Бөлімі: Тіл дамыту. Тақырыбы: Топпен танысу(саяхат). Мақсаты


Алдын ала жүргізілетін жұмыс



бет2/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,06 Mb.
#6231
1   2   3   4   5   6

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: «Үй жануарлары» ойынын ойнату.

Билингвальды компонент:үй жануарлары –домашние животные,түйе-верблюд,бота-верблюжонок,жылқы-лошадь,құлыншақ-жеребенок.

Сөздік жұмыс:үй жануарлары, түйе, бота, жылқы, құлыншақ,сиыр,бұзау.


Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Тәрбиеші балаларға І.Жансүгіровтің өлеңін оқып,сұрақ қояды:

-Шөре,шөре лағым

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей ,деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың,-деп нені айтамыз.


Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

-Лақты.


Ізденістерұйымдастыру.



Демонстрациялық көрнекілікті
қолдану.

-Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

Неге үй жануарлары деп айтамыз?

-Қолда ұстайтын, адам күтіп-бағатын жануарларларды үй жануарлары деп атайды.

Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні, терісі-киім. Естеріңе түсіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз?

-ия, дұрыс. Лақ, қозыны еркелетіп,қозыны қошақан, ботаны ботақан, құлынды құлыншақ деп атаймыз.

Тәрбиеші үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, әңгіме құрауды ұсынады.

-Мына жылқы үлкен, құлын кішкентай.Құлын енесімен жарысып шапқылап барады.Төлдін анасын ене деп атайды.

-Мынау-ешкі. Қасындағы төлі-лақ.

-Ал мынау суретте енесіне еркелеп тұр.

-Түйенің төлі-ботақан.Түйенің тау сияқты екі өркеші болады. Ол жүк тасуға өте ыңғайлы.
Билингвальды компонент: үй жануарлары –домашние животные, түйе-верблюд, бота-верблюжонок, жылқы-лошадь, құлыншақ-жеребенок.
Сергіту сәт:

Құлыншағым,құндызым

Құлдырайды,шабады.

Жылтындаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

(І.Жансүгіров)

№7 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«төлдерін тап?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үй жануарларын төлдерімен қайталату.


Үй жануарларын атайды.


Тәрбиеші көмегімен сұрақтарға жауап береді.


-Жылқы үлкен,құлын кішкентай.


-Ешкі үлкен,лақ кішкентай.

-Сиыр үлкен,бұзау кішкентай.

-Түйе үлкен,бота кішкентай.

Үй жануарлары-домашние животные,түйе-верблюжонок,жылқы-лошадь,құлыншақ-жеребенок сөздерін қайталайды.
Қимылып келтіріп жаттығуды орындайды.

Балалар суреттен үй жануарларын көрсете отырып,олардың төлдерін тауып,сызықпен қосады.





Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Қандай үй жануарларын білесіндер?

-Малдардың төлдерін қалай атаймыз?

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: сұреттен үй жануарларын көрсете отырып,олардың төлдерін сызықпен қосуды;

Түсінеді: үй жануарларын және олардың көрсете отырып,олардың төлдерін сызықпен қосуды;

Қолданады: дыбыстарды дұрыс айта білуді.

= Технологиялық карта - 8 27.10.2015



Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.
Тақырыбы:Сүйікті ойыншықтар(ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру).

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты:а)Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыруға,ойыншықтардың аттарын атайбілуге,оларды сипаттап айтуға үйрету.

ә) «Ң» дыбысын қайталату,дұрыс айтуға жаттықтыру.

б)Ойыншықтарды күтіп,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер:жұмсақ,резеңке.

Көрнекілігі:№8 демонстрациялық материал (түрлі ойыншықтар суреттері), №8 үлестірмелі материал (түрлі ойыншықтар суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балаларды ойын бұрышында ойнату.

Сөздік жұмыс:ойыншықтар,қуырашақ,машина.

Қостілдік компонент:ойыншықтар-игрушки,қуыршақ-кукла,машина-машина.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.


Шаттық шеңберіне тұрғызады.

Дос болып біз жүреік,

Ойнайық та күлейік.

Достық деген тамаша

Міне,тұрмыз жараса.

-Балалар,бүгін ерекше күн.Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.



Шаттық шеңберге тұрады,қолдарын көтеріп,қимылмен көрсетеді.
Қуанады.

Ізденістер, ұйымдастыру.



-Балалар,сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

(Демонстрациялық көрнекілікті қолдану)

-Қандай ойыншықтың түрлерін білесіндер?

Билингвальды компонент:ойыншықтар-игрушки,қуыршақ-кукла,машина-машина.

Ойыншықтардың темірден,ағаштан,резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады.Есік қағылады.Қонаққа сиқыршы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Қазыр мен өзімнің сиқырлы әлемәме қонаққа апарамын.Барасындар ма?Ендеше,бәрің көздеріңді жұмыңдар.

Алақай,малақай!Суф!Суф!

Ал енді көзімізді ашамыз.

-Шынын да қараңдаршы,біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық,

2-3 ойыншықты көрсетеді.(Машина,қуыршақ,доп).

-Мынау не?Машина.Ол қандай?Машина жүргенде «ың-ың-ың»дыбысын шығарады екен. «Ң»дыбысын айтайық.Қайталаймыз.Балалар басқа да ойыншықтарын сипаттайды(атын атайды,үлкен,кішкентай және жұмсақ,қатты екенін,неден жасалғанын ажыратады).

Сиқыршы:Балалар,мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын,топқа барғанда ойнайсындар,ойыншықтарды ренжітпей,ұқыпты ұстап ойнаңдар.

Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді.



Сергіту сәт:

Құлыншағым,құндызым,

Құлдырайды,шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

(І.Жансүгіров)

№8 үлестірмелі материалдармен жұмыс.Ойын шарты:ойыншықтардың арасынан допты,қуыршақты және керікті табу.Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау.


-Ия!

-Қуыршақ,машина,доп,қонжық, аю,қоян,балапан т.б.



Ойыншықтар-игрушки,қуыршақ-кукла,машина-машина сөздерін қайталайды.
Сәлемдеседі.

-Ия!Көздерін жұмады.Көздерін ашады,түрлі ойыншықтарды көреді.Ойыншықтарды атап,сипаттайды.

-Мынау-машина.Ол қатты,қызыл,әдемі.

«Ың-ың-ың»деген дыбыс шығарады.Қайталайды.

Қоштасады.

Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.




Релаксация

Өзін-өзі бағалау

-Бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Қайда бардық?

-Нені көрдік?

-Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсындар?

Тәрбиеші сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап,балаларды мадақтайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әр ойыншыққа сипаттама беру және оларды ойыншықтардың арасынан табу тәрізді тапсырмалады;

Түсінеді:ойыншықтарды,ұқыпты,күтіп ұстау керектігін;

Қолданады:дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.
Технологиялық карта мерзімі -----------------------------

Білім беру саласы:Қатынас.Таным.

Бөлімі:Тіл дамыту.

Тақырыбы:Шар мен текшені салыстыру(сөздік жұмыс ).

Мақсаты:а)Балаларға геометриялық пішіндер-шар,текше сөздерін естеріне сактауға,олардың ерекшеліктерін(мысалы:шар домалақ, домалайды;текше төртбұрыш,орнынан қозғалтуға болады,бірінің үстіне бірін қоюға болады )ажыратуға үйрету.

ә)Сөздік қорларын молайтып,сөйлеу қабілетін дамыту.

б)Ұқыптылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:№3 демонстрациялық материал (көңілді домалақ шар мен текшенің суреттері),үлестірмелі материалдар (ұқсас заттарды сурет бойынша сәйкестендіру).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:әңгімелесу.

Сөздык жұмыс:шар,текше,доп.

Билингвальды компонент:шар-шар,текше-куб,доп-мяч.


Оқу іс-

әрекет

кезектері




Педагогтің іс-әрекеті



Балалардың

Іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғаушылық

-Бір-бірімізбең қолымыздан ұстап,жақсы лебіздер білдірейік.

Еліміз аман болсын!

Анамыз аман болсын!

Деніміз сау болсын!

Балабақшамыз гүлдене берсін!


Қол ұстасып тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін айтады.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Демонстрациялық көрнекілікті көрсету.Топқа қонаққа көнілді «Текше» мен көңілді домалақ «Шар»кіреді.Олар балалармен амандасып,олармен ойын ойнағысы келетіндерен айтады.Педагог балалардан:

-Көңілді Текшінің «...» дене пішіні неге ұқсайды?


-Оның түсі қандай?

-Текше төртбұрышты, бір орнында тік тұрады,оны орнынан қозғалтуға болады.Міне,былай,-деп текшелердің бірнешеуін бір-бірінің үстіне қойып,мұнара жасауға болатынын айтады.


Билингвальды компонент:шар-шар,текше-куб,доп-мяч.
-Ал домалақ Шардың дене пішіндері неге ұқсайды екен?

-Дұрыс айтасыңдар,допқа ұқсайды.

-Елдос,сен үстел үстіндегі шарды әкеле ғой.

-Мынау не?

-Пішіні қандай?
-Шардың түсі қандай?
Педагог жеке балалардан топтың ішінде қандай заттар домалақ шар мен текшеге ұқсайтынын сұрайды.

Сергіту сәті:

Өн бойымды тік ұстап,

Таянамын бүйірді.

Бастап кетем

Дұрыстап


Сайгүлікше жүруді.

Бір!Екі!Бір!Екі! (С.Қалиұлы).

№3 үлестірмелі материалмен жұмыс.

«Неге ұқсайды?»дидактикалық ойын жаттығуы.Бұл тапсырмада балалар суреттегілердің неге ұқсайтынын айтып,сурет бойынша сәкестендіреді.Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.


.


-Төртбұрышты текшеге ұқсайды.
-Сары түсті.

-Шар-шар,текше-куб,доп-мяч.

-Допқа ұқсайды,ол домалақ,домалайды.

-Шар.


-Домалақ,домалайды.
-Қызыл.

-Шар өте жеңіл.

-Доп,шар,теледидар,үстел,кітап т.б.

Қималмен көрсетеді.

-Қарбыз,допқа ұқсайды.

-Алма шарға ұқсайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың шар,текше ұғымдарын сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:геометриялық пішіндердің саластуруға және сипаттауға арналған тапсырмаларын;

Түсінеді:затты түр-түсіне қарай сипаттау керектігін;

Қолданады:сөйлем құрастыра білу іскерліктерін.

= Технологиялық карта -9 3.11.2015



Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.

Тақырыбы:Бізге қуыршақтар келді.

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты:а)Түрлі қуыршақтар туралы қысқа сипаттау мәтінін(әңгімесін)құрастыруға үйретуді жалғастыру.Заттардың белгілерің атауға үйрету(үлкен,кішкентай қуыршақ,әдемі,сәнді көйлек,жағасы ақ).

ә)Артикуляциялық жаттығулар арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

б)Бір-біріне қамқор болуға,ұйымшылылдықпен ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:№9үлестірмелі материал(қолында ойыншықтары бар балалардың суреті).

Алдын ала жүргізетін жұмыс:әңгімелесу,балаларды ойын бұрышында ойнату. .

Сөздік жұмыс:әдемі,көйлек.

Билингвальды компонент:әдемі-красивый,көйлек-платье.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

М.Жаманбалинов



Шаттық шеңберге тұрады.Қимылмен көрсетеді.

Ізденістер, ұйымдастыру.



Балаларға қонаққа қуыршақ Шолпан және оның інісі Қанат келеді.№9 үлестірмелі материалдағы қолында қонжығы бар Шолпан мен машина сүйреткен Қанат бейнеленген сурет бойынша жұмыс жүргізіледі.

-Қараңдашы,қандай әдемі,беті-қолы тап-таза.

Шолпан қандай көлек киіп аллыпты?

-Шолпанның көйлегі қандай?


Қанат үстіне қандай жейде киіп алыпты?
Билингвалды компонент:әдемі-красивый,көйлек-платье.

-Балалар,Қанат пен Шолпан сендермен «Мынау не?» ойынын ойнағысы келеді.

Топтағы ойыншықтарды,оның ішінде аюды көрсетіп:

-Мынау не?

-Бұл-аю.Бұл-жұмсақ пүліштен жасалған үлкен аю.Пүліш-жұмсақ мата.Өзі тап-таза,мойнында қызыл таспасы бар.Ал мынау-кішкентай аюдын баласы қонжық.

Қоңыр түсті.Бірнеше баланы шақырып,аюды қолдарына беріп ұстатады.Тәрбиеші қолындағы қуыршақ ұл баланы көрсетіп:

-Бұл баланың аты-Қанат.Кішкентай Қанаттың да сендермен ойнағысы келеді.Ол машинамен ойнағанды жақсы көреді,-дейді.

-Балалар,бұл не?

-Қандай машина?

-Түсі қандай?

-Мынау не?

-Ал мынау ше?(Дөңгелегін көрсетеді).

-Машинаға кімді отырғызайық?

-Кім жұргізуші болады?

-Дұрыс.Қанат болсын.

-Бәрін отырғыздыңдар ма?Онда жүруйік,-деп тәрбиеші өзі машина сияқты «дөөөт-дөөөт» деп уілдейді,балалар да қосылып, «дөөөт-дөөөт» дейді.Соңынан машинаны үстелдің үстінен алады да: «алысқа кеттік»,-деп,ойынды аяқтайды.



Сергіту сәті.

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

(Т.Бердияров)

9 үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Балаларға Қанаттың машинасы мен Шолпанның қонжығының қатты ұнағанын айтып,енді өздеріне де тура сондай машина мен қонжықты бояп алуларын ұсынады.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтары туралы және олардың не себепті ұнайтынын сұрау.


Қуыршақтармен сәлемдеседі,танысады.
-Әдемі.
-Сәнді,жағасы ақ,көк көйлек.

Әдемі-красивый,көйлек-платье сөздерін қайталайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Балалар аюды ұстап,оның тап-таза,мойында қызыл таспасы бар екенін,оның баласы қонжық екенін біледі.

-машина.

-Үлкен машина.

-Түсі қызыл.

-Рулі.


-Дөңгелегі.

-Қуыршақтарды отырғызайық.

Қимылмен көрсетеді.
Балалар көрсеткен үлгі бойынша түрлі түсті қарандашпен бояйды.


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Балалар ойыннан алған әсерлерін сұрақ-жауап арқылы білімдерін бекітіп,оқу іс-әрекетін қорытындылайды.


Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:заттардың белгілерін атау(үлкен,кішкентай,әдемі,сәнді)тәрізді тапсырмаларды;

Түсінуі керек:ойыншықты сипаттау арқылы мәтін түрлері туралы ұғымды;

Қолданады:ойыншықтарды сипаттау кезінде жаңа сөздерді.

= Технологиялық карта - 10.11.2015

Білім беру саласы: Қатынас .Әлеуметтік орта.

Тақырыбы:Көмекшілер.

Білім көздері: Тіл дамыту.

Мақсаты:а)Заттарды топтастыруға,оларды атай білуге(ыдыс-аяқтар-қасық,шынышқы,кесе,тостаған т.б.)үйрету.

ә)Сұрақ-жауап әдісі арқылы таныс шығармалардың мазмұнын айтып беруге дағдыландыру.

б)Сөздік қорларын толықтыру,ойлау қабілеттерін дамыту.

в)Үлкенге ізелеттілік көрсетуге,кішіге қамоқор болуға тәрбиелеу.



Көрнекілігі:№ 10 демонстрациялық материал,№10 үлестірмелі материал(ыдыс-аяқ суреттері).

Әдіс-тәсілі: .

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:әңгімелесу.

Сөздік жұмыс:ыдыс-аяқ,қасық,шанышқы,пышақ.

Билингвальлы компонент:ыдыс аяқ-посуда,қасық-ложка,шанышқы-вилка.

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

-Қайырлы таң,балалар!Бүгін күн қандай керемет!Кәне,барлығымыз бір-бірімізге жылы,көтеріңкі көңіл сыйлайық!

Дос болайық,бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

(Х.Талғаров).


Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасап,жылы тілектерін айтады.

Ізденістер, ұйымдастыру.



«Көмекшілер»әңгімесін оқу

Тарбиеші балаларға «Көмекшілер» әңгімесін оқып береді.Оқылған әңгімені мазмұнын балаларға айтқызу.

Демонстрациялық көрнектілікті қолдану.

-Балалар,ас ішерде дастарқанды кім дайындайды?

-Сендер қайтып көмектесесіңдер?

-Балалар,мына бала нені үстелге қоюды ұмытып кетті?

-Сендер топтарыңда кезекшілік міндеттеріңді атқарасыңдар ма?

-Қалай көмектесесіңдер?

Тәрбиеші балаларға жұмбақ шешуді ұсынады.

Өткір жүзді келеді,

Өте қажет құрал ол.

Тұтас затты бөледі,

Ұсақтап та турар мол.

(Пышақ)


Сабы бар,

Басы шатыр.

Табасын өлшеп әкеп,

Құдыққа тасып жатыр.

(Қасық)

Билингвальды компонент:ыдыс-аяқ-посуда,қасық-ложка,шынышқы-вилка.


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.


№ 10 үлестірмелі материалдармен жұмыс

«Заттарың атын ата» дидиктикалық ойыны.

Шарты:суреттегі ыдыс-аяқтардың атын атату.Жеке жұмысты қажет ететін балалармен аналарына көмектесуі туралы сұрақ-жауап әдісі арқылы әңгімелесу.


Әңгімені мұқият тыңдайды.
Әңгіменің мазмұнын айтады.

-Анамыз,әпкеміз.


-Нанның ыдысын алып береміз,кеселерді әкелеп,үстел үстіне қоямыз.

-Нан таратамыз,қасық,тәрелкелерді қоямыз.

Тәрбиешінің көмегімен жұмбқты шешеді.
-Пышақ.

-Қасық.


Ыдыс-аяқ-посуда,қасық-ложка,шынықшы-вилка сөздерін қайталайды.

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.




Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Балалардың ыдыс-аяқтар туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Каталог: uploads -> doc -> 0b4b
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b4b -> Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет