Бөлімі: Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне. Сабақтың тақырыбы



бет5/6
Дата02.11.2023
өлшемі150,42 Kb.
#189106
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
телефон сабак

Жазылым. Айтылым.
Лексикалық тапсырмалар
1 топ
-Мақал - мәтелдерді аударыңыз. Антонимдерді теріп жазыңыз.
Көп сөз – күміс, аз сөз - алтын.
Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, адал сөйлеп,жұртқа жақ. Шын - бір сөз, өтірік – мың сөз.
Жаман сөз – жанға кірген тікен, жақсы сөз –таптырмайтын ем.
Ақылы аздың – ашуы көп.


-Сөйлемдерді( ма ,ме, ба, бе, па, пе) шылауы арқылы сұраулы сөйлемдерге айналдырып жазыңыз.
Бұл кісі Мараттың әкесі. Анау жатқан кітап менікі. Мамандығы – тарихшы.
Жазда Алматыға бармайсың. Ол менің қызым. Ол кісі оқиды, жұмыс істейді.
Бұл жақсы жұмыс. Біз ертең келеміз. Бұл ең танымал университет.


2 топ
Сұраулы сөйлемдерге айналдырып, аударыңыз.
Это наш дом. Моя ручка. Это - Асет.
Университет имени Абая. Это
настоящее счастье. Это твоя книга. Твоя ручка. Наша улица. День рождение. Ваша квартира. Директор завода. Наша Республика. Ваш город. Страница книги.


Тұрақты тіркестердің мағынасын тап:
1. Қой аузынан шөп алмайды - момын 
2. Жүрек жалғау- 
3. Төбе шашы тік тұру- 
4. Қас пен көздің арасында- 
5. Бетінен оты шықты- 
6. Қырғи қабақ болу- 
7. Бармағын тістеу- 
8. Аузына құм құйылу- 
9. Ит өлген жер- 
10. Тайға таңба басқандай- 
Даталардың екінші нұсқасын жазыңыз.
1.Бесінші тамыз Тамыздың бесі
2. Жиырмасыншы қаңтар
3. Он тоғызыншы мамыр
4. Төртінші ақпан
5. Отызыншы шілде
6. Екінші желтоқсан
7. Он екінші сәуір

Төмендегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндір. Мазмұнын қара сөзбен жаз.
1. Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса-жиіркенішті.
2. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге ұлы адамға жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.
3. Өзің жақсы болсаң- айналаңда досың көп; жаман болсаң- жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың.
4. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса- іздеген досың алыстан өзі келеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет