Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет85/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Шкалалау
 
(ағылшынша Scalіng- өлшеу бірлігін, масштабын анықтау) реалды 
құбылыстарды сандық жүйелер көмегімен үлгілеу әдісі.
Өлшеу шкалалары
(латынша Scala– баспалдақ лестница) зерттеу объектісінің 
белгілерінің жиынын белгілі сандық жүйесін реттеу арқылы тіркеу формасы. 
Ноль өлшемді шкалалау
– бұл нольдік өлшемі және жалғыз мәні бар 
психологиялық шкалаларды құру әдісі. 
Бір өлшемді шкалалау
– бұл берілген психологиялық айнымалылардың барлық 
мәнін құрайтын психологиялық шкалаларды құру әдісі.
Көп өлшемді шкалалау
– тұтас психологиялық кеңістік құрайтын, яғни бірден 
бірнеше психологиялық айнымалыны анықтау үшін пайдаланады.
Графикалық шкалалау
– сыналушы өзінің ой – пікірін графикалық шкалада 
белгілейтін субъективті бағалау процедурасы. 
Бақылау
- зерттелетін объект туралы бастапқы ақпараттарды, оларды тікелей
қабылдау және зерттеу тұрғысынан маңызды болып табылатын барлық
факторларды тіркеу әдісі
Бақылаудың келісім коэффициенті.
Бір мезгілде түрлі бақылаушылар
арқылы алынған мәліметтердің сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш.
Бақылаудың тұрақтылық коэффициенті
- әр кезде алынған мәліметтердің
сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш. 
Бақылаудың сенімділік коэффициенті
- түрлі бақылаушылардың әр түрлі
кезеңдерде алған нәтижелерінің сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш. 
Контент-анализ
- зерттеу мақсаты үшін маңызды саналатын ақпаратты алуға
бағытталған құжаттарды жүйелік талдау әдісі. 
Құжат 
-
хабарларды жеткізуге және сақтауға арналған адам қолынан жасалатын 
деректер көзі. 
Ғылыми есеп
-
жүргізілген зерттеудің нәтижелері жүйелі және бейнелі-көрнекті
формада бейнеленетін жазбаша құжат болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет