Бөлімі: Қ. М. Т.Қ. Тақырыбы: «Пішіндер еліне саяхат» Мақсаты



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі20,58 Kb.
#85162
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚМТҚ Дьенеш ашық сабағым

4 –ші тапсырма.
«Пішіндерді сипатта»
-Балалар,пішіндер осы сандықтың ішінде екен,бірақ оларды жандандыру үшін,бір блоктан алып сипаттау керексіңдер.(Блок қасиеттерінің модельдік сипаттамасын қолданып бала блоктың атауын пішіні,көлемі,түсі және қалыңдығы бойынша атауы керек )
М/ы: Мынау үшбұрыш,үлкен,көк,қалың.
-Жарайсыңдар балалар,пішіндерді сиқырдан құтқардыңдар,енді оларды өз үйлеріне қайтарайық.


5 –ші тапсырма.
Ойын: «Өз үйлеріне орналастыр»
-Міне, геометриялық пішіндер қаласының жоспары. Неліктен бұл қала осылай аталады деп ойлайсыңдар? (Осында геометриялық пішіндер тұрады.)
-Қараңдар, бұл елдегі басты жол. (указкамен көрсетеді), ал оң және сол жақтар - аудандар. Сендердің ойларыңша, бұл (оң жақта) қай пішіндердің ауданы?
-Кішкентай ма, үлкен бе? (таңбаны көрсетеді: оң жақта кішкентай, сол жақта үлкен)
Біз қазір кішкентай пішіндер ауданында тұрмыз. Кез-келген қаладағы сияқты көшелері де бар.Көшелердің атаулары бар. Тіпті көрсеткіштері де бар:
-Бұл қандай көше? Түсі бойынша? (Көк, сары және қызыл)
-Енді үлкен пішіндердің ауданына көшейік. Қызыл көше қайда? Көк?Сары?
Әр көшеде үйлер бар, әр үйдің мекен-жайы бар. Бұл қандай пішін? Барлық үйлер әр түрлі геометриялық пішіндерге арналған. Егер олар үлкен пішіндер ауданында тұрса, онда олардың мөлшері қандай? (үлкен)
Қызыл көшеде қандай пішіндер тұрады? (қызыл). Ал,сары көшеде ше?Көк көшеде? (Меңзермен көрсету)
-Балалар, сендер адасып кеткен пішіндерді өздеріңмен бірге алып келдіңдер ғой, ендеше оларға үйлерін табуға көмектесіңдер.
(Балалар пішіндерді өз үйлеріне орналастырады)
-Дұрыс таптыңдар!Сендер қандай ақылды балаларсыңдар!?
-Балалар бізге балабақшамызға оралатын кез келді.Пойызға мініп,орнымызға отырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет