Ескерту: құжаттардың барлық көшірмелері осы білім беру ұйымының басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
2 бөлім. Педагогтің кәсіби жетістіктері мен оқушыларының оқудағы жетістіктерінің қорытындылары. Педагогтің кәсіби қызметі мен кәсіби өсуінің нәтижелерін растайтын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сертификатталған құжаттары (аттестатталу кезеңінде):
педагогтардың кәсіби жетістіктерін растайтын және тәжірибелерін жалпылайтын құжаттардың көшірмелері (үкімет марапаттары, грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар, куәліктердің көшірмелері);
сабақтарды бақылау парақтары (үшеуден кем емес). Сабақты бақылау парағында облыстық сараптамалық кеңес мүшесінің (Қарағанды облысының Білім басқармасының бұйрығымен бекітілген аймақтардағы сараптамалық кеңес мүшелерінің тізімі) ұсыныстары болуы тиіс;
оқыту курстары мен семинарларға қатысқаны туралы құжаттардың көшірмесі.
Оқушылардың оқу жетістіктері арқылы мұғалімнің кәсіби қызметінің нәтижелерін растайтын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі сертификатталған құжаттар (аттестатталу кезеңінде):
«ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ» БӨЛІМІНДЕ НЕ БОЛУЫ КЕРЕК?
Оқушылардың оқу нәтижелерінің динамикасы (аттестатталу кезеңінде) (таблицалар, сипаттау, диаграммалар түрінде)
Диаграмма – оқушылардың оқу жетістіктерін көрсетуге арналған ең қолайлы динамика. Мұнда оқытудың әр жылының маңыздылығын пайыз арқылы көрсету қажет,
мысалы:
Динамиканы кесте түрінде де көрсетуге болады. Екі қатардан және қажетті бағандардан тұратын кесте құрыңыз. Жоғарғы жолға уақыт көрсеткіштерін (оқу жылы), төменге – процесс өлшемдерінің мәліметтерін жазыңыз.