Болтаева ә. М



Pdf көрінісі
бет82/102
Дата27.09.2024
өлшемі2,94 Mb.
#205217
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ кітап

Сипаттау болжамы
- бұл объектілердің жіктелуі (маңызды қасиеттері
бойынша), құрылымдылығы (зерттелетін объектінің жекелеген элементтері


93 
арасындағы байланысы), функционалдығы (өзара әрекеттестік
байланыстарының тығыздығы) туралы болжамдаулар. 
Түсіндіруші болжам
- зерттелетін объекті мен құбылыстардың себеп-
салдарлық тәуелділіктері туралы болжамдар. Бұл болжамдар эксперименттік
тексеруді қажет етеді.
Прогноздық болжам
- зерттелетін объектінің даму заңдылықтары мен
тенденцияларын ашып көрсетуге бағытталған болжам.
Статистикалық болжам
- математикалық статистика түрінде параметрлер
арасында байланысты орнатады.
Нөлдік болжам (Н
0
)
-
бұл өлшеніп отырған екі құбылыстың, параметрлердің
арасында өзарабайланыстың немесе айырмашылықтың жоқтығы туралы
болжам.
Алтьтернативті болжам (Н
1
)
- салыстырылып отырған екі белгінің
арасында өзарабайланыстың немесе жеткілікті айырмашылықтың бар болуы
туралы болжам. Бұл болжамды кейде эксперименттік жұмыс болжамы деп
аталады.
Концептуализация процедурасы
- зерттеудің әлеуметтік тапсырыстан нақты
зерттеу объектісіне ауысуы болып табылады. Концептуализация процедурасы
төмендегі жағдайларды: зерттеу мәселесін, мақсатын, міндетін, объектісін,
таңдау тобын негіздеу, яғни зерттеудің концептуалды сызбасын нақтылауға
мүмкіндік береді.
Танымдық процедура
-
бұл зерттеудің ішкі міндеттерін қою мен осыған
сәйкес бірқатар танымдық нәтижелерді алуға дейінгі аралықты қамтиды. 
 
Объективтендіру процедурасы
- алғашқы эмпирикалық мәліметтерді, яғни, 
жаңа, бастапқы мәліметтерді ғылыми-теоретикалық және қолданбалық
нәтижелерге айналдырудағы кезең. Бұл процедура осы жаңа білімдердің
ғылыми білімдер жүйесіндегі орнын, күнделікті өмірлік тәжірибеде пайдалану
тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет