3.Материя ұғымының философиялық мәні
Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасына болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.
Өзінің практикалық қызметіне қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз де шексізкөп заттар мен құбылыстардың бәріне тән, бәріне ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине, бұлсұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінің тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі кезең, айтулы уақиға еді. Бұдан әлде қайда көп уақыт өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша-түп негіз, мән деген сөзден шыққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп құралды. Түрлі заттар, құбылыстармен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.
Дүниенің бірлігін, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп ұғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және идеялистік деп аталатын көз қарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.
Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан есептеледі. Бірақ бұл ілімдер иатерияны оның тұрақты түрлері мен, яғни затпен парапар деп санады. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды. Мәселен, Фалес үшін ол – су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін – от. Дүние негізі төрт заттан-судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз – осы деген ұғым да кең таралған болатын. Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізі анық емес, шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріп отыратын материя – апейрон деп түсіндірді. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімінде тереңірек қарастырылады. Оның ой пікірлерін кейіннен Эпикур мен Тит Лукреций Кар дамытты. Бұл ілім мынаған келіп саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом – пайда болмайтын, жоғалыпта кетпейтін кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек (атом деген сөздің өзі бөлінбейтін бөлшек деген ұғымды білдіреді). Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әр түрлі болуы құрамындағы атомдардың санына және ол атомдардың өз ара орналасуына байланысты.
Қысқасы, ежелгі грек материалистерінің көз қарасы бойынша күрделі заттардың бәрі қарапайым заттардан шыққан, солардың қосындысы, құрамасы. Күрделі заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Олар ыдырағанда алғышқы қарапайым заттардан ажырайды. Ал қарапайым заттар біртекті, тұрақты болады. Материя, міне, осы кезеңнен бастап-ақ материалистік бағытта бүкіл ғарыштың түпкі негізі, бүкіл әлемнің бір тұтастығы шығатын тек ретінде қаралады.Сөйтіп, ежелгі материалистердің көзқарасында, тұтас алғанда, дүниенің материалдығы, оның мәңгілігі мен үздіксіз өзгермелі болуы, материяның санадан тәуелсіздігі сияқты бір сыпыра өте маңызды, әлі күнге жоғалмайтын құнды пікірлер бар. Олар үшін әлем түрлі заттардың кездейсоқ қосындысы емес, ол біртұтас құбылыс. Алайда олардың философиялық ой-толғамы өз дәуірлерінің даму деңгейіне сәйкес қарапайым әрі шектеулі еді. Солай бола тұрса да, олар жасаған ілімнің кейбір негіздері XIXғасырдың аяғына дейін материалист философтар мен жаратылыстанушы ғалымдардың ой жүйесінде үстем орын алып келді.
Жаңа дәуір философиясында (XVII - XVIIIғғ.) қоғамдық өндіріс пен жаратылыс ғылымдарының, әсіресе, математика мен механиканың дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашты.Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне де тән ортақ қасиеттерімен байланыстыруға бейімделді. Мәселен, И.Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқарады, массаны ол материяның сандық өлшемі деп қарады. Кейіннен философтар мен жаратылыстану ғалымдары материя мен массаны парапар деген пікірге ауытқып кетті. Д.И.Менделеев 1889жылы Санк – Петербургте жарыққа шыққан «Химия негіздері» деген еңбегінде былай деп жазған болатын: «Зат немесе материя дегеніміз кеңістікте орны мен салмағы бар масса...» Материя ұғымының мәнін түсінуге біршама жақындап келген француз материалистері болды. «Жалпы алғанда материя дегеніміз, - деп жазды П.Гольбах, -сезімімізге әсер ете алаттының бәрі...» Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғына дейінгі материалистік дүниетанымда материя ұғымын түсінуде метафизикалық, механикалық көзқарас үстем болды. Оның өкілдері материя мен нақты материалдық объектілердің арасындағы айырмашылықты біле алмады, материя ұғымын өздерінің материалдық дүниенің құрылымы туралы түсініктерімен теңгерді, материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдарымен салыстыра қарастырды.
Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты,шектеулі көзқарас ғылымның,танымның, қоғамдық практиканың, жалпы мадениеттің сондай- ақ филофиялық ой-жүйесінің даму деңгейімен байланысты еді. Жоғарыда атап өткеніміздей, тарихи тұрғыдан материалистік көзқарастармен қатар субстанцияның идеалистік теориялары да пайда болып,қалыптасты. Маселен, «Материя» деген түсінікті ең алғаш Платон пайдаланған болатын. Оның ойынша, материяда нақты форма жоқ,анық емес, ол кеңістікпен парапар, кез келген геометриялық фигураның формасы қабылдай алатын нарсе. Қысқасы, оъективті идеалистердің (Платон Гегель ) тұжырымы бойынша, материалдық дүние дегеніміз-бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән сипаты бар ақылойдың, абсолюттік идеяның нақты көрінісі табуы, іс жүзіне асуы.Аристотельдің пікірінше, материя дегеніміз- барлық заттар құралып, жасалып шығатын материал, ол түр арқылы ғана мәнгі ие болады. Бұл жерде түрі (форма) тегі жағына рухани, идеалдық сипатқа ие бола отырып, белсенді, шешуі рөл атқаратын негізгі болып табылады.
Субъективті идеализмнің заттарды, денелерді түйсіктерімен немесе осы заттар туралы ой-пікірлермен парапар деп санайтын белгілі. Мәселен, Э.Махтың ойынша, дүние элементерден тұрады. Бірақ Мах «элементтерінің» химиялық элементерге ешқандай қатысы жоқ.Оның ұғымында элемент дегендер –қызыл, жасыл, жылы, суық, т.б., сайып келгенде, алуан түрлі түйсіктер, ендеше дүние тйсіктер жиынтығынан тұрады екен. Байқап отырғанымыздай, «элемент» деген сөз тек бүркекме үшін пайдаланған.
Алайда XIX ғасырдың аяғына қарай жаратылыстану ғылымдарының шарықтап дамуы, дниеге диалектикалық материализм тұрғысынан қарайтын дүниетанымның қалыптасуы материя туралы механикалық, метафизикалық және идеалитік дәйексіздігін ашып көрсетуге мүмкіндік туғызды.
XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физика саласында ашылған радиактивтілік құбылысы, рентген сәулесі, электронның нақты өмір сүретінінің дәлелденуі, электро магнит өрісі құбылысының табиғатын тану, арнаулы салыстырмалық теорияның жасалуы сияқты аса маңызды жаңалықтар ескі дүниетанымның іргесін сөгіп, төңкеріс жасағаны мәлім. Бөлінбейтін ең кішкене бөлшек, әлемді ұстап тұрған кірпіш деп келген атомның күрделі құрамы бар болып шықты,оның өзі зариядталған ядро мен оның төңірегінде белгілі энергетикалық деңгейлердегі траекторияларды қозғалыста,тербелесте болатын теріс зариядтағы электрондардан құралады екен. Ядроның құрылымы да өз алдына, бір күрделі әлем, протон, позитрон және нейтринолардың күрделі қатынасымен сипатталды. Үнемі қозғалыста болатын электронның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгереді. Микробөлшектердің табиғи екі жақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік (толқындық) қасиеттері бар. Жарықтың бөлшегі – фотонды тіпті де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең, т.б.Осы уақытқа дейін дүниенің материялдылығын атомның бөлінбеуімен, массаның өзгермеуімен байланыстырып келген дүние таным, шынында да, осы арада тұйыққа тірелді. Францеуздың атақты математигі А. Пуанкаре 1902 жылы былай деп жазды: «Осы кезге дейін бүкіл массаны материя деп келдік бұл міндетті және сенімді түрде қалыптасқан көзқарас еді. Енді, міне, аяқ астынан әлгі масса жоқ болып шықты». Осыдан келіп, ол «материя енді жоқ, ол ғайып болды, тек ой-пікір ғана өмір сүреді»деген сөзге илануға мәжбүр болды. Сондай-ақ көптеген ғалымдар мен философтар материяның заттық түрден өрістік, толқындық түрге айналуын да «материяның ғайып болуы, жоғалуы» деп түсінді.
Мұндай тұйыққа тірелуді өздері пайдасына шебер пайдаланғын, физикалық жаңалықтарға өз тұрғысынан түсінік беруге тырысқан идеалистік ағымның өкілдері де физиканың дағдарысы, дәлірек айтқанда, материяның жоғалуы, ғайып болуы, сонымен бірге материализмнің де күйреуі деп бағалады.
Шынымен, физика ғылымы дағдарысқа ұшырады ма, материалистік дүниетаным күйреді ме, әлде жоғарыда аталған физикадағы төңкеріс жасаған жаңалықтардың басқаша философиялық дүниетанымдық мәні бар ма? Осы сұрақтардың жауабы ғылымның да, философияның да бұдан былай тағдырын анықтайтын еді. Әуелгі мамандығы заңгер екендігіне қарамастан осы «дағдарыстың» күрмеуін шешіп, әлгі сұрақтардың жауабын тапқан материалистік диалектика тәсілдерімен принциптерін бойына сіңіріп, терең игерген орыс философы В. И. Ленин болды.
Ол физикалық айтулы жаңалықтардың философиялық мазмұнына терең талдау жасай отырып, «Материализм және эмпириокритицизм» деген еңбегінде «Материя ғайып болды –бұл материяны білуде осы уақытқа дейін жеткен шегіміз таусылып бітеді, біздің біліміміз тереңдей береді деген сөз –материяның бұрын абсолюттік, өзгермейтін, бастапқы қасиеттері сияқты болып көрініп келген қасиеттері (өткізбейтіндік, инерция масса, т.б.) және қазір материяның тек кейбір қалыптасуларына ғана тән относительді қасиеттер ретінде анықталып отырған қасиеттері ғайып болады деген сөз» деп көрсетті. Яғни ғайып болып жоғалған материя емес, материя туралы бұрын орнығып қалған көзқарас. Физикада ашылған жаңалықтар материя туралы, оның қасиеттері, негізгі өмір сүру формалары жайындағы қатып-семіп қалған ұғымдар мен түсініктерге қайшы келді. «Физикадағы дағдарыс»-метафизикалық ойлау әдісінің өмірдегі диалектикалық процестерге сәйкес келмеуінің туындаған дағдарыс.
Осыған байланысты жоғарыда аталған еңбегінде В.И. Ленин материяның диалектикалық-материалистік анықтамасын берді: «Материя дегеніміз – адамға оның түйсіктері арқылы мәлім болатын, біздің түйсіктерімізде тәуелсіз түрде бар бола отырып, сол түйсіктеріміз арқылы көшірмесі алынатын, суреті түсірілетін, бейнесі жасалатын, объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория» (Шығармаларының толық жинағы. 18-т. 138-б.).
Бұл анықтамада материяның негізгі екі белгісі айқын көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыс тәуелсіз өмір сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі материяның санаға қарағанда бірінші, бастапғы екендігін білдірсе екінші материялдық дүниені танып-білуге болатындығын көрсетеді. Сөйтіп, материяның бұл анықтамасы философияның негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материяның нақты түрлері мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын көрсетеді. Материяның басты қасиеті-санадан тыс объективті нақтылық ретінде өмір сүруі.
Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді; екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншіден, бейнесі жасалатын құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы есебінде санадан тыс өмір сүреді.
Бұл жерде ең бастысы-сана мен материяның екі басқалығы, тепе-тең ұйымдар еместігі, алайда олардың қарама-қарсылығы абсолютті емес.
Материяның бұл түсінігі адамзат ақыл-ойының, ғылымының бүгінге дейін танып-білген объектілерін ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын, танып-білінетін объектілерді де қамтиды. Оның методологиялық мәні, міне, осында. Құрылымсыз субстанция есебінде «таза» өмір сүретін материя жоқ. Ол әрқашанда белгілі ұйымдасқан материялдық жұйе.
Жоғарыдағы келтірілген материя түсінігі дүниенің бір тұтастығы туралы принципті де толық қуаттайды: дүниенің бір тұтастығы оның материялдылығында, көп түрліліктердің бірлігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |