларын қалай атайды? –Балалар, қасқырдың баласы –бөлтірік. Қоян баласы-көжек. Түлкі баласы-мыршай. Аю баласы- қонжық.


Балалардың қыс мезгілі туралы тақпақтары: Аппақ көше, бар дала, Аппақ ойлар, қыраттар, Ақ шатырлы қар дала, Ақ жамылып тұр бақтар.

Аулада ойнап, шулайды, Қар лақтырып балалар. Сырғанақта зулайды, Шаңғышылар , шаналар.

Мұз айдында қызық көп, Конькишілер жүзді енді Айқыш-ұйқыш сызық боп, Түсіп жатыр іздері.

Балалар сұрақтардың ретін кестемен байланыстыру керек. -Қыс мезгілі -Желтоқсан, қантар, ақпан -Ақпан айы -Қыста қар жауады, күн суық болады. Адамдар жылы киінеді. Су қатып мұз болады. Ағаштар ақ тон киеді. Торғай, сауысқан, қарға қыстап қалады. Балалар шанамен сырғанайды, шаңғы тебеді. Қардан аққала жасап ойнайды. –жұма балалардың қолында ақ мақта, жылтыр қағаздар болады.

Балалар бір-біріне жұмбақ жасырады. –үстінде екі тауы бар кезікті бір жануар. –Басында екі таяғы бар төрт аяғы бар. –кішкене ғана бойы бар, айналдыра киген тоны бар.

Карточкамен жұмыс жасайды.

Мәтінге сай қимылдар жасайды

-жабайы аңдар

-олар орманда тұрады -бұл түлкі. Оның түсі қызыл сары, ол өте қу жабайы аң. –Бұл қасқыр. Қасқырдың түсі сұр, етпен қореқтенеді, жабайы аң. –Бұл қоян. Құлағы ұзын. Құйрығы кішкентай. Қоян сәбіз, қырыққабат, шөп жейді. Қоянның түсі жазда сұр, ал қыста ақ болады. –Бұл аю. Аюдың түсі қоңыр. Бал мен жеміс-жидектерді жақсы көреді. Қыста ұйықтайды

-қасқырдың баласы-бөлтірік. Қоянның баласы-көжек түлкінің баласы-мыршай Аюдың баласы-қонжық

Балалар ойын ойнайды. Үй жануарларын үйге орналастырады, жабайы аңдарды орманға орналастырады.


Рефлексивті-түзетуші

11 слайд: «Білім ағашы»

-Балалар, біз бүгін не үйрендік? -Не білдік? -Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнадыма? Рефлекция. «Күн мен бұлт»



Балалар өз ойларын жеткізеді. Оқу іс-әрекетін бағалайды.

Күтілетін нәтиже: Білу керек: жабайы аңдарды және олардың балаларын, үй жануарлар мен төлдердін атауын Болуы керек: жануарлар түсінік, тапсырмаға орай сәйкестікті табуға, сұраққа жауап беруге, зейін қойып тындауы Істей білуі керек: қазақша сөйлемді дұрыс құрауға, жұмбақ шешуді, өз ойларын еркін жеткізуді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет