Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Топпен танысу(саяхат). Мақсаты



бет6/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#6231
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: өз аналары туралы (меірімді,қамқоршы)әңгімелей білуді;

Түсінуі керек: сөздерді және дыбыстарды анық айтуды;

Қолданады:тәрбиешінің сұрақтары бойынша әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 15.03.2016

Білім беру саласы: Қатынас .Таным.

Тақырыбы: Менің сүйікті мысығым (тәжірибе бойынша әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а)Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйруһетуді жалғастыру.

ә) Тілде сын есімдерді(кішкентай,тентек,жұмсақ,ойынпаз т.б.).белсенді қолдана білуге және «м» дыбысын айтуға жаттықтыру.

б) Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту.

Көрнекілігі: №26 демонстрациялық материал(мысық және оның балаларының суреті),№26 үлестірмелі материалмен жұмыс.

Сөздік жұмыс:мысық,жұмсақ,үлпілдек,тентек,ойынпаз.

Билингвальды компонент: мысық-кошка,жұмсақ-мягкий,үлпілдек-воздушный.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

-Балалар,біздің топта көп ойыншықтар бар.Кәне,қандай ойыншықтар бар екен,көрейык.

-Ал енді мен сендерге бір өлең оқимын,сендер жақсылап тыңдандар.

Мышым,мышым,мысығым,

Екі көзді қысығым.

Ол ақылды,ол батыр,

Көрдім талай қызығын.

Ә.Баубеков.


Қызығушылығын көрсетеді.

-Мысық .


Ізденістер, ұйымдастыру.



- Мынау қандай ойыншық?

-Дұрыс айтасыңдар,бұл-мысық.

-Мысық қалай дыбыстайды?

Демонстрациялық материалдағы суретпен жұмыс.

-Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Мынау не?

-Мысық қандай екен?

-Бәріміз қайталайық.Үлкен мысық.

-Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр?(Суретте мысық доппен ойнап жүр).

-Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты,оны біз тентек мысық деп айтамыз.

-Екінші мысық не істеп жатыр?

-Ол ұйықтап жатыр,оны ұйқышыл мысық деп атаймыз.

-Енді балалар,ойыншық мысығымызды ұстап,жүнін сипап көрейікші.

-Ол қандай?(Тәрбиеші «м»дыбысының анық айтылуына мән беру).

Билингвальды компонент:

мысық-кошка,

жұмсақ-мягкий,

үлпілдек-воздушный.

Сергіту сәті:

Әне,отыр мысық,

Өзі сондай қызық.

Қарайды ол маған

Бір көзін қысып.
№26 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

«Менің сүйікті мысығым» дидактикалық ойыны.Мысықтын қимылына қарай заттарын тауып,сызықпен қос.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті мысығы туралы сұрау.



-Мысық.
-«Мияу-мияу» дейді.

Тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап беруге тырысады.


-Мысықтың балалары ойнап жүр.

-Тентек мысық.


-Ұйықтап жатыр.

-Ол-ойынпаз мысық.

-Мысықтың жүні жұмсақ,үлпілдек.

Балалар қайталайды:

Мысық-кошка,жұмсақ-мягкий,үлпілдек-воздушный.

Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.

Мысықтың қимылына қарай заттарын тауып,сызықпен қосады.


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Балалар,біз қандай мысықтарды көрдік?

-Олар қандай екен?

-Кішкентай мысықтар қандай болады екен?

Мысық туралы тақпақты қайталап,оқу іс-әрекетін қорытындылайды.




Балалардың жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:сурет бойынша әңгімелеп,әр сөздегі дыбыстарды анық айтуды;

Түсінуі керек:сын есімдерді зат есімдермен қалай байланыстыру керектегін;

Қолданады:сурет бойынша сөйлем және әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 29.03.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Шығармашылық .

Тақырыбы: Әңгіме құрастырамыз(шығармашылық элементтерімен әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а) Сызба бойынша әңгіме құрастыру,зат есім мен сын есімді байланыстыру арқылы қарапайым оқиғаны ойдан шығару,күшіктің қимылын,дыбысын дыбыстай білуді үйрету.

ә) Сұрақ-жауап арқылы баланың тілін,зейінін,есте сақтау қабілетін дамыту.

б)Үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: №27 демонстрациялық материал(Бала мен Скуби Ду суреті),№27 үлестірмелі материал(түрлі қимыл-қозғалыстағы иттердің суреті).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:әңгімелесу.

Сөздік жұмыс:ит,сүт,бала. .

Билингвальды компонент: ит-собака,сүт-молоко,бала-ребенок.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

-Балалар,сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

-Балалар,сендер қандай ертегі білесіңдер?

-Балалар,біз бүгін бір қызықты әңгімені ойлап шығарамыз.

-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын.



-Иә.

-«Жеті лақ», «Бауырсақ», «Шалқан».

Жұмбақ шешеді.


Ізденістер, ұйымдастыру.



Үйінді қорғайды,

Үйде бірақ қонбайды.(Ит)

-Балалар,біз бүгін ойдан қызықты әңгіме құрастырамыз.Кәне,бастайық,дайынбыз ба?

27 демонстрациялық материал.

(Интерактивті тақта қолдана отырып,сурет көрсетеді.(Скуби-Ду)

-Балалар,Скуби-Ду-мультфильмдегі иттің аты,ол ақкөңіл,әрқашан адамдарға көмекке келеді.

-Скуби-Ду қайтіп үреді?

-Ол неге жылап тұр?

-Оған қайтіп көмектесеміз?(Үсынысты балалар береді).
-Скуби-Дудың көңіл күйі қалай көтерілді?

-Иә,Скуби-Ду қарны тойып,ойнап жұр.


-Балалар үй жануарларына,оның ішінде итке қамқорлық жасаумыз керек,себебі ол-үй күзетшісі,адамның досы.
Билингвальды компонент:

Ит-собака,

Сүт-молоко,

Бала-ребенок.



Сергіту сәті:

Қозы-лақты бағады,

Қылығымен жағады.

Жоғалса мал өрістен

Іздеп жүріп табады.

27 үлестірмелі материалмен жұмыс.



«Не істеп жатыр?» дидактикалық ойыны.

Әр балаға түрлі иттердің суретін беріп,олардың қимылдарына қарай не істеп тұрғанын айту.Мысалы:ит доппен ойнап тұр,ит ұйықтап жатыр,екі ит жүгіріп жүр.Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті иті туралы сұрау.



-Иә.


Суретті қарайды.

-Әуп-әуп-әуп.

-Ол жылап тұр.

Скуби-Ду көңілсіз.Ол жаурап тұр.


-Қарны ашып,сүт ішкісі келіп тұр.
-Бала оған сүт берді.Сүт ішіп,қарны тойған сон иттің көңіл күйы котерілді.

Балалар қайталайды:

Ит-собака.

Сүт-молоко.

Бала-ребенок.


Бірге қайталап,сәйкес қимыл жасайды.

Әр бала иттердің суретін алып,олардың не істеп тұрғанын айтады.



Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.


Балалардың жауабы тыңдалады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:үй жануарларына қамқорлықпен қарауды;

Түсінуі керек:зат есім мен сын есімді байланыстыра отырып,қарапайым оқиғаны қалай ойдан шығару керектігін;

Қолданады:сурет бойынша сөйлем және әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Технологиялық карта 05.04.2016

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.Таным.

Тақырыбы: Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты: а)Балаларға көліктер туралы түсінік беру,олардың түрлерін ажыратуға үйрету;сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.

ә) Сөздік қорларын толықтыру,дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту.

б)Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: №28 демонстрациялық материал(түрлі көлік суреттері),№28 үлестірмелі материалмен жұмыс(түрлі көліктер мен мамандардың суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлері туралы әңгімелесу.

Сөздік жұмыс:жеңіл көлік,жүк таситын көлік,пойыз,автобус.

Билингвальды компонент: женіл көлік-легковой транспорт,жүк таситын көлік-грузовой транспорт,пойыз-поезд.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,бір-біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдыстырады.Балалардың назарын өлең жолдарына аударады.

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі,бір-біріне ыстық тілектерін айтады.

Ізденістер, ұйымдастыру.



Үлкенмін ғой,міне,мен,

Ойыншықтарды жинаймын.

Машинаға мінер ем,

Кабинаға сыймаймын.

М.Әлімбаев.

-Мен не туралы өлең оқыдым?

-Балалар,айтыңдаршы,кімге қандай ойыншық ұнайды?

-Әли,сенде қандай ойыншық бар?

-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?
28 демонстрациялық материал.

Көліктің түрлерін көрсетеді(3-4 түрін көрсету).

Алдымен жүк көлігін көрсету.

-Мына көлікті жүк көлігі дейді.Бұл көлікпен жүк тасиды.


-Ол не тасиды екен?
-Жүк көлігі гүрілдейді. «Гүр-гүр-гүр»деген дыбыс шығарады.Кәне,бәріміз қайталаймыз.

-Балалар,мынау қандай көлік?(Автобус)

-Мына көлікті автобус көлігі дейді.Бұл көлікпен адамдарды тасиды.

-«В-в-в» деген даусымыздың ырғағы орташа шығады.Қайталаймыз.

-Ал мынау қандай көлік?Бұл көлікті жеңіл көңіл дейді.

-«Ыың-ың-ың» деген даусымыздың ырғағы төмен шығады.Қайталаймыз.

-Ал мынау қандай көлік?Бұл-пойыз.

(Пойыз көлігін сиппатау).



Сергіту сәті:

Бөп-бөп,пыш-пу...

Мен ең күшті

Менен күшті

Кім бар?Пыш-пу!

Теміржолшы

Абай болшы:
Жол ашып қой,

Жер қашық қой!


Бу-бу-бу!

Бө-ге-ме!

(Ә.Табылды).

28 үлестірмелі материалмен жүмыс.

«Кімді,нені қай көлікке отырғызамыз?» дидактикалық ойыны.(Сызық арқылы қосу).


Өленді тыңдайды.


-Машина.

-Машина бар.

-Жүк таситын,жеңіл көлік.

Сүретті қарайды,жауап береді.


-Құм тасиды.

-Тас тасиды.
-Гүр-гүр-гүр.

-Автобус.

«В-в-в» деп қайталайды.
-Жеңіл көлік.
«Ыың-ың-ың» деп қайталайды.

-Адамдар отырады.

Балалар қимылмен көрсетеді.



Релаксация

Өзін-өзі бағалау





Күтілетін нәтиже:

Нені білді.

Түсінуі керек.

Бөлімі: Тіл дамыту. 12.04.2016 ж

Тақырыбы: Менің көңілді добым (сипаттау).

Мақсаты: а) Ойыншық туралы әңгіме құрастыруға үйретуді жалғасытыру. Заттарды қарастыруда олардың түсін, пішінін, қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.

Ә) Балалардың сөздік қорын молайтып, тілін жаттықтыру.

Б) Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.



Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ауа райы қандай?

- Балалар, сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

-Ал енді мен сендерге тақпақ оқып берейін, сендер тыңдаңдар?

Добым менің, добым менің,

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Бірақ менен құтылмайсың.

Ш. Смаханұлы.

- Қараңдаршы, балалар, мынау не?

-Доп қандай? (Кішкентай)



Балалардың жауабы.

-Ия.


Тақпақты мұқият тыңдайды.

Тәрбиеші сұрақтарына жауап береді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Доп.


Ізденістер, ұйымдастыру.

Сергіту сәті


-Ал енді доп туралы өлеңді жаттап алайық.

Добым менің, добым менің.

Өзің неткен көңілді едің.

Зымырайсың құтыдайсың.

Бірақ менен құтылмайсың.

-Қараңдаршы, балалар, мынау не?

-Доп қандай ? (кішкентай)

-Оның пішіні қандай? (дөңгелек)

-Ол неге ұқсайды? (дөңгелекке)

-Доп қандай қимыл жасайды?

-Доптың түсі қандай?

-Қандай матералдан жасалған?(Көмек бер).

-Біз доппен қандай ойындар ойнаймыз?

Кәне , балалар, тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып аламыз.

Доптың суретін көрсете отырып, өлеңді жатату.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан доп туралы өлеңді қайталату.


Доп

Кішкентай

Дөңгелек

Секіреді.

Резенкеден

қызыл


резенкеден

қимылмен көрсету



Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Біз бүгін немен таныстық?

-Доп қандай екен?



Сұрақ-жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалардың жауабы тыңдалады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды : заттарды қарастырып, олардың түсін, пішінің, қандай матералдан жасалған айтуға арналған тапсырманы:

түсінеді: өлең мазмұнын

қолданады: ойыншық туралы әңгіме құрастыра білу іскерліктерін.

Каталог: uploads -> doc -> 0b4b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b4b -> Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет