Бөлімдер мазмұны 1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет


) "педагог-шебер" біліктілік санатына"



бет6/8
Дата10.11.2023
өлшемі326,91 Kb.
#190849
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Портфолио салу реттілігі

5) "педагог-шебер" біліктілік санатына":
- мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, кемінде 5 жыл педагогикалық өтілі бар, мынадай кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін тұлғалар: "педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа авторлық бағдарламасы бар немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдауды алған шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді., тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылады немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.

74. Тестілеу нәтижесі мынадай балл алған кезде оң болып саналады:


«Оқу пәнінің мазмұны» бағыты бойынша:


60%- " педагог-сарапшы";
70% - " педагог-зерттеуші";
80%- " педагог-шебер";

"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:


"педагог-сарапшы" - 30 %;
"педагог-зерттеуші" - 30 %;
"педагог-мастер" - 30 %.

75. Тестілеудің оң нәтижелерін көрсеткен біліктілік санаттарын беру (растау) үшін козетка аттестаттауға аттестатталушылар аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіледі.


87. Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесін алған біліктілік санаттарын беру (растау) үшін козетка аттестаттауға аттестатталушылар білім беру ұйымы (ауданның (қаланың) білім бөлімі, білім басқармасы және тиісті саланың уәкілетті органы арқылы тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына аттестаттау кезеңіндегі кәсіптік қызметтің нәтижелілігі бойынша портфолио ұсынады:




  • 1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес аттестаттауға өтініш;

  • 2) міндетті түрде ұсыну үшін қажетті құжаттардың көшірмелері;

  • жеке басын куәландыратын құжат;

  • білімі туралы диплом;

  • қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;

  • берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар тұлғалар үшін));

- біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар;

3) ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы құжат;


4) оқу жетістіктерін сырттай бағалау және (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын аттестаттау кезеңіндегі білім алушылардың білім сапасының көрсеткіштері;
5) педагогтардың кәсіби жетістіктерін және тәжірибесін қорытуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) сабақтарды бақылау парақтары (кемінде үш ай);
7) біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы құжаттың көшірмесі.

97. Біліктілік санатын беруге козетка аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясы "өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.


98. Аттесттаттау комиссиясы "мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді" деген шешім қабылданған кезде кезекті аттестаттау кезінде қолдаеыстағы біліктідік санаты бір деңгейге төмендейді.


101. Егер аттестатталушы біліктілік санаттарын беру (растау) үшін козетка аттестаттауға мәлімделген санатқа балл алмаған жағдайда, ол аттестаттаудың келесі кезеңіне төмен деңгеймен қатысуға құқылы.


119. Ұлттық біліктілік тесті арқылы мерзімінен бұрын аттестаттауға мынадай санаттағы тұлғалар жіберіледі.


2) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына":


- қалалық (аудандық) деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық, кәсіби конкурстардың, ғылыми, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған тұлғалар;
- қалалық (аудандық) деңгейдегі кәсіби конкурстардың жеңімпаздары болып табылатын тұлғалар;
- облыстық деңгейде өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтаған тұлғалар (Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалалары));
- "Болашақ" бағдарламасының түлектері болып табылатын тұлғалар";
- ғылым кандидаты/доктор немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар.
- ағылшын тілін B2 (CEFR шкаласы бойынша) төмен емес деңгейде меңгерген және ағылшын тілінде сабақ беретін тұлғалар;
- жоғары оқу орнынан білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде екі жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
- бейінді пән бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылатын тұлғалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет