2. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы.
Бұл аялдамада өлең - тақпақтар, жұмбақ - жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.
- Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады, болашақта көркем әдебиет арқылы қызықты әңгіме, ертегілерді оқып, өлең - тақпақ, жаңылтпаштар жаттайтындарын айтады.
3. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.
- Дыбысты айтамыз, естиміз.
- Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.
-Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.
- Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.
«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді.
1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А - а - а», - деп айтады.
2. Қыз бала: «А - а - а», - деп әндетеді.
3. Анасы сәбиін: «А - а - а - а», - деп әлдилейді.
Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.
4.«Математика әлемі»
1. Балалар онға дейін санайды.
2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.
3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:
Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кеттi. Бұтақта неше торғай қалды? (Жауабы: 2 торғай қалды).
Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып, бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін игеруге бағытталатындығы айтылады.
Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім - сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп - өркендеуіне үлесін қосады.
5. Дәптермен жұмыс
а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:
1. Балабақшада не үйрендіңдер?
2. Балалар мектепке не үшін барады?
3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?
4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?
ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.
б) Дәптерде берілген мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату.
|