Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет88/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Социометриялық әдіс
-
психологиялық зерттеулердегі үлкен және шағын топ 
мүшелерінің өзара таңдау ситуацияларын тіркеу жолымен топтағы жеке адам 
аралық қатынастардың құрылымын талдау мен сандық өлшеуге бағытталған әдіс 
болып саналады.
Социометрикалық критерий
- респондентке таңдау сапасы ретінде берілетін
нақты мазмұндық ситуация (реалды және болжамды) Социометрикалық
критерийлер сұрақтар түрінде беріледі, оған жауаптар өзара қатынас
құрылымын анықтау үшін негіз болып табылады.
Социометриялық карточка
- ақпарат жинау үшін жасалатын кесте. 
Социометриялық индекс
- топтағы өзара қатынастары сипаттарының сандық
және жеке адам статусын анықтау үшін пайдаланылатын көрсеткіш. Ол
социометриялық сауалнама мәліметтері негізінде есептелінеді.
Социограмма
- социометриялық сауалнама негізінде анықтаған, топ ішіндегі
байланыстың графикалық бейнеленуі.
Сандық мәліметтер
- зерттеу барысындағы нақты өлшеу әдістері арқылы 
алынған барлық сандық көрсеткіштері (зерттелушілердің жасы, тапсырма 
орындауға кеткен уақыт, тест нәтижелері т.б).
Сапалық мәліметтер
- зерттеуге қатыстырылған таңдау тобы не оның мүшесіне 
тән және зерттеу үшін маңызды көрсеткіш саналатын сапалық қасиеттер. Бұл 
мәліметтерді өлшеу әдістері арқылы анықтау мүмкін емес, тек олардың кездесу 
жиілігін сандық бағалап, оның пайыздық көрсеткіштеріне қол жеткізуге болады.
Реттік мәліметтер
- зерттеу барысындағы өлшеу әдістері арқылы анықталған 
мәліметтердің өсу не кему реті бойынша орналастыру мүмкіндігі бар 
көрсеткіштер. 
Лимит (Lim) немесе құлаш
- көрсеткіштер бойынша алынған максималды 
шамадан минималды шаманы алғанда шыққан айырма шама. Оны құлаш деп те 
атайды. 
Lim= Х
max
- Х
min


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет