Аттестаттау мерзімі алдыңғы біліктілік санатын тағайындау (растау) сәтінен басталады (айы, күні біліктілік санатын алу туралы бұйрықта жазылады).
Алдыңғы санатты тағайындау (растау) туралы бұйрық шыққанға дейін біліктілік санаттарын беруге (растауға) өтініш берілмейді.
Аттестаттау мерзімі 1 жыл:
білім сапасы тоқсандық бағалармен анықталады. Бір пән бойынша әр паралелль үшін орташа нәтиже көрсетіледі (егер педагогте 2 не одан да көп пәндер болса, динамика әр пәнге бөлек көрсетіледі)
Мысалы:
Қазақстан тарихы
2018-2019 оқу жылы
1 тоқсан
|
2018-2019 оқу жылы
2 тоқсан
|
2018-2019 оқу жылы
3 тоқсан
|
2018-2019 оқу жылы
4 тоқсан
|
49,2%
|
48%
|
54,7%
|
61,2%
|
Динамиканың есептелуі: 61,2% - 49,2% = 12%
Дүниежүзі тарихы
2018-2019 оқу жылы
1 тоқсан
|
2018-2019 оқу жылы
2 тоқсан
|
2018-2019 оқу жылы
3 тоқсан
|
2018-2019 оқу жылы
4 тоқсан
|
53%
|
57%
|
62,2%
|
64,5%
|
Динамиканың есептелуі: 64,5% - 53% = 11,5%
Қорытынды: егер білім сапасы 10% артық болса, онда педагог аталған санатқа сәйкес келеді.
Аттестациялық мерзім 2-5 жыл:
білім сапасы жылдық бағалармен анықталады. Толық көріністі алу үшін, сертификаттау кезеңінің басындағы 1 тоқсанның нәтижелері және аттестаттау кезеңінің соңындағы жылдық қорытындыларды көрсету қажет. Бір пән бойынша әр параллель үшін орташа нәтиже көрсетіледі (егер педагогте 2 не одан да көп пәндер болса, динамика әр пәнге бөлек көрсетіледі)
Мысалы: 8-сыныптар параллельдерінің білім сапасы:
2015-2016 оқу жылы
1 тоқсан
|
2016-2017 оқу жылы
|
2017-2018 оқу жылы
|
2018-2019 оқу жылы
|
49,2%
|
48%
|
54,7%
|
61,2%
|
Динамиканың есептелуі: 61,2% - 49,2% = 12%
9-сыныптар параллельдерінің білім сапасы:
2015-2016 оқу жылы
1 тоқсан
|
2016-2017 оқу жылы
|
2017-2018 оқу жылы
|
2018-2019 оқу жылы
|
53%
|
57%
|
62,2%
|
64,5%
|
Динамиканың есептелуі: 64,5% - 53% = 11,5%
Қорытынды: егер білім сапасы 10% артық болса, онда педагог аталған санатқа сәйкес келеді.
Егер білім сапасының пайыздық көрсеткішін есептеу қиын болған жағдайда (жұмыс орнын ауыстыру, сыныпты ауыстыру, білім алушылар тобының ауысуы), онда мәселенің толық сипаттамасын беру арқылы, тұрақты динамиканың немесе оның төмендеуінің себептерін көрсету қажет.
Егер оқыту динамикасы жеткіліксіз немесе теріс болса – туындаған мәселеге толық талдау беріңіз (жұмыс орнын ауыстыру, сыныптың ауысуы, «мықты» оқушылардың кетуі және т.б.). Толық негіздеу сіздің күшті жақтарыңызды бағалауға көмектеседі.
Аттестаттау кезеңінде білім сапасы 70% - дан төмен болса, сапа критериі МІНДЕТТІ болып саналмайды.
Пәндер бойынша білім сапасының қажетті динамикасы:
Педагог-сарапшы білім сапасының өсу динамикасы 7%
Педагог-зерттеуші білім сапасының өсу динамикасы 10%
Педагог-шебер білім сапасының өсу динамикасы 15%
«Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Қоғам және дін» пәндері бойынша «сынақ» («сынақталмаған») қойылуына байланысты («Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы). Осы пәндерді оқытатын мұғалімдерге оқушылардың оқу жетістіктерінің динамикасы (аттестаттау мерзімінде) тек өткен жылдардағы динамикаларын жөніндегі деректерді көрсетуге болады (бағалар қойылған кезді).
Педагог-психологтарға берілген бөлімде педагог-психолог жұмыс жасайтын оқушылардың оң нәтижелерін, түзету және дамыту динамикасын ұсынады.
Мысалы, жекелеген психотүзету жұмыстары бойынша кабинетте оқитын оқушылардың санын ұсыну (басқа да нұсқалар болуы мүмкін)
Мерзімі
|
Оқушылар саны
|
Мерзім басында
|
Мерзім соңында
|
Шығарылды
|
2013-2014 о.ж.
|
13
|
3
|
10 (76%)
|
2016-2017 о.ж.
|
15
|
2
|
13 (87%)
|
2017-2018 о.ж.
|
10
|
1
|
9 (90%)
|
Әлеуметтік педагогтар берілген бөлімде кеңес беру жұмыстарының нәтижелерін көрсете алады, мысалы:
2014-2015
оқу жылы
|
2015-2016 оқу жылы
|
2016-2017
оқу жылы
|
Динамика
|
Оқушылармен жеке сөйлесу 4
|
43
|
45
|
55
|
27,9%
|
Ата-аналармен жеке сөйлесу
|
36
|
28
|
36
|
0%
|
Мұғалімдермен жеке сөйлесу
|
20
|
20
|
25
|
25%
|
Сонымен қоса әртүрлі есеп түрлер талдау:
2014-2015
оқу жылы
|
2015-2016
оқу жылы
|
2016-2017
оқу жылы
|
Динамика
|
ЖБМ бойынша оқушылар саны
|
30
|
27
|
22
|
36%
|
КТІЖК бойынша оқушылар саны
|
13
|
10
|
6
|
116%
|
КТІЖБ бойынша оқушылар саны
|
10
|
13
|
11
|
-10%
|
Білім беру сапасының динамикасының барлық деректері басшының қолы және ұйымның мөрімен расталады.
Пән бойынша оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарының нәтижелері (марапаттары, мақтау қағаздары, дипломдары, куәліктері) (мұғалім-зерттеуші, мұғалім-шебер үшін облыс деңгейінен төмен емес, мұғалім-сарапшы үшін қала деңгейінен төмен емес).
Міндетті түрде марапат алған жыл көрсетілуі керек. Егер дипломда жыл қойылмаса, өзі жазуы керек. Дипломдардың, мақтау қағаздарының, алғыс хаттардың, сертификаттардың т.б. көшірмелері қара-ақ түсті, анық болуы қажет, (бұлыңғыр фотосуреттерден көшірме жасамаңыз). Ұсақ фотоларға (әр бетте 4 не одан да көп), парақта «веермен» жинақталған суреттерге тыйым салынады.
∙Өзінің педагогикалық тәжірибесін талқылау және тарату формалары (шеберлік-сыныптары, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер) (мұғалім-зерттеуші, мұғалім-шебер үшін облыс деңгейінен төмен емес, мұғалім-сарапшы үшін қала деңгейінен төмен емес).
Әзірлемелерді салудың қажеті жоқ – тек мөр басылған семинар, шеберлік-сынып, дөңгелек үстел бағдарламаларының болуы жеткілікті.
Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметінің өнімдері (аттестатталу мерзімінде) (облыстық әдістемелік кеңес немесе Сараптау кеңесі, Республикалық ғылыми-әдістемелік немесе Сараптау кеңесі бекіткен).
Әзірлемелерді салудың қажеті жоқ – тек облыстық әдістемелік кеңес немесе Сараптау кеңесі, Республикалық ғылыми-әдістемелік немесе Сараптау кеңесі шешімінің көшірмесі жеткілікті.
Басылымдар (аттестатталу мерзімінде) (педагог-зерттеуші, педагог-шебер үшін облыс деңгейінен төмен емес, педагог-сарапшы үшін қала деңгейінен төмен емес)
Пәндер бойынша педагог қызметінің нәтижелері (марапаттар, мақтау қағаздары, дипломдар, куәліктер) (педагог-зерттеуші, педагог-шебер үшін облыс деңгейінен төмен емес, педагог-сарапшы үшін қала деңгейінен төмен емес)
Міндетті түрде марапат алған жылды көрсету керек. Егер дипломға марапатталған жылы қойылмаса, оны өзі қоюы қажет. Дипломдардың, мақтау қағаздарының, алғыс хаттардың, сертификаттардың және т.б. көшірмелері қара-ақ болмауы керек, анық болуы тиіс (бұлыңғыр фотосуреттерден көшірмелер жасамаңыз). Ұсақ фотосуреттерге (беттегі 4 және одан да көп), "Веер"парағында жиналған суреттерге жол берілмейді.
Біліктілік санатын беруге (растауға) аттестатталушының портфолиосын бағалаудың 5 өлшемі:
оқушылардың жетістіктері
қызметінің жалпылау қорытындысы
педагогтың кәсіби жетістіктері
МІНДЕТТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
Біліктілік санатын беруге (растауға) аттестатталушының портфолиясын бағалау (арнайы білім беру ұйымдарының, жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың педагогтары үшін)
Жеке дамыту бағдарламасын ұсыну міндетті.
Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша маманның нәтижелілігі бағаланады:
Педагог-сарапшы Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру - 50% - 60%
Педагог-зерттеуші Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру - 60% - 70%
Педагог-шебер Жеке дамыту бағдарламасын іске асыру - 70% - 80%
Нәтижелілікті негіздеу және растау қажет.
Педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу Ережесіне сәйкес 75-тармақ. Тестілеудің оң нәтижелерін көрсеткен біліктілік санаттарын беру (растау) үшін кезекті аттестаттауға аттестатталушылар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі. Бұл тестілеудің оң нәтижелерін көрсеткен аттестатталушы мәлімделген санат бойынша аттестатталғанын білдірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |