3 –ші тапсырма. «Құлыпты аш» -Пішіндер мына сандықтың ішінде сияқты,бірақ сандық құлыптаулы. Бұл құлып сиқырлы.
- Оны қалай ашуға болатынын ойластырайық?
(балалардың ұсыныстары)
- Құлыпты мұқият қарастырайық. Мұнда не бейнеленген? Бір сөзбен қалай атаймыз? (Пішіндер)
Мүмкін, құлыпты ашу үшін қандай да бір пішінді басу керек шығар? Қайсысы?
- Бұл пішіндердің айырмашылығы неде? Бұл жерде қандай пішін артық деп ойлайсыңдар? Басқаларға ұқсамайтын? (М/ы:Артық кішкентай пішін! Барлық пішіндер үлкен, ал бұл кішкентай.)
-Ал оның тағы қандай ерекшелігі бар? (Барлық пішіндердің түсі қызыл,ал мына пішін сары)
-Кел,----------------, жақында сол пішінге бас!
- Міне,сандық ашылды!