Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет86/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Ғылыми фактілер
– бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым 
тілінде, эмпирикалық пайымдаулардың тексерілген фактілер жиыны. 
Ғылыми баяндама
– аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын 
ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын 
баяндайтын ғылыми құжат.
Мәліметтер
– хаттамада тіркелген алғашқы әрі өнделмеген эксперимент 
нәтижелері. 
Реферат 
– зерттеу тақырыбы бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің 
қысқартылып берілген мазмұны. 
Конспектілеу
– зерттеу жұмысының маңызды идеялары мен тұжырымдарына 
байланысты жан– жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар. 
Аннотациялау
– кітап немесе ғылыми мақаланың жалпы мазмұны бойынша 
қысқаша ақпараттық деректеме жазу. 


96 
Рецензия 
(лат. recensio) — талдау, саралау, яғни көпшілік назарына ұсынылған 
жарияланымдарға (кітап, кино, өнер туындысы т.б.), әдеби шығармаларға, 
өнімдерге баға беру. 
Инструментарий
- эксперимент инструменті бақылау әдісінің барлық 
құралдарын: хаттама, күнделік, карточка, анкета т.б. қамтиды. 
Эксперимент
термині
 
латынның 
«experimentum»
(үлгі, тәжірибе) сөзінен шығып, 
ғылыми қалыптасқан тәжірибе ретінде түсіндіріледі. Арнайы жағдайда
құбылыстарды зерттеу, бақылау, және оны қайталау кезінде де тура сондай нәтиже 
алуға бағытталған зерттеу әдісі. 
Психологиялық эксперимент
– зерттелушілердің психикалық ерекшеліктерін 
зерттеуге бағытталып, экспериментатормен ұйымдастырылатын зерттелуші мен 
экспериментатордың ортақ іс-әрекеті. 
Эксперименттік ситуация
- эксперимент өтетін жағдайлар мен шарттардың
жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет